2008 жылдың 10 желтоқсанынан №100-IY Салық кодексінің қабылдануы қазақстандық салықтық заңнаманың дамуының жаңа сатысы болды. Оның жағдайы жеткілікті деңгейде жүрзіліп отырған салықтық саясаттың (мемлекет пен салық төлеушінің мүдделерін үйлесімді үйлестіретін салық жүйесін құру) негізгі мақсатын іске асыруға мүмкіндік береді.
Жаңа Салық кодексінің дайындаудың тым қысқа мерзімдеріне қарамастан, ол Қазақстанның салық жүйесін әлемдік тәжірибеге елеулі жақындастырады, өзінде үлкен инвестициялық әлеуеті болады, салықтық әкімшіліктің ашық жүйесін құруға мүмкіндік береді деп сеніммен айтуға болады.
Салық саясаты
Жаңа Салық кодексі салық ауыртпалығын төмендету мақсатымен корпоративті табыс салығының қойылымының төмендеуін қарастырды: 2009 жылдың 1 қаңтарынан -30% дан 20% дейін.
Жаңа салық кодексі шағын және орта бизнес үшін корпоративті табыс салығы бойынша аванстық төлемді есептеу және төлеу бойынша міндеттерді жоюды қарастырды.
2009 жылдан қосылған құн салығының қойылымы 12 пайызға тең. Бұл қазақстандық ҚҚС қойылымын әлемдегі осы салықтың стандартты қойылымы арасында ең төменгілердің бірі етіп жасады.
Салық саясаты
ҚР «Инвестициялар туралы» 08.01.2003 жылғы заңына сай инвестициялық бағдарлама жүргізушілердің ҚР заңды тұлғаларына инвестициялық преференциялар жүргізу қарасстырылған.
Өкілетті органмен келісімшарт жасасу арқылы келесідей инвестициялық преференцияларға ие болуға болады:
Инвестициялық салық жеңілдіктері;
Шекаралық алымдардан босату;
Мемлекеттік натурлы гранттар.
Инвестициялық жеңілдіктер басымды қызмет түрлеріне беріледі, олардың толық тізілімі ҚР Үкіметінің 08.05.2003 ж. №436 Қаулысымен бекітілген.
Салық саясаты
Инвестицияларға салықтық жеңілдіктер – бұл қайта құрылған салық төлеушілердің өз қызметін тек қана инвестициялық жоба аясында жаңа өндірістерді ашуға байланысты корпоративтік табыс салығынан босату немесе салық төлеуші – заңды тұлғалардың жалпы жиынтық табысынан басқа да қосымша шегерімдер жасауға құқық беру; инвестициялық проектіні іске асырудың мақсаты – қызмет етуші өндірістерді жаңарту немесе жетілдіруге бағытталуы, мұндай салық төлеушілерді салықтан босату жаңадан енгізілген инвестициялық жоба аясында бекітілген активтерді эксплуатациялауға, сонымен қатар жер учаскелері бойынша жер салығынан босату инвестициялық проектіні жүзеге асыру барысында қолданылады.