Салыстырмалы талдау Зерттеушінің аты-жөні



Дата09.10.2024
өлшемі12,85 Kb.
#206023
Байланысты:
салыстыру


Салыстырмалы талдау

Зерттеушінің аты-жөні

Еңбек жылы

Ізгіліктік идеяларына

Ұқсас тұстары, байланысы

Сұлтанмахмұт Торайғыров

1912 жыл «Оқудағы мақсат не ?»

«Оқудағы мақсат не ?» деп ағартушы үш түрлі оқуды атап көрсетіп , олардың әлеуметтік қоғамдағы орнын , мақсатын оқырманға саралап ашып таныстырады , оларды дұрыс таңдап білу қажеттігіне меңзейді.
Бірінші:
Оқудағы мақсат не ?
Медреседе жату ма ?
Ескі нұсқа бақастарды татуға;
Қанша жыл Хашия мен Мантық шайнап ,
Керілдесіп шатуға...
Жас кезінен таупықты сопы болып ,
Сол есіммен тоқты-торым жиюға.

Екіншісі:


Яки мақсат : тілмаш боп жем табу ма ,
Жылтыратып сары түйме шен тағуға ;
Кеміре-кеміре жыртылған жырық дорба ,
Басқалардан қалғанын сен қағуға ?
Үшінші:
Яки мақсат : өнер , білім алуға,
Алға қарай баруға .
Намыстанып қорланып
Миллет көзін ашуға
Терістіктен қашуға.
Заманаға көз салып ,
Аяқты жөндеп басуға.

«Сұлтанмахмұт өмір сүрген кезеңдегі осы үш түрлі оқудың бірі – діни оқу, шындығында да қазақ даласында көп уақыт өмір сүріп , діни схоластиканы өзгеге түсіндірмек түгіл өзі түсіне алмаған дүмше молдалар дайындап келген еді. Ағартушы осы шындықты , молдалардың қазақ арасындағы күнкөріс тәсілдерін суреттей отырып , айтады. Ал , екінші оқуға келсек , XIX ғасырдың орта шенінен бастап патша үкіметі қазақтар арасынан өзіне сенімді адамдарын даярлау мақсатымен көптеген оқу орындарын ашқан болатын. Оларды бітіріп шыққан қазақ жастарының көпшілігі патша үкіметіне адал қызмет етіп , үкімет тарапынан шен-шекпен алып отырды.Үшінші оқу болса Қазан төңкерісіне дейін жөнді дами алмағанымен , ағартушы сөзімен айтқанда , «өнер , білім алуға , алға қарай баруға» , көзін ашуға талаптандыратын бұл оқу сол кезге дейін қазақ халқына Шоқан мен Ыбырайды , Абай мен Әбдірахманды , Мұхамеджан мен Спандиярды , Сәбит пен Сұлтанмахмұтты т.б. берген еді.»





















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет