Салық режимдерінің ерекшеліктері


Міндетті зейнетақы жарналары



бет9/10
Дата18.11.2022
өлшемі283,04 Kb.
#158772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция 11 ;жалгасы касипкер жане бизнес

Міндетті зейнетақы жарналары


Есептеу объетісі болып:
Жалдамалы қызметкерлер еңбегін пайдаланатын жеке кәсіпкерлер үшін, мін- детті зейнетақы жарналарын есептеу үшін ай сайынғы табыс 75 еселенген АЕК-ден аспауы керек (2018 жылға – 2 121 300 теңге);
ЖК өзі үшін – алынған кіріс, яғни өздерінің пайдасына МЗЖ-ны есептеу үшін өздері анықтайтын сома. Зейнетақы аударымдары ай сайын есептеледі және төле- неді.
Қызметкерлер үшін МЗЖ қызметкердің ай сайынғы кірісінің 10% мөлшерінде есептеледі. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін қабылданған ай сайынғы кіріс осы жыл- дағы 75 еселенген АЕК-тен аспауы керек.

Әлеуметтік аударымдар бойынша


Әлеуметтік аударымдар ай сайын есептеледі және аударылады.
ЖК мен жалдамалы жұмыскерге арналған әлеуметтік аударымдар ӘА есептеу үшін көрсетілген табыстың 3,5% құрайды.
ЖК үшін әлеуметтік аударымдарды оның пайдасына есептеу объектісі ретінде алынатын табыс болып табылады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаның алынатын табысы бойынша оның пайда- сына есептелуі мақсатында өзі анықтаған сомасы танылады. Сонымен қатар әлеу- меттік аударымдарды 10 еселік ЕАЖ-дан аспайтын мөлшерде ай сайынғы кіріс алынады.
Жалдамалы жұмыскерлерге әлеуметтік аударымдарды есептеудің объектісі орындалған жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге табыс түрінде жұмыскерлерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары болып табылады. Әлеуметтік аударымдар- ды есептеу үшін ай сайынғы кіріс 10 еселік ЕАЖ-дан аспайтын мөлшерде қабыл- данады.
Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген, күнтізбелік ай үшін әлеуметтік ауда- рымдарды есептеу объектісі ең төменгі жалақыдан аз болған жағдайда әлеуметтік аударымдар ЕТЖМ негізінде есептеледі және төленеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша


МӘМС есептеудің объектісі жұмыс берушінің жұмыскерге табыс түрінде төлен- ген шығыстары болып табылады.
ЖК жалдамалы жұмыскер үшін ай сайын МӘМС-ті жұмыскер кірісінің 1,5% мөлшерінде есептейді және төлейді.
ЖК 220.00 нысаны бойынша декларацияны салық органына жылдың 31 нау- рызынан кешіктірмей орналасқан жерінде береді, ал ЖК табысы бар ЖТС 10 сәуір- ден кешіктірмей төленеді.
Жұмыскерлердің табысынан оның пайдасына ұсталатын ЖТС, әлеуметтік са- лық, МЗЖ, әлеуметтік аударымдар, МӘМС және жалдамалы жұмыскерлер үшін ЖК

    1. түріндегі декларацияда көрсетеді, ол салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей беріледі, ал төлем табыс табысталған ай аяқталғаннан кейін 25 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Осылай, егер жалдамалы жұмыскерлерге 2018 жылдың маусым айындағы та- бысы маусым айының соңғы күнінде төленсе, онда декларация 200.00 түріндегі декларация 15 тамыздан кешіктірмей салық органына жіберілу тиіс, ал жұмыс- керлерге ЖТС, өзіне және жұмыскерлерге әлеуметтік салықты 25-інші шілдеден кешіктірмей төлеу. Яғни декларация тоқсан сайын беріледі. Ал жұмыскерлерге ЖТС, ЖК мен жұмыскерлерге әлеуметтік салықты төлеу ай сайын жүргізіледі.
МЗЖ төлеуге келсек, онда ұсталған (есептелген) МЗЖ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады:

      1. Қызметкерлерге төленетін кіріс ақысы – табыс төлеу айынан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

      2. ЖК оның пайдасына есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төле- неді.

Жеке кәсіпкер әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлейді.
МӘМС міндетті медициналық сақтандыру қорына ЖК-мен есеп беру айынан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді.
Сонымен қатар, салық салудың жалпы бекітілген режимі бойынша жұмыс істей- тін ЖК бухгалтерлік есепті, салықтық есепке алу тіркелімдерін жүргізуге және са- лықтық есепке алу саясатына ие болу міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет