Салыстырмалы кесте жасау «Романо-германдық және ағылшын-саксондық жүйе»



бет25/29
Дата05.03.2022
өлшемі209,23 Kb.
#134402
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
680552574415 Тапсырмалар 1-15 АҚ Жалпы бөлімі

Тақырып 10. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау.
1 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!


Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).
№ 1. Дегтярев көп жылдар бойы скрипкада ойнаумен айналысатын. Ұзақ жұмыс сапарына кетiп бара жатып‚ ол өзiнiң досы Астафьевқа скрипканы сақтауға қалдырып кетедi‚ скрипка ұрланады.
Ақырында Дегтярев скрипканы кездейсоқ жағдайда таныс әуеншiден байқап қалады‚ ол скрипканы бейтаныс азаматтан сатып алған болатын. Скрипканы сатып алушы оны Дегтяревқа қайтарудан бас тартады. Сонда Дегтярев оған скрипканы қайтару жөнiнде талап арызын бередi. Жауапкер талапты мойындамайды‚ ол өз алдына Дегтяревтың скрипка иесi болмағанын мәлiмдейдi. Революцияға дейiн скрипка шет елге қоныс аударған дәулеттi меценаттың иелiгiнде болған. Оның бүкiл мүлiгi тоналады. Скрипканы иеленудiң заңды екенiн Дегтярев дәлелдеп бермейiнше‚ ол оған қайтарылмайды. Скрипканың мұражайлық құндылығы барын ескере отырып‚ скрипканың құны өтелген жағдайда жауапкер оны мемлекеттiк скрипка қорына өткiзуге келiсiмiн бередi. Iстi шешiңдер.

№ 2. Кирпичников мұрагерлiк бойынша күрделi жөндеудi қажет ететiн тұрғын үйге ие болады. Кирпичников күрделi жөндеу жүргiзiп‚ үйдi қайта жобалайды да оған екi үй алды бастырмасын жалғап салады (жазғы және қысқы)‚ үйге бумен жылытуды орнатады.


Жұмыстар аяқталған соң көп ұзамай Морозов Кирпичниковке үйге меншiк құқығын тану және оны үйден шығару талабын қояды. Өз талабына дәлел ретiнде Морозов өз кезiнде қылмысты iске заңсыз тартылғанын және мүлiгi‚ соның iшiнде үйi де тәркеленiп сотталғанын көрсетедi. Оның жоқ болған кезеңiнде билiгiне үй берiлген жергiлiктi басқару органы оны Кирпичниковтің әкесiне сатып жiбередi. Қазiргi уақытта Морозов толығымен ақталып шығады және үйге қоныстануды қалайды.
Кирпичников талапқа қарсы болады. Ол бала кезiнен осы үйде тұрып жатқанын‚ үйдi мұра бойынша алғанын‚ оның жөнделуi мен жабдықталуына өзiнiң барлық қаражатын жұмсағанын және басқа тұратын орны жоғын сотқа түсiндiрiп айтады. Морозовқа қатысты‚ оның ақталған адам ретiнде мемлекеттен пәтер алғандығын‚ ал үйдiң оған керегi жоқтығын айтады. Пәтердi Морозов жекешелендiрiп алған. Тараптар дәйектерiн талдап‚ iстi шешiңiз
№ 3. Ерлi-зайыпты Васильевтар некеде тұрған кезiнде автокөлiк сатып алады. Васильева некенi бұзу және жалпы мүлiктi‚ оның iшiнде автокөлiктi бөлiсу жөнiнде Васильевқа талап қояды. Содан соң талапкер талапты қамтамасыз ету үшiн сот тәртiбiмен автокөлiктi босқа тұлғаларға сатуға тиым салдырады. Алайда талапты қамтамасыз ету жөнiндегi сот ұйғарымы орындалмайды‚ өйткенi Васильевамен келiсiмi бойынша автокөлiктiң Васильевта болуын пайдаланып‚ ол оны Андреевқа сатып үлгередi.
Содан барып Васильева Васильев пен Андреевтың сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану жөнiнде және Андреевтан көлiктi ерiксiз алу туралы талап қояды. Талабына негiз етiп ол автокөлiктiң ортақ бiрлескен меншiк құқығы бойынша оның және жауапкер Васильевтің иелiгiнде екенiн‚ сондықтан да соңғысы көлiктi оның келiсiмiнсiз сата алмайтынын айтады.
Андреев талапқа келесi негiздер бойынша қарсы болады: бiрiншiден‚ автокөлiктi сатып аларда ол оның меншiк иесi тек Васильев деп ойлайды‚ екiншiден‚ көлiкке ие болу кезiнде оны жөндеуге шығындар кетедi‚ сол шығындар көлiктi ерiксiз алған жағдайда қалай да болмасын өтелуi тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет