Саматова Кусни Мухамедмансуровна Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 2 жыл І санат Дене шынықтыру Тақырыбы: Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды қолдану түрлері. сынып Ұлттық ойынның сабақ



бет2/2
Дата05.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#20143
түріСабақ
1   2
І.

Кіріспе бөлім.

13мин







Сапқа тұрғызу.Сәлемдесу.



1 мин

Оқушылардың спорт киімдеріне
назар аудару






Сабақ тың тақырыбын айту,сабақтың мазмұнын түсіндіру.Саптық жаттығуларды қайталау.Оңға,солға,артқа айналу.

1 мин

1 мин


Ойын барыс-да техника қауіп-к ережені
Ескерту




Спорт залды айналып жүгіру.

Жүгіріп жасалатын жаттығулар.


1.Тізені жоғары көтеру


2.Аяқты артқа тастап жүгіру


3.Адымдап жігіру


4.Қатты жүгіріспен жүгіру


Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.



5 мин

2-3 рет

2-3 рет

2-3 рет

2-3 рет

5мин


Ара-қашық-ты сақтау
екі қолды алға созу
екі қолды өкшеге тигізу
аяқ арасын ашып ара
қаш-тық сақтау

Дұрыс ,тиімді жасау







ІІ

ІІІ.



Негізгі бөлім
Сынып төрт топқа бөлінеді.Ойын ережесімен таныстырылады.1-топ асық ойыны,оның ішінде бестас .Ойнаушылар,ең алдымен,кім-кімнен кейін ойнайтынын өздері анықтайды.Бірінші кезекті алған ойыншы бестасты ойын шартын бұзып алғанға дейін ойнайды.Одан кейін екінші кезектегі, ол тоқтаған соң үшінші кезектегі ойыншы ойнайды.Ойын осылай жалғаса береді.1.Бірлік.Бес тасты жерге иіріп тастаған соң біреуін қақпа тас етіп алып,қалған төрт тасты жоғары лақтыра отырып,бір-бірлеп қағып алады.2.Екілік.Тастарды жерге иіріп тастап,жердегі төрт тасты екі-екіден қағып алады.3.Үштік.Үш тасты бірге,бір тасты жеке қағып алады.4.Төрттік.Мұнда қақпа тасты жоғары лақтырып,ол келгенше төрт тасты жоғары лақтырып,жердегі тастың төртеуін де бірден қағып алады.5.Жалақ.Қақпа тасты жоғары лақтырып жіберіп,сұқ саусақпен жерді үш рет «жалатып» үлгеру керек.6.Алақан.Қақпа тасты лақтыра отырып,қалған төрт тасты бір-бірлеп екінші қолдың алақанына жинайды.7.Төрт бұрыш.Төрт тасты төрт жерге қойып,яғни төрт бұрыш жасап қойып,содан соң қақпа тасты биіктікте лақтырып,тастардың төртеуін де жинап қағып алу керек.8.Арттан тастау.Бұл ойында жерден бірінші тасты қағып алған соң,екінші тасты жерден қағып алу үстінде бірінші тасты қолдың артынан жерге тастау керек.9.Үндемес.Қақпа тасты қағып алғанда,ол алақандағы басқа тасқа соғылмауы керек.10. Сарт-сұрт.Бұл ойында бірліктегі сияқты әрбір тас бір-бірлеп қағып алынады.Бірақ қақпа тас пен жерден алынған тастың бір-біріне соғылғаны естілуі керек.


2-топ.Білектесу.Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да,бірінің қолын алақандастыра мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады.Осылай ұстасып алған екі ойыншы,ойын бастаушы команда берісімен,шынтақтарын сол орнынан қозғалмай,қарсысындағы оқушының тіреуін шалқасынан түсіруге ұмтылады.Білегі тайып жантайған оқушы жеңіледі.Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.




3-топ.Тартыспақ.Ойыншылар екі-екіден ортаға шығады да,екі басы біріктіріліп түйілген арқанды екеуі бірдей екі жағынан белдеріне іліп,екі қолтығының астынан жібереді де,екеуі екі жаққа қарай еңбектеп,күні бұрын белгіленген жерге дейін бірін-бірі тартып жеткізулері керек.Қайсысы сүйреп,жеткізсе сол ойыншының ұтқаны болып есептелінеді.





4-топ.Екі оқушы шеңбердің ортасына тұрады.Ереже бойынша екі қолдарымен бір-бірінің белбеуінен ұстайды.Басты шарты-күшін,әдісін асырып,шеңберден кім шығарады,сол жеңеді.



Командалық ойын.Арқан тартыс.Бұл ойынға осы төрт топ қатысады.Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі.Ойынның мақсаты-қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу.Қай команда қарсылас команданың ойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе,сол команда ұтқан болып есептелінеді.






Қорытынды бөлім.
Қозғалмалы ойын.Соқыр теке.Ойнаушылар дөңгелене тұра қалып,орталарына орамалмен көзі байланған Соқыр текені шығарады.Шеңбер бойында тұрған ойыншылардың біреуі білдірмей барып,Соқыр текені түртіп қалады.Ал ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы керек.Осылай ойнап жүргенде Соқыр теке тыныш тұрған ойыншыны ұстап алып,атын айтуы мүмкін.Онда ұсталған ойыншы көзін байлап ортаға шығады да,Соқыр теке болады.Сондықтан олар бір орында тұрмай,үнемі қашқалақтап жүруі керек.

Сапқа тұрғызу.Сабақты талдау.Бағалау.


Үйге тапсырма.



27мин


7мин

5 мин

5мин


5мин

5мин

Әр ойынға бес минуттан уақыт беріледі.Сосын топтар сағат тілімен келесі ойынға орын ауыстырады.

Бір қолмен,денеге тигізбеу керек.


Ұмсынған асықты алу керек.


Ең соңғы тасты бірақ кіргізу керек.
Ойнап жатқан оқушы да үндемейді.

Мұғалім ережесін үйрету кезі.


Оқушылардың ойын барысы.
Қолды жіберуге болмайды.
Оқушылардың
орындау барысы.

Қолдың жығылған жері


Техника қауіпсіздік ережені ұстану

Оқушылар орындау үстінде.
Жерге жығуға болмайды.
Белдесу уақыты.

Бірінші бірімен-бірі,


сосын І,ІІ,ІІІ,ІҮ орынға тартысады.

Тартысудың қызықты сәті


Оқушылардың
тартысу кезеңдері

Тек ойнаушылар шеңбер сыртына шығуларына болмайды.


Жалпы дене
дайындығы.

Каталог: files -> caf
caf -> Сабақтың тақырыбы: Қазақфильм киностудиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: а кино өнері туралы мәлімет беру
caf -> Сабақтың тақырыбы:
caf -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері «Әке мен бала», «Жаман жолдас» Сабақтың мақсаты
caf -> Сабақтың тақырыбы С. Торайғыров «Шілде» өлеңі Сілтеме
caf -> Мақсаты: Балаларды шығарманы мазмұндауға үйрету. Міндеттері
caf -> «Көңілді қыс» Возрастная группа дайындық топ Білім беру бөлімінің №1 сәбилер бақшасы Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын Ашық сабақ Тақырыбы: «Көңілді қыс» Дайындық
caf -> Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
caf -> Сабақтың барысы. Тәрбиешінің алдында үстел үстінде телефон тұр, біреу қоңырау шалады. Балалар тәрбиешінің қарама- қарсы отырады
caf -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыстайтын құстар» Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет