57.
Ат жер тарпып тұрса, жақсы жолды көксегені. Алыс
сапар басталады. Мұны жылқы жер көксеп тұр деп
жақсылыққа жориды.
58.
Ат құйрығын кеспейді, неге десеңіз, адам өлгенде ат
талдап, құйрығын кеседі, соған ұқсамасын дер.
59.
Ат үстінде тұрып шіренбейді. Бұлай істеу—әулекілік-
тің, дарақылықтың белгісі деп біледі жұрт.
280
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
60.
Атпен келе жатқан адам бейіттің қасынан шауып
өтпейді. Қайта іштей дұға оқып, әруаққа сиынады. Оң
аяғын үзеңгіден шығарып, «Қиямет жақын, қиямет жа-
қын» деп тәуба етеді, әйтпесе, әруақ атады деп нанады.
61.
Атты кісі бейіт тұсынан шауып өтпейді. Бұл әруақты
сыйламағанның қылығы. Сондықтан әруақ атады, сай-
тан жабысады, әруақ соңынан қуалап үйге келеді деп
ырымдайды.
62.
Аттарының жалы оң жағына қарай жығылып жатса,
оны мінген кісінің жолы болады деп жориды.
63.
Ауа райының құбылысы да әртүрлі ырыммен па рық-
талады. Күн тұтылса—мұсылманға, Ай тұтылса—
кәпірге көрінеді, патшалары өледі деп жориды.
64.
Ауылдан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса,
қуалап зорлықпен кері қайтармайды. Өйткені ит иесіне
опадар. Мүмкін, жолы болар, сапары оң болар деп,
жақсылыққа жориды.
65.
Ашық күні дауылды жел соқса, артынан жаңбыр бола-
ды.
66.
Аюдың жүнін, тырнағын, тісін бесікке, киелі киімге
тұмар етіп тағады.
67.
Аяқ киімді төңкеріп қоймайды. Шешкеннен кейін
қатарлап қояды. Төңкеріліп қалса, оңынан қайта орна-
ластырады. Бытырлатып шашып тастауға да болмайды.
Аяқ киім төңкеріліп қалса—иесі қайғыға ұшырайды
деп ұйғарылады. Шашылып жатса, жолы кесіледі.
68.
Аяқты көкке көтеру—жақсы қимыл емес, оспадарлық.
Онда аспаққа асыласың, аяғың көктен келеді, үйге өлім-
жітім, қорада мал шығыны болады, Көк тәңірі шамда-
нады деп жорылады.
69.
Әдетте басқа ауруды да үшкіріп, ұшықтап емдейді.
Үшкіру де емдеу тәсілінің бір түрі. Емші дұға оқып,
«сүф-сүф» деп үшкіреді. Емделуші сол үшін оған мал,
орамал секілді садақа береді. Онысы—аурудың жолы
болып тез оңалсын дегені.
70.
Әдетте бұта-бүрген, ши түбіне саритын ит үй іргесіне са-
рыса «құт құйды» деп ырымдалады. Қазақ ырымында
ит опадар саналады. Жеті қазынаның біріне қосылады.
280
281
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
71.
Әдетте қазақ түйені басқа ұрмайды. Өйткені түйенің ба-
сында жылды бастайтын бақыты тұрады деп жориды.
72.
Әйел адам жолды кессе, ер азаматтың жолы болмайды.
73.
Әйел адам қайтыс болса, әйелдерге ине-жіп үлестіреді.
Бұл—ауыл әйелдері арасында әдетте ине-жіп ауысу
жиі кездесетіндіктен, сол ауыс-күйістен қалған қарызы
болса, мойнында кетпесін, ол дүниеге қарыз арқалап
бармасын дегені.
74.
Әйел ат талғамайды. Әйелдің қолы жеңіл, ат жазым бо-
лады деп жориды.
75.
Әйел аттылы ер адамның жолын, үлкендердің алдын
кесіп өтсе, бақытсыз жағдайға душар болады.
76.
Әйел биязы, сыпайы, жібектей есіліп тұруы керек. Үй-
ішінің мүлкін, ыдыс-аяқты салдыратпауы қажет. Адам
тамақ ішетін ыдысты «ит аяқ» деп атамайды. Бұлай
атаса—ыдыстың ырысы қашады, адамның дәм-тұзы
төгіледі.
77.
Әйел босана алмай қиналғанда, әйелді «қара басты»,
«нас басты» деп біліп, сыртынан иір мүйізді қошқар-
ды айналдыру, басынан бүркітті айналдыру ырымы
болған.
78.
Әйел еш уақытта еріне қол жұмсамауы керек. Күш
көрсетіп, таяқпен сабамайды немесе таяқ ала жүгіріп,
сес көрсетпеуі тиіс. Ұрысқанда тілдеп, бетіне түкірмей-
ді. Бұлай істеген әйелдің ақ некесі бұзылады, өзінен-өзі
талақ болады деп есептейді.
79.
Әйел кісі итке тас лақтырмайды. Бұлай істесе, құты
қашады. Ит—жеті қазынаның бірі, шамданады. Әйел
қолының берекесі қашады, ырысы кетеді деп ырымда-
лады.
80.
Әйел мал бауыздамайды. Басқа амал болмаған жағ дай-
да тіреуішке мініп тұрып бауыздайды. Өйткені әйел
мал бауыздағанда сескенеді. Сескеніп бауыздаған мал-
дың еті мәкіру саналады.
81.
Әйел отынды ошақтың үш бұтының үстінен асырып
жинап қойса, күйеуі басқа әйелге үйленеді.
82.
Әйел пышақ қайрамайды, жаниды. Пышақ қайраса,
еркегінің сағы сынады деп жорылады.
282
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
83.
Әйел толғатып, қиналып жатқанда қыздар жағы жыл-
дамдатып қазан қыздырып, «қатын бұрын туа ма, қазан
бұрын қыза ма» деп бидай қуырады. Қуырған бидайды
бала-шағаға үлестіреді екен.
84.
Әйел толғатқанда үй ішінде ілулі тұрған заттардың
бәрі алынып тасталады. Сандырақтардың аузын ашып
қояды. Осылай істелсе, толғақ жеңіл болады, жолдың
бәрі ашық, ақ ниетпен тілеу тілеп тұр деп ырымдала-
ды.
85.
Әйел, не еркек жұмыс істеп жатқан үйге келгенде
қолғабыс жасамаса, баласының белі бүкір болады.
86.
Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды, өйткені
күйеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.
87.
Әйелге түнде суға баруға болмайды, өйткені қорқып,
шошыма ауруына ұшырауы мүмкін.
88.
Әйелге шашын жайып жүруіне болмайды. Өйткені
қаралы әйел ғана шашын жайып жіберетін болған.
89.
Әйелге шашын отқа тастауына болмайды. О дүниеде
Құдай әйелдер мен қыздардан «саған берген шашым-
ды қайда тастадың» деп сұрайды. Әйел тарақ жүзіндегі
шашты жинап, аяқ баспайтын жерге қоюы керек.
90.
Әйелдің екіқабат кезінде жерігі қанбаса, баланың аузы-
нан су ағып жүреді.
91.
Әйелдің қарнына жағылған майды «Құдай оттай зау-
лат» деп отқа құяды. Бұдан бала алғыр, ержүрек бола-
ды десе керек.
92.
Әке мен бала қол алысып амандаспайды, құшақтас-
пайды. Әкесі тек баласын құшағына алып бетінен, маң-
дайынан иіскейді.
93.
Әкесі бар бала қолын төбесіне қойып, төр алдында
шалқасынан жатпайды. Бұлай істесе—әкесіне наразы
болып, өлім тілеп, зауал әкелгелі жатыр деген жаман
ырымға жорылады.
94.
Әкесі тірі адам төрге шықпайды, бас ұстамайды. Бұлай
істесе, әкесі өледі деп ырымдалады.
95.
Әтеш пен тауық бірігіп шақырса, жаман ырымға бас-
тайды. Ондай жағдайда тауықты сойып тастау керек.
282
283
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
96.
Байғыз—түнде ұшатын құс. Ол шаңыраққа қонып
шақырса, жаман ырымға жатқызады. Көсеудің басын
отқа күйдіріп: «Жамандық қара басыңа көрінсін!» деп
отпен аластайды. Байғыздың шаңыраққа қонуы—
қара түнде қара ниет тарататын сайтанның сілтемесі
деп қарайды. Бұл сол үйдің шаңырағын шайқайды
деп, жаман ырымға балайды. Байғыз қонақтап кеткен
жерде бір тамшы қан қалады дейді. Байғызды отпен
аластаудың себебі—артында сайтан қалмасын, сайтан
оттан қорқады деген нанымнан шыққан. Байғыз қонған
шаңырақта қан дағы байқалса, сол шаңырақты шағып,
отқа жағады. Әйтпесе бұл шаңырақтан пәле артыл-
майды деп ұйғарады.
97.
Бала алғаш жолға шыққанда тоқымқағар жасап той-
лайды.
98.
Бала бесіктен шыққан соң бесікті тазалап сүртіп, бетін
жауып сақтап қояды. Бұл—бесік ұрпақ шақырады, ке-
лешек ұрпақ тезірек келсін деген ырым. Сонымен қа зақ
өзіне жаққан бесікті ұрпақтан-ұрпаққа сақтайды. Ата-
сы жатқан бесікке немерелері жатады.
99.
Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе (шапан, кебе-
нек, тон, жабу, жүген, қамшы және бесік көрпе) жаба-
ды. Кебенек пен қамшы—ел қорғайтын ер болсын деген
тілекті білдіреді.
100. Бала емізіп отырған әйел омырауын басқа кісілерге
көрсетпеуі тиіс. Баланы қалқалап отырып емізеді.
Бұл кезде сөйлемейді. Себебі, басқаның көзі омырауға
түссе—емшегі ісінеді, сыздауық шығады деп ырымда-
лады. Ал сөйлесе, бала шашалып, қолқасы қабынады
да, ауруға шалдығады.
101. Бала көкжөтелмен ауырса, көк ат мінген жолаушы ның
жолын тосып: «Көлденең көк атты, көкжөтелдің емі
не» деп сұрайды. Ол қандай ем айтса, соны ауру балаға
қолданса, шипа болады дейді.
102. Бала көрмей немесе бала тұрақтамаған кісілер қырық
үйден қырық құрақ жинап, соны құрап, содан балаға ит
көйлек тіккен. Ырым ғып балаға соны кигізген.
284
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
103. Бала көтермей жүрген әйел жаңа туған күшіктердің
үстінен аттайды. Егер әйел аттаған соң күшіктердің бі рі
өлсе, «әйел жүкті болады екен» деп ырымдалады.
104. Бала қаспақ жесе, үйлену тойында жаңбыр жауады.
105. Бала туылғанда ұл болса, «ат ұстар», қыз болса,
«қырық жеті» деп хабарлап, баланың әкесінен, атасы-
нан, нағашы жұртынан сүйінші сұрау ырымы болған.
«Қырық жеті»—қызды қалың малға беруге болатын,
жат жұрттың адамы дегені.
106. Бала туылысымен оны жерден көтеріп алатын адам көп
ұрпақты, жайдары, жарқын мінезді, мейірімді әйел бо-
луы керек. Себебі бала өзін жерден көтеріп алған адамға
тартады деп ырымдайды.
107. Бала тұрмай, шетіней берген жағдайда оны басқа адам
өтірік сатып алады.
108. Бала тілін шығарса, тіл келеді, яғни хабар келеді деп
жориды.
109. Бала тісегенде түскен тісін шидің арасына тастайды.
Бұл—қайта өскен тісінің түбі берік болсын дегені.
110. Бала үнемі жастықтың үстіне ұйықтайтын болса, кейін
ол ел басқаратын көсем болады, ал көрпені тұмшалап,
оранып жатса, есейгенде ынжық, жігерсіз болады. Бүк
түсіп ұйықтайтын болса, уайымшыл, қайғышыл бола-
ды. Етпетінен жатып ұйықтайтын болса, қызғаншақ
немесе ойшыл адам болады. Қол-аяғын төрт жаққа со-
зып, бей-жай ұйықтайтын болса, төрт құбыласы тең
кемеңгер әрі батыр болады деп ырымдаған.
111. Бала шошынып, ауруға шалдығады деп ырымдап,
нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Қырқынан
шыққанша түнде алып жүрмейді.
112. Балаға ат қою қазақта кілең тілекпен, үмітпен астасып
жатады, «Нұрсұлтан» атаса, жүзіне нұры жайнаған,
дархан сұлтан болады. «Дінмұхамед» десе, дін қолдаған
иман жүзді адам болады деп ырымдайды.
113. Балаға бұғана қабырғаны мұжытпайды. Бұлай істесе
бойы өспей, тапал боп қалады деп жориды.
114. Балаға қарғыс өтпеу үшін үш кемпірдің бұтының ара-
сынан өткізіп алады.
284
285
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
115. Балаға қойылған кейбір атты өте ауыр деп сезінетін жай
да бар. Мысалы: «Мұхаммет» аталған бала балиғатқа
толғанша «Ахмет», «Мұқан», «Мұқаш» деген секілді
жанама аттарды қолданады. Бұл баланың өмір-жасы
ұзақ болсын дегені.
116. Балаға сойылған малдың бүйені мен өкпесін жегізбей-
ді. Қуырдаққа басқа етпен қосып пісірілгенде жеуіне
болады. Тек өзін ғана жесе, бала сылтаушыл, жалқау,
өкпешіл болып кетеді деп жорылады.
117. Балаға шешен болсын деп таңдай жегізеді.
118. Балаларды ит болып үріп ойнауына тыйым салады.
Бұлай істесе, ұрпақтың берекесі кетеді деп жориды.
119. Баланы ана құрсағындағы кезінен бастап анасы арқы-
лы күтімге алып қастерлейді. Бала аман-есен дүниеге
келіп, көзін ашқанша ананы қорлайтын, жазалайтын
қылықтарға тыйым салады. Мұндай қылықтар құр-
сақтағы балаға да қаратылады, дүниеге келмеген кінәсіз
нәрестені қорласаң, ұрпақсыз қаласың деп ырымдай-
ды.
120. Баланы асырап алғанда ер балаға—асықты жілік, қыз
балаға тоқпан жілік ұстатып, көпшілікті бұған куә
етеді.
121. Баланы бесікке салып жатқанда барлық әйелдер үн
шығармай жым-жырт отырады. Сөйлеп қойса, бала
жылауық, есейгенде өсекші болады деп ырымдайды.
122. Баланы ожаумен ұрса, ырыс, несібе кетеді дейді.
123. Баланы сүндетке отырғызғанда сертпені тастамай, киіз
үйдің құрулы тұрған шиінің басына іліп қояды. Бұл—
бала ержетіп, отау тіккенде босағасы берік болсын деген
ниеті.
124. Баланы сыпыртқымен, көсеумен ұрмайды. Бұлай іс-
тегенде балаға пәле жабысады, қырсық шалады деп
ырымдалады.
125. Баланың желкесі шұқыр болса немесе желкесінен сүй-
се, қырсық, кесір болып өседі.
126. Баланың ит жейдесін далаға тастамайды, біреуге
бермейді. Себебі, нәрестенің бақыты сол жейдені киген
күннен басталады, сол жейде сол бақытты сақтайды деп
286
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
жориды. Әуелі, бұрынғы заманда дауға барған адам-
дар, жауға шапқан батырлар баласының ит жейдесін
қойнына тығып ала жүрген. Себебі, сол жейде қауіп-
қатерден, пәле-жаладан сақтайды деп ырымдалған.
127. Баланың қарын шашын адам аяғы баспайтын жерге
көміп тастайды. Өйтпесе, бала бақытсыздыққа ұшы-
райды.
128. Баланың қарын шашын алған соң, тастай салмай, сақ-
тап қояды. Бала қырқынан шыққанша, жеті ай тол-
ғанша әлсіз болады. Сондықтан бір тал шашын таста-
май, сақтау керек деп біледі.
129. Баланың қырқынан шығару ырымын жасағанда,
өберелі-шөберелі қарт бәйбіше қырық қасық суды ба-
ланың үстіне құйып тұрып: «Отыз омыртқаң жылдам
бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп тілек ай-
тады. Баланы шомылдыратын легеннің түбіне қырық
құмалақ тас, жүзік сияқты заттар салынады. Сақина,
жүзіктерді бала шомылдырған, көмектескен әйелдер
бөлісіп алады.
130. Баланың маңдайынан қақпайды, бір адамның бақ пен
соры оның маңдайына жазулы болады. Маңдайға ұрса,
бақ қашады.
131. Баланың мойны тез және түзу беку үшін оның шіл-
деханасына сойған қойдың мойын омыртқасын тұта-
сымен асып, тесігінен шыбық өткізіп, кептіріп қояды.
132. Баланың төбе шашын ұзын өсіріп, моншақ араласты-
рып өріп қояды. Бұл «айдар» деп аталады. Айдарлы
адам айбарлы көрінеді, оған тіл-көз тимейді деп біледі.
133. Баланың төбесіндегі орайы екеу болса, ұл балаға—екі
рет үйленеді немесе қыз балаға—екі рет тұрмысқа
шығады деп жориды.
134. Баланың тілі шығып, есі кіре бастаған кезде, ауылдың
ақсақалын шақырып, баладан: «Өлең аласың ба, көген
аласың ба?» деп сұратады. Сонда бала: «Көген аламын»
десе—малшы болады, «Өлең аламын» десе—ақын бола-
ды деп жориды.
286
287
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
135. Баланың тісі ұсақ болса—әнші болады. Жаңа туған
нәрестенің саусақтары жіңішке, ұзын болса, елге сый-
лы, өнер иесі болады.
136. Баласы көп үйдің бесігін жақсы ырымға жорып, тек
жақын туыстары қалап алып, жаңа түскен келіннің
отауының төріне қояды.
137. Баласы тоқтамай өле берген немесе түсік тастай берген
әйел бір баланы аман-есен туа қалған жағдайда жеті
әйелдің бұтының арасынан өткізіп алып, оған Жетпіс-
бай деген ат қояды. Онысы ғұмыр-жасы ұзақ болсын, ар-
тынан өзіндей ұл мен қыз өрби берсін деп ырымдаған.
138. Баласы тұрмай жүрген адам жаңа туған баласына
кигізетін ит көйлегін иттің басына кигізіп алып, сонан
соң баласына кигізеді.
139. Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды.
Биікке іліп қою керек. Әсіресе, құйрық қойып отыра-
тын жерге қоймау қажет. Себебі, бастан бақ таяды, бас
ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып, иман
қашады. Адамның басынан қадірлі, ақылынан қасиет ті
ештеңе жоқ.
140. Батырдың, ақынның, палуанның сарқытын жегізсе не-
месе олар сәбидің аузына түкірсе, жақсы қасиеті мен
өнері балаға қонады.
141. Бейтаныс екі кісі жол үстінде кездесіп, бір-бірімен тез
шүйіркелесіп кетсе, жұлдыздары жарасқан деп санала-
ды. Біріне-бірі жұғыса алмай, мәміледе болса, жұлды-
зы қарсы тұр деп ұйғарылады.
142. Бейуақта үйге шам шағып қою керек. Себебі, бұл кез-
де де қараңғыны жамылып жүретін шайтан оттан,
жарықтан сескенеді, үйге кіре алмайды деп жориды.
143. Бейіт басында тамақ жеуге болмайды.
144. Бейіт топырағын сәндемейді. Табиғи қалпында жат-
қанын, көгеріп өсімдік өсіп тұрғанын ұнатады. Бейіт-
тен бір шым-шым топырақ алып тастайды. Бейітті ай-
налмайды.
145. «Бесік тойы» ырымына әйелдер ғана қатынасады.
146. Бесікке қолданып жүрген түбекті, шүмекті төңкермей-
ді. Себебі түбек пен шүмек—нәрестенің рахаты үшін
288
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
жасалған мүліктер. Оны төңкеріп қойса, ішіне кір жа-
бысады, от басына қойса, қурап семеді, сондықтан таза
жуып, күн көзіне қақтау керек, өйтпесе бала қуығы
тұтылып ауырады деп ырымдалады.
147. Бесіктегі бала шошып жылай берсе, ұйықтай алмаса,
қорғасынды ерітіп жерге құяды. Сонан кейін құйылған
қорғасынның пішініне қарап баланың неден шошы-
нып ұйықтай алмағанын жориды да, сол қорғасынды
бесіктің басына іліп қояды.
148. Бесікті бейуақытта сыртқа шығармайды. Нәрестені
алты айдан асқанша үйде жалғыз қалдырмайды.
Өйткені қараңғылық пен жарық жер бетінде таласып
тұрған кезде Бақ пен Сор да тез алмасады. Перілер мен
жын соғысып жатады дейді. Осы кезде ұйықтауға да
болмайды. Бейуақтың күнәсі жабысады деп ырымда-
лады. Кіндігі қатпаған сәби осы мезгілде үйде жалғыз
жатса, шошынады, перілер баланы алып кетіп, орнына
өздерінің ақыл-есі дұрыс емес баласын тастап кетеді деп
жориды. Кейде баланың ұрық безі бұзылып, рухынан
айырылады, сондықтан қасынан адам үзілмеген жақсы
деп иландырады.
149. Бесікті көбінесе, баланың нағашы жұрты алдын ала ар-
найы жасатып, бесік тойына тарту етеді. Онысы—жиен,
жекжат, үрім-бұтағым өсе берсін, өрісім кеңейе берсін
дегені.
150. Бесікті сатуға, кез келген адамға беруге болмайды. Аяқ
астына тастауға тіпті болмайды. Қазақ халқында бесік
ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым саналады.
151. Бие саууға қолданатын көнек пен үйдегі сабаны төң-
кермейді. Түбін қолмен немесе таяқпен қағып ұрмайды.
Бұлай істегенде көнек пен саба түбіндегі құт ұшады, ақ
тартылады, ырыс шайқалады деп ырымдалады.
152. Бозбала төрге шығып алып етпетінен жатпайды. Бұлай
істеген балаға: «Әкең өліп, бауырыңды жерге төсеп жа-
тырсың ба?» деп қатал ескерту жасайды үлкен кісілер.
153. Бозторғай ән салса—күн ашық болады.
154. Бойжеткен қызға кәрі жілік тартпайды. Қыз кәрі жі-
ліктің етін жесе, отырып қалады деп ырымдайды.
288
289
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
155. Бойы кішкене адамдардың мінезі шақар келеді. Әрі
біреумен араздасса, оны өмірі ұмытпайды. Бойлары
кішкене болғандықтан өмірге өкпелі келеді де, біреумен
ренжісе қалса, олардың кемшілігін айтып, мұқатып,
өздерінен төмендетіп көрсетуге әуес болады.
156. Бос бесікті тербетпейді. Баласы өліп, бағы сөніп, өзегі
өртенген, содан есалаң күйге ұшыраған әйел ғана солай
істейді. Сондай жамандық болмасын деген ырым.
157. Бостан-бос тасты шықылдатпайды. Бүйтсе—қасқыр-
дың тісі қышиды, қорадағы, өрістегі малға шабады.
Мал шығыны көбейеді деп ырымдалады.
158. Ботаға, тайға, құлынға қоңырау тағады. Бұл—қас-
қыр жемеуі, жоламауы, көз тимеуі үшін жасалған
жоралғы.
159. Бөбек алақанын шапалақтаса, қуанышты хабар келеді.
160. Бұғана ұстаса, бойы өспей қалады деп ырымдап, жас
балаға бұғана ұстатпайды.
161. Бүркіт бағылатын үйге жын-шайтан жоламайды. Қы-
ранның ісі теріс пиғылдылардың делебесін басады.
162. Бір нәрседен шошынғанда пышақты жастықтың асты-
на қойып ұйықтайды.
163. Бір төл туса, бір түп көде артық шығады.
164. Бір үйде қонақ болып отырған кісі сол үйдің қазан-
ошағына араласпауы керек. Өйткені бөтен, үйренбеген
кісіден үйдің берекесі үркеді деп жорылады.
165. Бірге туған бауырына, қарындасына қатты ашуланған
кісі екі қолымен екі бүйірін таянып, көзін шарт жұ мып
тұра қалса, ашуы басылады, көңілі сабасына түседі деп
жориды. Қазақ «Ашу—дұшпан, ақыл—дос» дейді.
166. Біреу әңгіме айтып отырғанда сәби түшкірсе, оның
айтқаны шын деп сенеді.
167. Біреу түшкіргенде қасындағы адам «жәрікімалла, бер
Тәңір, бес жүз жылқы, болмаса жартысын» деп дауыс-
тап тілеу тілейді. Түшкірген адам да өз тілегін айтып,
сөзге айналуы керек.
168. Біреуге «атау-кереңді іш» демейді. Атау кере—адам-
ның өлер алдындағы ең соңғы ішіп-жейтін тамағы.
19-0185
290
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
169. Біреуді қайтыс болды деп естіп, кейін бұл хабар жалған
боп шықса, ол адам «көп жасайды екен» деп ырым-
дайды.
170. Біреуді сыртынан ғайбат қып отырып, сол кісінің үйіне
бара қалса, үш рет аузын шайқап, тәуба айтып барып,
асқа отыру керек. Өйтпесе—ішкен асы арам болады.
171. Біреудің атына ғайбат сөз айту—қазақта жантүрші-
гер лік жаман ырым. Ғайбат айту—кешірілмес күнә.
«Ердің ғайбатын айтпа, қайратын айт» дейтін нақыл
бар.
172. Біреудің пышағымен ет кескенде, құры қайтармайды.
Ұшына май немесе ет шаншып береді.
173. Біреудің тамақ ішкен ыдысының сарқытын балаға
бергізбейді. Өтірікші, өсекші болады. Ауру жабысады
деп сенеді.
174. Біреудің ұл баласы жоқ болса, әйелі қыз туа берсе, ол
соңғы туған қызына «Ұлбосын, Ұлтуған...» деген секілді
тілеу аттар қояды. Онысы—келесі балам ұл болсын деп
ырымдалған.
175. Біреумен дауласқанда сұқ саусақты шығарма. «Иман
саусақ» деп аталады. Қастерлеу керек.
176. Далада жатқан, шала жанған ағашты үйге кіргізбей ді.
Өйткені күйелі ағаштай пәле жұққыш болады. Көңіл
шаладай бықсып, үй-ішінде алауыздық туады. Қора-
дағы қой, өрістегі жылқы, қотандағы сиыр, даладағы
түйе шала туып, шығын көбейеді. Береке кетіп, бақыт
сөнеді, адам өледі деп ырымдалады.
177. Дастархан басында, ас алдында, тамақтанып отырғанда
сырттан сәлем беріп кірген кісінің қолын алмайды.
Бас изеп, асқа кел деп шақырады. Жуылмаған қолды
астан артық көру—адамдық қасиетке жатпайды. Ас-
тан аттауға болмайды. Майлы ас жеп отырып, қолды Достарыңызбен бөлісу: |