ҚБ:Топтар бір-бірін шаблон арқылы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды.
ІІ топқа: «Жиындардың бірігуін табу» Дүкеннен 16-ы адам сүт, 14-і айран сатып алды. Олардың 6-ы сүт те, айран да сатып алды. Қанша адам дүкеннен сауда жасады?
Сүт сатып алған адамдар – 16
Айран сатып алған адамдар – 14 ?
Сүт те, айран да сатып алушылар -6
Шешуі: 16 – 6 =10
14 – 6 = 8
10 + 6 + 8 = 24
Жауабы: дүкеннен 24 адам сауда жасады
Дескриптор:білім алушы
сүт сатып алатын адамдар санын табады;
айран сатып алатын адамдар санын табады;
сауда жасаған барлық адамдар санын табады.
ҚБ: Топтар бір-бірін шаблон арқылы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды.
ІІІ топқа: «Жиындардың қиылысуын табу» Топта 20 турист бар. Олардың 13-і ағылшын тілін біледі, 12-і неміс тілін біледі. Топтағы неше турист ағылшын тілін де, неміс тілін де біледі?
Ағылшын тілін біледі – 13
Неміс тілін біледі – 12 20
Екі тілді білетін турист саны -?
Шешуі: 13 +12 = 25
25 – 20 = 5
Жауабы: 5 турист
Дескриптор:білім алушы
ағылшын тілін және неміс тілін білетіндер санын табады;
нәтижесінен 20-ны азайтады.
ҚБ: Топтар бір-бірін шаблон арқылы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды.
ІV топқа: «Жиындардың бірігуін табу» Топтағы оқушылардың 7-уі мәтін есептерді, ал 9-ы амалдарды орындауға берілген есептерді шығарады. Ал 4 оқушы олардың екеуін де шығарады. Топта барлығы неше оқушы бар?
Мәтін есептерді шығаратындар – 7
Амалдарды орындайтындар – 9 ?
Екеуін де шығара алатындар - 4
Шешуі: 7 – 4 =3
9 – 4 = 5
3 + 5 + 4 = 12
Жауабы: топта 12 оқушы бар
Дескриптор:білім алушы
мәтін есептерді шығара алатындар санын табады;
алгебралық амалдарды орындай алатындар санын табады;