Салық режимдері: Жалпыға бірдей салық режимі


Тіркелген шегерім арнаулы салық режимі



бет2/3
Дата23.10.2023
өлшемі69,95 Kb.
#187667
1   2   3
Байланысты:
Салық режимдері!

Тіркелген шегерім арнаулы салық режимі:
Бұл 2018жылы енгізілген. Жалпыға бірдей режимге ұқсайды. Айырмашылығы бұл жерде құжатпен расталмаған шығынды шығарып тастауға мүмкіндік бар. 30пайыз шығынды шығарып тастауға мүмкіндік бар. 30пайыз шығыныңыз расталмаған болуға рұқсат бар. Ешкімге ештеңе демейсіз, шығарып тастайсыз. Расталған мен расталмаған шығын 70пайыздан аспау керек.
Яғни, сіз 70пайыз ақшаны шығын деп шығарып тастай аласыз. Ал, жалпыға бірдей режимде 100пайыз шығын қылып шығарып тастасаңыз болады. Мысалы: пандемия кезінде 100пайыз шығын қылып шығарып тастады. Мүлдем табыс салығын төлеген жоқ. Ал мына режимде олай жасауға болмайды. 30пайызға салық төлейді.
Кім қолдануға құқылы?

  1. Жұмысшы саны 50 адамға дейін болу керек;

  2. Табыс мөлшері жылына 144184АЕК аспайтын, яғни 2023ж 497 434 800тг.

  3. Әр түрлі елді мекендерде салық салу объектілері жоқ;

  4. Салық кодексінің 683бабы 2-тармағы 3-тармақшасында көрсетілген кәсіп түрімен айналыспайтындар.



Басты ерекшелігі:
Құжатпен расталмаған шығынды шегеру мүмкіндігі;
Расталмаған шығын жалпы табыстың 30пайызынан аспау керек;
Расталған шығын мен расталмаған шығын 70пайыздан аспау керек.


Қандай салық төлейді?
ИП таза табыстан 10пайыз табыс салығын төлейді.


Қандай салық есептілігін тапсырады?
Әр тоқсан сайынғы әлеуметтік төлемдер бойынша 200 форма салық есептілігін жүргізеді. Келер жылдың наурыз айына дейін өткен жылдың 912форма салық есептілігін тапсырады.


Арнаулы мобильді қосымша пайдаланатын АСР:

Е-салық бизнес жаңа мобильді қосымша бар, сонда енгізілген. Сол мобильді қосымша арқылы тіркеледі. Ол жақта арнайы кассовый аппараттары бар. Чек шығарып береді. Сол жерден табыстардың регистрін шығарады және өз отчетын тапсырады. Өте ыңғайлы.


Табыс салығы 1пайыз.
Бөлек касса тіркеудің қажеті жоқ.
Чекте, салық есептілігіде сол арнайы мобильді қосымшада жасалады.

  • Саудамен айналысуға болмайды.

  • Жұмысшы күшін пайдалануға болмайды.

Пайдалануға болатын кәсіп түрлері шектеулі. Тура патент режиміндегідей. Патентке қандай қызмет түрімен айналысуға рұқсат берсе бұғанда сондай қызмет түрімен айналысуға рұқсат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет