Салыстырмалы кесте


Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің жалғасы



бет7/10
Дата13.12.2021
өлшемі104,78 Kb.
#99989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
! 07
ҚОӘБ.ЭкоКодекстен, 1 ВАРИАНТ.ТестыОВОС.2020-21, ОШ СОр Әдебиет 7-сынып, Силлабус Саясаттану 1 курс 2020-2021 курс
Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің жалғасы



Р/с №

Есеп беру кезеңінде кәсіпорынның өзімен өңделген, кәдеге жаратылған және залалсыздандырылған, оның ішінде

Қалдықтарды өзінің орналастыру объектілерінде орналастырылған,оның ішінде:

өңделген, оның ішінде

кәдеге жаратылған, оның ішінде

Қайталама шикізат ала отырып сұрыпталған

өнімді ала отырып өңделген

залалсыздандырылған

Қайта пайдаланылды

инсинерацияға (өртеуге)

жолданған

тыңайтқыштандырылған

энергия алумен

энергия алусыз

биогазды ала отырып (тыңайтқышты алмай)

Тыңайтқышты ала отырып (биогазды алмай)

биогаз бен тыңайтқышты ала отырып

сақтау

көму

1

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

1-48 жолдар



































Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің жалғасы


Р/с №

Кейіннен қайта өңдеу, кәдеге жарату үшін және (немесе) басқа ұйымдарға беру үшін уақытша сақталған

Заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге қайта өңдеуге (сұрыптауға), залалсыздандыруға, қайта пайдалануға, кәдеге жаратуға, орналастыруға берілген

Есеп беру жылының соңында нақты бары

барлығы

Оның ішінде экспорт бойынша

тиеп-жөнелту деректемелері

заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы

БСН/ЖСН

сатып алу-сату шарты, айырбастау, сыйға тарту шарттары немесе қалдықтарды иеліктен шығару туралы өзге де мәмілет

қалдықтарды қабылдауды тапсыру туралы құжат

(қабылдау-беру актісі, жүкқұжат)



күні



күні




1

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

1-48 жолдар


































Табиғат пайдаланушының жауапты

лауазымды адамы



_____________

қолы

___________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)




20___ ж. «_____» _________________
Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2018 жылғы «____» _______

№ __ бұйрығына 2-қосымша


Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі міндетін атқарушының

2018 жылғы 29 шілдедегі

№ 352 бұйрығына

2-қосымша
Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті табиғат пайдаланушылар тұрған жері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады. Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті қағаз және (немесе) электрондық жеткiзгiштерде, http://oos.energo.gov.kz интернет-ресурсында қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің экрандық нысанын толтыру және табиғат пайдаланушының ақпарат ұсынуға жауапты лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы есепті жылдан кейiнгi жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 наурызға дейiн жыл сайын және тоқсан сайын берiледi.

2. Қалдықтарды құру, жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті респонденттің тұрған жері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады. Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп электрондық және қағаз жеткізгіштерде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін жыл сайын және тоқсан сайын берiледi. Қалдықтардың жиналуы және қайта өңдеу бойынша жедел деректер табиғат пайдаланушылармен тоқсан сайын беріледі.

3. Табиғат пайдаланушы және қалдықтарды құру, жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер есептік жыл өткеннен кейін қалдықтарға түгендеу жүргізу және материалдар дайындау мерзімін анықтайды. Түгендеу нәтижесі бойынша акт жасалады.

4. Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп қалдықтарды түгендеу актісінің, қауіпті қалдықтар паспорттарының, кіріс-шығыс құжаттарының (кіріс және шығыс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілер, материалдар мен заттарды жөнелту жүкқұжаттары, қауіпті өнеркәсіп қалдықтарын өткізу төлқұжаты, қойма есебінің карточкасы мен ведомосі, кәсіпорыннан қалдықтарды шығару құжаттары және т.б.) негізінде жасалады. Алғашқы есепке алу құжаттары болмаған жағдайда нысан материалдық баланс бойынша есептері, бағалаулар және басқа деректер негізінде толтырылады.

2-тарау. Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын толтыру тәртібі

5. 4-бағаннан бастап 35-баған бойынша толтырылатын нысанның әр жолдарында қалдықтар туралы деректер көрсетіледі. Қалдықтың әрбір түріне бөлек жол бөлінеді.

Қалдықтар туралы деректер есепте осы қалдықтың жалпы салмағы бойынша тоннамен (данамен көрсетілетін қауіпсіз қалдықтарды түгендеудің 30,31,32 бланкілерінің 59,60-тармақтарынан басқа үтірден кейін үш белгімен (барлық ілеспе қосымшалармен бірге) көрсетіледі, 10, 11 тармақтар киллограммен көрсетіледі.

Бұдан әрі пайдалануға болатын, дайын өнім болып саналатын, сондай-ақ өндіріс технологиясы бойынша дайын өнім алу мақсатына арналған жартылай фабрикаттар болып табылатын зиянды заттар (өнімдер, қоспалар) есепке алуға жатпайды. Статистикалық есептіліктің басқа нысандарында көрсетілетін ағын сумен су объектілеріне және атмосфералық ауаға тарайтын зиянды заттар, тұрмыстық (коммуналдық) қатты қалдықтар есепке алынбайды. Сонымен бірге есептерде тиісті ғимараттар мен қондырғыларда ұшқан газдар мен ағын суды тазалау процесінде ұсталған (алынған) зиянды заттардың пайда болуы, залалсыздандырылуы, орналастырылуы, көрсетілуі тиіс.

Кәсіпорында пайда болған, басқа кәсіпорындардан келіп түскен радиоактивті қалдықтар (51-61 жолдар), оларды пайдалану, залалсыздандыру, орналастыру және жою да есепке алынуға жатады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген шамалардан асқан мөлшерде радиоактивті заттары бар және сол өндірісте не басқа жерде бұдан былай тіпті тәжірибелік зерттеулерде де пайдалануға болмайтын ерітінділер, бұйымдар, материалдар, биологиялық объектілер, сондай-ақ бұдан былай қолданылмайтын пайдаланылып болған ионандырушы сәулелену көздері радиоактивті қалдықтар есебінде есепке алынады.

Агрегаттық (физикалық) жағдайына қарай радиоактивті қалдықтар сұйық және қатты болып бөлінеді. Сұйық радиоактивті қалдықтардың ішінде бейорганикалық заттардың ерітінділері, фильтрлік материалдардың пульттері, органикалық сұйықтықтар (майлар, еріткіштер және т.б.) есепке алуға жатады. Қатты радиоактивті заттардың ішінде бұйымдар, материалдар, биологиялық объектілер, пайдаланылып болған ионандырушы сәулелену көздері есепке алуға жатады.

Егер қалдықтардың құрамына әр түрлі қауіпті қалдықтар деңгейлеріне (түрлеріне) жататын екі немесе одан да көп қауіпті компоненттер енсе, онда қалдықтың осы типін тиісті деңгейге (түрге) жатқызу ең жоғары қауіптілік деңгейі бар компонент бойынша жүргізіледі. Олардың қауіптілігі бірдей болған жағдайда қалдық түрінің атауында көрсетілген компоненттің басым мөлшері бойынша жатқызылады.

4 бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 69, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 48 бойынша есепті кезеңінің басындағы кәсіпорын аумағында және оның шегінен тыс жерлерде орналасқан, кәсіпорын балансында болып саналатын барлық жинақталған қалдықтардың көлемі көрсетіледі.

5, 6, 7 бағандарында қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 69, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 48 бойынша кәсіпорында есепті кезеңінде түзілген, сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардан, дара кәсіпкерлерлен, оның ішінде импорт бойынша, келіп түскен (қабылданған) қалдықтардың көлемі көрсетілді.

8-13 бағандарында қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 69, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 48 бойынша деректемелерді нұсқаулығымен және қалдықтарды жөнелтуді растайтын құжаттарымен қабылданған заңды тұлға мен дара кәсіпкерлердің деректері көрсетіледі.

14-22 бағандарында қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 69, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 48 бойынша есепті кезеңінде кәсіпорынның өзінде қайта өңделген, кәдеге жаратылған, залалсыздандырылған қалдықтардың көлемі көрсетіледі.

23-бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 69, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 48 бойынша толық немесе жартылай залалсыздандырылған табиғат пайдаланушылармен қолданылған технологиялар көрсетіледі.

24, 25 бағандарында қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 69, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 48 бойынша кәсіпорының өзіне тиесілі орналастыру объектілерінде орналастырылған қалдықтар көлемі көрсетіледі.

26 бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 69, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 48 бойынша кейіннен қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) өзге ұйымдарға беру үшін уақытша қоймаланған қалдықтардың көлемі көрсетіледі.

27-34 бағандарында қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 69, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 48 бойынша заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге қайта өңдеуге (сұрыптауға), залалсыздандыруға, қайта пайдалануға, кәдеге жаратуға, орналастыруға берілген қалдықтардың көлемі көрсетіледі.

35 бағанда қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 69, қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінің 1 - 48 бойынша есеп беру кезеңінің соңында кәсіпорын аумағында және оның шегінен тыс жерлерде кәсіпорынның теңгеріліміндегі жинақталған қалдықтар көлемі көрсетіледі.

Қалдықтың әр түріне жеке жол бөлінеді.

Қалдықтар көлемі бойынша деректер жоқ болған жағдайында тиісті бағандар жолдарында сызықша қойылады.

Ұсынылған деректердің дұрыстығына, бланктердің дұрыс жасалуына, белгіленген мерзімде және мекенжайға табыс етуіне жауапты кәсіпорын басшысы есепке қол қояды.

6. Арифметикалық-логикалық бақылау

Қауіпті қалдықтарды түгендеу бланкінде

1-жол = 2-8 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

9-жол = жолдардың қосындысы 10, 1000-ға бөлінген, және 12-31 жол (барлық бағандар бойынша)

32-жол = 33-49,50 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

51-жол = 52-53 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

54-жол = 55-58,61 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

62-жол = 63-69 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

Қауіпті емес қалдықтарды түгендеу бланкінде

1-жол = 2-7 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

8-жол = 9-11 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

12-жол = 13-17 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

18-жол = 19-21 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

22-жол = 23-29 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

30-жол = 31-32 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

33-жол = 34-43 жолдардың қосындысына (барлық бағандар бойынша)

44-жол = 45-47 жолдың қосындысына (барлық бағандар бойынша

6-баған > 7 баған (барлық жолдар бойынша)

9-баған > 10 баған (барлық жолдар бойынша)

27-баған > 28 баған (барлық жолдар бойынша)

35-баған = 4-баған + 5-баған + 6-баған – 27-баған (барлық жолдар бойынша)







ҚР Экологиялық кодексінің 296-бабы, 2-тармағына сәйкес қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын тұлғалар және қауіпті қалдықтарды өндірушілер өздерінің қызметі процесінде құралған, жиналған, тасымалданған, кәдеге жаратылған немесе орналастырылған қалдықтардың тұрақты есебін (түрі, саны, қасиеттері) жүргізуге міндетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын орындау мақсатында өңірлердің әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қаттықалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керек.

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика» бойынша тұжырымдамасымен қалдықтарды ұзақ мерзімді кезеңге кәдеге жаратудың мақсатты индикаторлары анықталды, оларды қайта өңдеу 2030 жылға қарай 40% және 2050 жылға қарай - 50% құрауы тиіс.

2018 жылы өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін – 32% және тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін – 11%-ға жеткізу қарастырылған.

«Өнеркәсіптік қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» нысаналы индикаторы және «Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» нысаналы индикаторы бойынша стратегиялық жоспар көрсеткіштерінің мәліметтерін тоқсан сайын қалыптастыру үшін ҚР Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаев пен ҚР Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың арасында меморандумға қол қойылды.

Сонымен бірге, ҚР Премьер-Министрі мен әкімдіктер арасында да меморандумға қол қойылды.

Осыған орай, I-IV санатты табиғат пайдаланушылардан тоқсан сайын қалдықтарды қайта өңдеу бойынша ақпарат алу қажет.

Нақтылаушы редакция.

ҚР ЭК 283-бабы, 5-тармағының шарты бойынша қалдықтар ағынының қозғалысын есептеу және қалдықтарды уақытша сақтау мерзімін реттеу және 1-бабының 30-1)-тармақшасын анықтау үшін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет