Салыстырмалы кесте


-тарау. Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын толтыру тәртібі



бет3/10
Дата13.12.2021
өлшемі104,78 Kb.
#99989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
! 07
ҚОӘБ.ЭкоКодекстен, 1 ВАРИАНТ.ТестыОВОС.2020-21, ОШ СОр Әдебиет 7-сынып, Силлабус Саясаттану 1 курс 2020-2021 курс
2-тарау. Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын
толтыру тәртібі

      5. 3-бағаннан бастап 19-баған бойынша толтырылатын нысанның әр жолдарында қалдықтар туралы деректер, олар болмаған жағдайда – сызық көрсетіледі. Қалдықтың әр түріне бөлек жол бөлінеді.

      Қалдықтар туралы деректер есепте осы қалдықтың жалпы салмағы бойынша тоннамен (данамен көрсетілетін 11, 38, 39, 40, 53, 54-тармақтарынан басқа) үтірден кейін үш белгімен (барлық ілеспе қосымшалармен бірге) көрсетіледі.

      Бұдан әрі пайдалануға болатын, дайын өнім болып саналатын, сондай-ақ өндіріс технологиясы бойынша дайын өнім алу мақсатына арналған жартылай фабрикаттар болып табылатын зиянды заттар (өнімдер, қоспалар) есепке алуға жатпайды. Статистикалық есептіліктің басқа нысандарында көрсетілетін ағын сумен су объектілеріне және атмосфералық ауаға тарайтын зиянды заттар, тұрмыстық (коммуналдық) қатты қалдықтар есепке алынбайды. Сонымен бірге есептерде тиісті ғимараттар мен қондырғыларда ұшқан газдар мен ағын суды тазалау процесінде ұсталған (алынған) зиянды заттардың пайда болуы, залалсыздандырылуы, орналастырылуы, т.с.с. өз көрсетілуі тиіс.

      Кәсіпорында пайда болған, басқа кәсіпорындардан келіп түскен радиоактивті қалдықтар (46 – 55-жолдар), оларды пайдалану, залалсыздандыру, орналастыру және жөю да есепке алынуға жатады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген шамалардан асқан мөлшерде радиоактивті заттары бар және сол өндірісте не баска жерде бұдан былай тіпті тәжірибелік зерттеулерде де пайдалануға болмайтын ерітінділер, бұйымдар, материалдар, биологиялық объектілер, сондай-ақ бұдан былай қолданылмайтын пайдаланылып болған ионандырушы сәулелену көздері радиоактивті қалдықтар есебінде есепке алынады.

      Агрегаттық (физикалық) жағдайына қарай радиоактивті қалдықтар сұйық және қатты болып бөлінеді. Сұйық радиоактивті қалдықтардың ішінде бейорганикалық заттардың ерітінділері, фильтрлік материалдардың пульттері, органикалық сұйықтықтар (майлар, еріткіштер және т.б.) есепке алуға жатады. Қатты радиоактивті заттардың ішінде бұйымдар, материалдар, биологиялық объектілер, пайдаланылып болған ионандырушы сәулелену көздері есепке алуға жатады.

      Егер қалдықтардың құрамына әр түрлі қауіпті қалдықтар деңгейлеріне (түрлеріне) жататын екі немесе одан да көп қауіпті компоненттер енсе, онда қалдықтың осы типін тиісті деңгейге (түрге) жатқызу ең жоғары қауіптілік деңгейі бар компонент бойынша жүргізіледі. Олардың қауіптілігі бірдей болған жағдайда қалдық түрінің атауында көрсетілген компоненттің басым мөлшері бойынша жатқызылады.

      3-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есептік жыл ішінде жиналған қалдықтардың жалпы саны көрсетіледі.

      4-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есептік жылы пайда болған қалдықтардың мөлшері (басқа тұлғалардан келіп түскен қалдықтар есепке алынбайды) көрсетіледі.

      5-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есеп беретін, өңдеу, залалсыздандыру, орналастыру және басқа мақсаттар үшін басқа тұлғалардан келіп түскен және дайын өнім немесе жартылай фабрикат емес барлық қалдықтардың саны көрсетіледі.

      6-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша пайдалану, залалсыздандыру немесе орналастыру мақсатында басқа елдерден импорт бойынша келіп түскен қалдықтардың саны көрсетіледі.

      7-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есеп беретін қандай да бір өнім алу үшін өңделген, қайта пайдаланылған қалдықтардың саны көрсетіледі.

      8-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есеп беретін импортталған қалдықтар көлемінен қандай да бір өнім алу үшін өңделген, қайта пайдаланылған қалдықтардың саны көрсетіледі.

      9 және 11-бағандар қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша энергия алумен немесе энергия алусыз инсинерацияға (жағу) жолданған қалдықтардың саны керсетіледі.

      10 және 12 бағандар қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша энергия алумен немесе энергия алусыз инсинерацияға (жағу) жолданған импортталған қалдықтардың саны көрсетіледі.

      13 және 15-бағандарда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есеп беретін толық немесе жартылай залалсыздандырылған (қауіптілік деңгейі төмендетілген) қалдықтар саны көрсетіледі.

      14 және 16-бағандарда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есеп беретін толық немесе жартылай залалсыздандырылған (қауіптілік деңгейі төмендетілген) импортталған қалдықтар саны көрсетіледі.

      17 және 19-бағандарда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есеп беретін өз арнайы өнеркәсіптік қалдықтарды орналастыру объектілерінде орналастырылған (сақтау, көму) қалдықтар көлемі көрсетіледі.

      18-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша өнеркәсіптік қалдықтарды орналастыру объектілерінде сақтауға жолданған импортталған қалдықтардың саны көрсетіледі.

      20-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есеп беретін кәсіпорындардың өз тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында орналастырылған қалдықтар көлемі көрсетіледі.

      21-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша басқа ұйымдарға, кәсіпорындарға пайдалану, залалсыздандыру, кәдеге жарату (өңдеу, жою), орналастыру үшін берілген қалдықтардың жалпы саны көрсетіледі, ал 22-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша Қазақстан Республикасы аумағынан экспортталған қалдықтардың жалпы саны көрсетіледі.

      23-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 55, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 41 бойынша есепті кезеңнің аяғында кәсіпорынның аумағындағы және одан да тыс жерлердегі, бірақ кәсіпорынның балансындағы қалдықтардың барлық жиналған саны көрсетіледі.

      10-жолда құрамында сынап бар қалдықтар және олардың қосындылары туралы деректер тоннамен көрсетіледі.

      11-жолда бір шамда құрамында 0,065 грамм сынап бар есебінде сынап килограммен үтірден кейін үш белгімен құрамында сынап бар шамдар туралы деректер көрсетіледі.

      Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына, бланктердің дұрыс ресімделуіне, белгіленген мерзімде және мекен-жайға табыс етуіне жауапты кәсіпорын басшысы есепке қол қояды.

      6. Арифметикалық-логикалық бақылау

      Қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінде

      1-жол = 2-8 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      9-жол = 10, 12-31 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      32-жол = 33-45 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      46-жол = 47-48 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      46-жол = 49-52, 55 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінде

      1-жол = 2-7 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      8-жол = 9-11 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      12-жол = 13-17 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      18-жол = 19-25 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      26-жол = 27-29 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      30-жол = 31-37 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      38-жол = 39-40 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

      5-баған 6 баған (барлық жолдар бойынша)

      7-баған 8 баған (барлық жолдар бойынша)

      9-баған 10 баған (барлық жолдар бойынша)

      11-баған 12 баған (барлық жолдар бойынша)

      13-баған  14 баған (барлық жолдар бойынша)

      15-баған  16 баған (барлық жолдар бойынша)

      17-баған 18-баған (барлық жолдар бойынша)

      21-баған  22 баған (барлық жолдар бойынша)

      23-баған = 3-баған + 4-баған + 5-баған – 7-баған – 9-баған - 11-баған - 21-баған (барлық жолдар бойынша)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет