Салық режимдері:
Жалпыға бірдей салық режимі.
Арнайы салық режимдері:
Патент негіздегі салық режимі;
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі (упрощенка);
Тіркелген шегерім негізінде арнаулы салық режимі;
Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимі;
Жалпыға бірдей салық режимі:
Табыс салығы таза табыстан 10пайыз. Жалпы айналым шығынды алып тастағанда таза табыс. Каспий пэй, редке, банктік шотқа түскен ақшалар жалпы айналым болып табылады. Офис жалдау, жұмысшылардың айлығы, реклама беру, товар алу барлығы жалпы айналым болып табылады.
Осылардың барлығына расталған құжат болу керек. Осылардың барлығын алып тасталған кезде таза табыс болады. Яғни, шығындарды шығарыптастағаннан қалған таза табыстан 10пайыз салық төлейді.
Екі түрлі салық есептілігі болады жалпыға бірдей салық режимінде:
-Тоқсан сайын 200 форма есеп тапсырылады (ай сайын пенсионка, соц.отчисление, мед страховка және жұмысшылар бар болса табыс салығын төлейді);
-Жылына бір рет 220 форма тапсырады;
Патент негізіндегі салық режимі:
Табыс салығы бойынша 1пайыз төленеді. 911 салық есептілігін тапсырады. Ол бізде алдын-ала тапсырылатын есеп. Яғни, сіз қаңтар айының есептелігін, желтоқсан айында тапсырып қою қажет. Бір жыл ішінде 3528АЕК аспауы керек. Асып кеткен жағдайда
ИП режимін ауыстыру қажет. Жұмысшы алуға болмайды.
Патент режимін пайдалануға болатын қызмет түрлері шектеулі.
Оңайлатылған режим (упрощенка):
3пайыз салық, осының ішінен:
-1,5 пайыз табыс салығы;
-1,5 пайыз әлеуметтік салық;
Жалпы айналымнан төленеді. Жарты жылда 1 рет 910 форма салық есептілігін тапсырады.
1жарты жылдық үшін (қаңтар-маусым) 1-ші шілдеден
15 тамызға дейін, 2жарты жылдық үшін (шілде-желтоқсан) 1-ші қаңтардан 15-ші ақпанға дейін тапсырылуы керек.
Жарты жылдағы айналым 24038АЕК аспау керек. Яғни, 2023ж 82 931 100тг аспау керек. Жұмысшы саны 30 болу керек, яғни ИП иесін қосқанда. Одан жоғары жұмысшы ала алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |