Салыстырмалы кесте жасау «Романо-германдық және ағылшын-саксондық жүйе»



бет13/29
Дата05.03.2022
өлшемі209,23 Kb.
#134402
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
680552574415 Тапсырмалар 1-15 АҚ Жалпы бөлімі

Келген дауды шешуде заттардың қандай жіктелуі ескерілуі керек және егер бұл іс сотқа жіберілсе, бұл мүлікті қалай бөлу керек?
№ 3. Ерлі-зайыптылардың арасында некені бұзуына байланысты Корнилов бірлескен сатып алынған мүлікті бөлу туралы дау туды. Андрей Корнилов жиһаздар, үстелдер мен шай жиынтықтары, көркем кітапхана және басқа да мүліктерден тұратын барлық мүліктің олардың құндылықтарына байланысты бірдей бөлінуін талап етті. Елена Корнилова мұндай мүліктерді айтқандай етіп бөлуге қарсылық білдіріп, заттардың құнсыздануы орын алатытн айтты, және Корниловқа жиһаз жинағын алуын, ал үстел мен шәй жиынтықтарын өзіне қалдыруды ұсынды. Кітаптарға келетін болсақ, ол оларды авторлардың шығармалар жинақтарына қарай бөлуге келісті. Сонымен бірге ол А.С. Пушкиннің шығармаларының толық жинағынан, оның ішінде жарияланған хаттарын беруді сұрады. Келген дауды шешуде заттардың қандай жіктелуі ескерілуі керек және егер бұл іс сотқа жіберілсе, бұл мүлікті қалай бөлу керек?


№ 4. Невский даңғылындағы өз суреттерін сатып отырған суретшілерден сатып алушылардың бірі Неваның көпірінің суретін таңдады. Суретті буып-түю кезінде суретші сатып алушыға суреттің жалғыз көшірмесін бергенін және бейнеленген суреттері үшін сатып алушының пәтеріне келу керектігін ескертті. Сатып алушы суретшінің талаптарының заңдылығына күмән келтірді, себебі ол суреттің иесіне айналады және суретші суретке барлық құқықтарын жоғалтады.
Құқықтық кеңес алу үшін сатушыға және сатып алушыға қандай түсініктеме берілуге тиіс? Азаматтық құқықтың материалдық және материалдық емес объектілері арасындағы айырмашылық қандай? Азаматтық құқықтар объектілері ретінде зияткерлік қызметтің нәтижесі қандай?


Ұсынылатын қайнар көздері:
1. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз. ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз // http://adilet.zan.kz/.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесімен 1994 ж. 27 желтоқсанда қабылданған // http://adilet.zan.kz/.
3 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 2015 ж. 29 қазандағы № 375-V // http://adilet.zan.kz/.
4. Сулейменов М.К. Избранные труды по частному праву (2011-2016). Т. 1 / М.К. Сулейменов. Гражданское право. – Алматы, 2016. (стр.126-162).
5. Гражданское право Республики Казахстан: опыт теоретического исследования. Том 1 / М.К. Сулейменов. Часть первая. Историческая. – Алматы 2016. – 400 с.
6. Гражданское право Республики Казахстан: опыт теоретического исследования. Том 2 / М.К. Сулейменов. Часть вторая. Теоретическая. Раздел 1. Общие проблемы гражданского права. – Алматы 2016. – 576 с.
7. Рамазанова А.С. Азаматтық құқық (Жалпы бөлім): оқу құралы. – Өскемен: C. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2016. – 130 б.
8. Сулейменов М.К. Гражданское право РК: опыт теоретического исследования. Том 3. Часть 2. Теоретическая. Раздел 2. Гражданское правоотношение. – Алматы, 2016. (стр. 141-206).


Тақырып 6. Мәмілелер
1 тапсырма Жарамсыз мәмілелер кестесін жасаңыз.
2 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!


Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
№ 1. Азаматша Анисова мен оның бұрынғы күйеуi өздерiнiң арасында жасасқан келiсiмдi куәландыру үшiн нотариусқа ба-рады. Ол келiсiм бойынша ажырасқан ерлi-зайыптылар кiшкентай балаларын асырау жөнiнде бiр-бiрiне қандай да бiр талап қоюдан өзара бас тартады‚ күйеуi ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлуге дәметпейдi‚ ал әйелi балалар кәмелетке жеткенше жаңа некеге тұрмауды мiндет етiп алады.
Нотариус бұл мәмiленi куәландырудан бас тартады? Дұрыс па?


№ 2. Институтта ұзақ уақыт ғылыми аға қызметкер болып iстеген Васильев‚ өмiр бойы жинаған арнайы әдебиет кiтапханасын институтқа сыйлайды. Өз сыйлығы туралы ол Институттың Ғылыми кеңесiнде және де институттық көп тиражды басылымында жария етедi. Кiтаптардың көп болуынан және оларды бiрден тасымалдаудың қиынға соғуынан Васильев оларды кiшкене партиялармен тасымалдайды. Барлық кiтаптарды көшiрiп үлгермей‚ Васильев қайтыс болады. Заң бойынша жалғыз мұрагерi болып табылатын оның ұлы институт директорының қалған кiтаптарды берудi сұрағанына жауап ретiнде оның әкесi мен институт арасындағы шарт тиiстi түрде жасалмағанына сiлтей отырып‚ әкесiнiң бұрынырақ берген кiтаптарының бәрiн қайтару талабын қояды. Осы дау қарастырылып жатқан сотта институт кiтапхана-шысы қол қойған және институт директоры бекiткен Васильевтiң сыйға тартқан кiтаптарын балансқа қабылдау актiсiн ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет