Салыстырмалы тарихи тіл білімі Расмус Кристиан Раск (1787-1832)



Дата18.11.2022
өлшемі15,42 Kb.
#158790
Байланысты:
расмус раск


Салыстырмалы тарихи тіл білімі
Расмус Кристиан Раск (1787-1832). Расмус Кристиан Раск Копенгаген университетінде оқыған. 1823 жылдан бастап осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген, испан, италян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. көптеген тілдердің грамматикасын жазған. Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Бұл еңбегінде автор гот (герман) тілдерінің латын, грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді. Салыстырмалы - тарихи тіл біліміне қосқан үлесі. Расмус Раск өзінің 1818 жылы басылып шыққан «Исланд тілінің шығу тарихы» атты еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол - тілдердің сөздік жағынан бірбіріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстығының белгісі - олардың грамматикалық жағынан ұқсас болу, өйткені грамматикалық формалар бір тілден екіншісі тілге ауыспайды деген қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі - дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың ұқсастығы дегенді баса айтады. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген еуропалық тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттейді.
Якоб Гримм (1785-1863). Якоб Гримм Ганау қаласында туған. Кассель қаласындағы лицейде, кейін Марбург университетінің заң факультетінде оқыған. Бірақ ол филология мен әдебиет маманы болды. Ол Геттинген, кейініректе Берлин университтетерінің профессоры болған. Оның ең негізгі лингвистикалық еңбегі төрт томнан тұратын «Неміс тілі грамматикасы». Мұнда бүкіл герман тілдерін бір-біріне тарихи тұрғыда салыстыра зерттейді. Бұл еңбек салыстырмалы-тарихи тіл білімінің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да ілгері дамуына зор әсерін тигізді. Салыстырмалы - тарихи тіл біліміне қосқан үлесі. Якоб Гриммның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды. Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам тарихын зерттеуде орасан зор роль атқаратынын баса айтты
Александр Христофорович Востоков (1781-1864). А.Х. Востоков Петербург көркем өнер академиясын бітірген. Жас кезінен фольклорлық шығармалар жинап бастырумен шұғылданған. Лингвистикалық еңбектері ішінде ең көрнектілері: «Славян тілдері жөніндегі пікірлер» (1820 ж), «Орыс тілі грамматикасы» (1831 ж); «Шіркеулік славян тілі сөздігі» (1843 ж) дейтін еңбектері. Востоков славян тілдерінің өзара жақындық дәрежесін ашуға тырысады. Салыстырмалы тарихи тіл біліміне қосқан үлесі. ОЛ 1820 жылы жарияланған «Славян тілдері жөніндегі пікірлер» дейтін кітабында славян тілі фактілерін, әсіресе олардың дыбыстық жақтарын бірбіріне салыстыра зерттеу арқылы олардың арасыдағы ұқсастық, өзгешеліктерді көрсетті.
Осыдан кейін салыстырмалы-тарихи тіл білінің өрісі кеңейе түсті. Көптеген еңбектер жарық көрді. Атап айтсақ: Ф. Диц «Роман тілдері грамматикасы», Ф. Миклошич «Славян тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» (1852), И.Цейс «Кельт грамматикасы » (1853), Ф.И. Буслаев «Литва тілін зерттеуге жетекші» (1858) атты еңбектерін жазды.
Осылардың нәтижесінде «Үнді- европалық тіл білімі» немесе «Үндіевропейстика» деп аталатын ғылым қалыптасты

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет