Тіркелген шегерімді қолданғандағы АСР баламалы болып табылады және па- тент немесе оңайлатылған декларация негізінде АСР қолдану кезінде ескерілмей- тін шығындары бар ЖК келеді.
Бұл режим жалпыға белгіленген режиммен ұқсас, алайда өзгешеліктері де бар
құжаттамалық растаусыз белгіленген шегерім, табыс сомасы бойынша және жұ- мыскерлер санын шектеу.
Яғни ЖК, салық салынатын табысты анықтауда шегерімге қатысты шығындар сомасына табыстың 30 пайызынан аспайтын мөлшердегі тіркелген шегерім сома- сын енгізуге құқылы. Бұл мынандай жағдайларда түзетуге жатады:
тауарды толық немесе ішінара қайтару;
келісім шартын өзгерту;
сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар мен көр- сетілген қызметтер үшін бағаларды, компенсацияларды өзгерту;
бағалардан шегерімдер, сатудан шегерімдер;
шарт талаптарына сәйкес, сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орын- далған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютада төлемге жата- тын соманы өзгерту;
ЖК-дан талаптарды алып тастау.
Бұл ретте, шегерімге қатысты шығындар сомасы, белгіленген шегерімді қосқан- да, түзетулерді қоса есептегендегі табыс сомасының 70%-ынан аспауы керек.
ТШ қолдану мақсатында шегерімге мына шығындар түрлері жатады:
тауарларды сатып алуға кететін;
Салық кодексінің 257-бабына сәйкес шегерімге жататын, қызметкерлердің есептелген табысы және жеке тұлғаларға басқа да төлемдер бойынша;
Салық кодексінің 263-бабына сәйкес шегерімге жататын, салықтар мен бюд- жетке төлемдер төлеу;
Салық кодексінің 244-бабына сәйкес шегерімге жататын қызметтік іссапар кезіндегі компенсация сомасы.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шегерімге жататын шығындар белгіленген нормадан ас- пауы керек, яғни 30%.
Бұдан басқа, егер осындай шығындар табыс алуға бағытталған қызметпен бай- ланысты екенін растайтын құжаттары бар болса, шегерімдерді салық төлеушілер жүргізед
Бірыңғай жер салығы мен жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем төленеді: 1 қаңтардан бастап 1 қазанға дейін – осы жылдың 10 қара- шасына дейін есептелген сомалар; 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейін – ке- лесі жылдың 10 сәуіріне дейін есептелген сомалар. Өзге салықтар мен әлеуметтік аударымдар жалпыға белгіленген режимде төленеді (ҚР СК 705-бап 2-тармақ).
Салық кезеңі күнтізбелік жылды құрайды. Салық төлеушілер «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация» 920.00 нысанында есепті салықтық кезеңнен кейінгі 31 наурыздан кешіктірілмей ұсынады.