Салқынбай А., Абақан Е. с



Pdf көрінісі
бет246/336
Дата14.12.2021
өлшемі13,56 Mb.
#126888
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   336
Байланысты:
Салқынбай линг. Түсіндірме сөздік
50 әдістер, МОРФОЛОГИЯ
ПЫСЫҚТАУЫШ 
-   сөйлем 
немесе сөз тіркесі қүрамындағы 
тәуелді  синтаксистік  позиция.
Осы  позицияда  тұратын  белгі- 
леуші мағынасы бар сөзтұлға. П.- 
іс-ә реке тті  сипаттайды  және 
актив не пассив белгінің сапалық 
не  сандық жағын  анықтайды.  П. 
үстеу,  еліктеуіш  сөз,  көсемше, 
зат  есім,  қимыл  есім  арқылы 
беріледі.  П.  жеке  сөзге  (етістік, 
сын есім, үстеу) не тұтас сөйлем- 
ге  қатысты  болады.  Мағыналық 
жағынан П.-тың мынадай түрлері 
бар:  м екен,  м е згіл ,  себ еп, 
мақсат,  қимыл  сын,  амал.
РАИ  КАТЕГОРИЯСЫ -қимыл- 
қозғалыстың шындыққа қатысын 
білдіретін  е тіс тік  тұлғалары . 
Етістікгің Р.к. іс-әрекет иесінің не 
сөйлеушінің  ақиқатқа  қатысын 
б іл д ір іп,  түр л і  мағыналарды 
аңғартад ы .  Е тіс тік  түл ғасы  
қимылдың  орындалуын  нақты
ашып,  айқын білдірсе-ашық рай, 
аны қ  ем ес,  неғайбы л д ы қты  
білдірсе-неғайбыл  рай  делінеді. 
Неғайбыл рай: бұйрықрай, қалау 
рай,ш артты  рай  болып  үш ке 
бөлінеді.  Бүйрық  райдың  мағы- 
насы  -   бүйрық,  өтініш,  кеңес, 
талапты  білдіру. Жіктік жалғауы- 
ның  I  жағы,  II  жағы,  III  жағында 
қолданы лады .  М ы с.:  «Мен 
жазайын,  сен  жаз,  ол  жазсын». 
Қалау рай -  сөйлеушінің ықылас-


РЕД-РЕК
тілегін білдіреді. Тұлғалары: -қы, 
-ғы,  -гі,  -id, -ғай,  -гей,  -қай,  -кей, 
-игі еді, -ар, -ер, -р есімшелеріне 
-ма,  -ме,  сұраулық шылауы  мен 
«еді»  сөзі  тіркесуі  арқылы  да 
қалау  мағынасы  туады.  Шартты 
рай  қимыл-әрекеттің  орындалу, 
орындалмау  шартын  білдіреді. 
Шартты рай: -са,  -се, тұлғалары- 
ның жалғануы арқылы жасалады.
Аш ық  рай  қ и м ы л -ә р е к е т т ің  
оры ндалу  не  оры ндалм ауы  
туралы  объективті  шындықты 
аңғартатын  етістіктің  формасы. 
Ашық  рай  қимыл  әрекеттің  осы 
шақ, өткен шақ, келер шақ түлға- 
ларындатүрады.  «Рай» терминін 
А.Байтұрсынов енгізген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   336




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет