Пән атауы: Жоғары мектеп педагогикасы Тақырып: Жоғары мектептің ғылыми іс-әрекетінің теориясы Оқытушы:п.ғ.к,қауым.проф. м.а. Жүндібаева Т.Н.
Дәрісті оқу барысында төмендегі әдебиеттер пайдаланылды:
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Зерттеу, зияткерлік және инновациялық университеттер
2.Жоғары мектептегі ғылыми қызмет
3.Жоғары мектептің ғылыми қызметінің заңдылықтары мен принциптері
4.Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері
5. Университеттердегі «Ғылыми мектептер» феномені, түрлері мен белгілері
1. Зерттеу, зияткерлік және инновациялық университеттер Зерттеу - жаңа құбылыстың қасиетін, тәуелділігін анықтау үшін орындалатын сынау
Зерттеу кең мағынада-фактілерді анықтау мақсатында жаңа білімді іздеу немесе жүйелі тексеру;
тар мағынада зерттеу-бір нәрсені зерттеудің ғылыми әдісі (процесі).
Зерттеу университеті (ағылш. Research University) - бұл университеттің ерекше түрі, онда ғылыми зерттеулер университет жұмысының басты бөлігінің бірі болып табылады. Мұндай университеттер ғылыми зерттеулерге көп көңіл бөледі және оның құрамында атақты ғалымдар көп болады.
Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы Зерттеу университеттері Қазақстанда зерттеу университеттерін құру елді экспорттық-шикізаттық тәуелділіктен босатуға және қайта өңдеу, зияткерлік бағдарланған және ғылымды қажетсінетін салаларда өсудің жоғары серпінін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Университеттік білім өсіп келе жатқан жаһандану сынына жауап беруі үшін Қазақстандағы университеттерді реформалау жүргізілуде.
Осыған байланысты В. Гумбольдт университетінің тұжырымдамасы қызықты. Ол мемлекет тарапынан бір мезгілде қолдау көрсету арқылы жоғары оқу орындарының ішкі автономиясын, оқу және зерттеу еркіндігі мен оқыту мен зерттеулердің бірлігін білдіреді.