«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан 26
2 Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) Электр энергиясы мен жылу энергиясын сатудан түскен түсім электр және жылу энергиясын қадағалау
тапсырылған сәттен, яғни сатып алушыға Топ станцияларын электр және жылу энергиялары желілеріне қосу
орындары болып табылатын электр және жылу энергиясын жеткізу нүктелерінде берген сәттен бастап
танылады.
Электр және жылу энергиясы Топ станцияларының электр және жылу энергиясын жеткізу желілеріне
қосылатын нүктелеріндесатылған жағдайда дебиторлық берешек танылады, өйткені бұл кезде төлем
мерзімінің келіп жетуі тек уақыттың ағымына байланысты болғандықтан өтеу сөзсіз болып табылады. Есепті
кезеңдегі жеткізілген электр және жылу энергиясының нақты көлемі электр энергиясын босату туралы
актімен/жылу энергиясының көлемін салыстыру актісімен расталады. Шот-фактуралар сатушыларға ай сайын
жіберіледі.
Электр энергиясын жеткізу және тарату Топ уәкілетті орган бекіткен тарифтерге сүйене отырып берілген және бөлінген 1 кВт. с. электр энергиясы үшін
тіркелген сыйақысы бар шарт бойынша қызмет ұсынады.
Қызмет көрсетуден түскен түсім қызмет көрсетілген есепті кезеңде танылады. Түсім сатып алушы пайданы бір
мезгілде алып, тұтынатын болғандықтан, есепті кезең ішінде жеткізілген электр энергиясының нақты көлеміне
сүйене отырып танылады.
Есепті кезең ішінде жеткізілген және бөлінген электр энергиясының нақты көлемі сатып алушылармен бірге
коммерциялық есепке алу құралдарының негізінде жасалып, қол қойылатын жеткізілген және бөлінген электр
энергиясының көлемдерін салыстыру актілерімен ай сайын расталады. Шоттар сатып алушыларға ай сайын
әр айдың соңғы күні беріледі және өтеу 5 жұмыс күні ішінде, шот келгеннен кейін төлеуге жатады.
Дебиторлық берешек шотты жіберген сәттен бастап танылады, өйткені бұл кезде төлем мерзімінің келіп жетуі
тек уақыттың ағымына байланысты болғандықтан өтеу сөзсіз болып табылады.
Электр қуатының қол жетімділігін қолдау бойынша қызмет көрсетуден түсетін табыс. Сондай-ақ, Топ электр қуатына қол жетімділікті қолдау қызметін ұсынады. Электр қуатының қол жетімділігін
қолдау бойынша қызмет көрсетуден түскен кірістер есепті кезеңде осы қызметтер көрсетілген кезде
танылады. Табыс нақты қол жетімді электр қуаты негізінде, сыйымдылық нарығының ережелеріне сәйкес бір
сатып алушыдан электр қуаты бар екендігі туралы ай сайынғы есептер негізінде анықталады.
Шартта айына бір кВт қуат үшін төлем қарастырылған, ал Топ шот-фактураны алуға құқығы бар мөлшерде
танылады.
Есепті айда қол қойылған акт негізінде Топ ай сайын Бірыңғай Сатып алушыға шот-фактураларды шығарады.
Электр энергиясын өткізу Топ электр энергиясын уәкілетті органмен келіскен тарифтерге сүйене отырып, жеке және заңды тұлғалармен
жасаған шарттар бойынша электр энергиясын сатады.
Заңды тұлғаларға сатудан түскен түсім электр энергиясы есептеуіштердің көрсеткіштеріне сәйкес тұтынылған
есепті кезеңде танылады. Заңды тұлғалармен жасасқан шарт бойынша түсім төлем құжатын жіберген күннен
бастап 5 жұмыс күні ішінде төлеуді қарастырады. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды
тұлғаларға арналған шарт есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін төлеуді қарастырады.
Жеке тұлғаларға сатудан түскен түсім электр энергиясы тұтынылған есепті кезеңде танылады. Жеке
тұлғалармен жасалған шарт бойынша түсім есепті кезеңде сатылған электр энергиясының жалпы көлеміне
барабар танылатын есептеуіш көрсеткіштерін алғаннан кейінгі айдың соңғы бірнеше күндерінің түсімінен
тұрады. Жеке тұлғалармен жасалған шарт Компания жазып берген төлем құжатының негізінде есепті айдан
кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуді қарастырады. Есептесу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды.