Байланысты: 680552574415 Тапсырмалар 1-15 АҚ Жалпы бөлімі
Iстiшешiңiздер.
№ 2. Ағайынды‚ Петр мен Андрей, мұра бойынша тұрғын үй алады. Ағайындылар арасындағы келiсiм бойынша Петр жанұясымен бiрге оңтүстiк жаққа қарайтын үш бөлменi пайдаланады‚ ал әлi некеге тұрмаған Андрей, терезелерi солтүстiкке қараған екi бөлменi алады. Үйдiң ас бөлмесi ортақ болады. Андрей, Солтүстiкке кетпекшi болады да‚ өзiне бөлiнген үйдiң бөлiгiн сатып алатын адамды табады. Алайда‚ Петр үйдiң бiр бөлiгiн бөтен адамға сатуға рұқсат етпейтiнiн мәлiмдейдi. Бұнда ол ағайындылар арасында үйдi пайдалану тәртiбi жөнiнде тек ауызша келiсiм болғанын және үйдi түпкiлiктi қайта жоспарлаусыз қазiргi күйiнде мүлдем бөлуге болмайтынын айтады. Сонымен қатар‚ Андрейге тиiстi үйдiң бөлiгiн сатып алудан Петр бас тартады‚ өйткенi ол үшiн қаржысы жоқ болады‚ ал үш бөлме оған және жанұясына тiптi жетiп тұр. Нотариус сауда-саттық шартты куәландырудан бас тартады да‚ ағайындыларға дауды шешу үшiн сотқа баруды ұсынады.