«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
29
3
Жаңа есепке алу ережелері
Төменде қайта қаралған стандарттар мен түсіндірмелер 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Топ үшін міндетті
болды, бірақ Топқа айтарлықтай әсер еткен жоқ
:
«COVID-19-ға байланысты жалдау бойынша жеңілдіктер» ХҚЕС-ке (IFRS) түзету (2020 жылғы 28 мамырда
шығарылды және 2020 жылғы 1 маусымда немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін
күшіне енеді).
Базалық пайыздық мөлшерлеме реформасы – 9 (IFRS) ХҚЕС, 39 (IAS) ХҚЕС және 7 (IFRS) ХҚЕС-ке
түзетулер (2019 жылғы 26 қыркүйекте шығарылған және 2020 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен
кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін күшіне енеді).
2-
кезеңнің түзетулері реформаларды енгізу нәтижелерінен туындайтын, оның
ішінде бір базалық пайыздық
мөлшерлемені баламалы мөлшерлемеге ауыстыруға қатысты мәселелерді шешуге бағытталған. Түзетулер
мынадай салаларға қатысты:
Базалық пайыздық мөлшерлемені реформалау нәтижесінде ақша қаражатының шарттық ағындарын
анықтау үшін базистегі өзгерістерді есепке алу тәртібі (бұдан әрі – «IBOR реформасы»): түзетулерге
сәйкес амортизацияланған құн бойынша бағалау қолданылатын құралдарға қатысты ұйымның
практикалық сипатын оңайлату ретінде IBOR реформасының нәтижесінде 9 ХҚЕС-тің (IFRS) B5.4.5-
тармағында қамтылған нұсқаулықтың көмегімен тиімді пайыздық мөлшерлемені өзектендіру арқылы ақша
қаражатының шарттық ағындарын айқындау үшін базистегі өзгеріс ескерілуі тиіс. (IFRS).
Соған сәйкес,
тиісті сәтте пайда немесе шығын танылмады. Практикалық сипаттағы көрсетілген жеңілдік тек осындай
өзгеріске және IBOR реформасының тікелей салдары ретінде қажет болатын дәрежеде қолданылады, ал
жаңа базис алдыңғы базиске экономикалық тұрғыдан барабар. 9 ХҚЕС-ті (IFRS) қолданудан уақытша
босатуды қолданатын сақтандырушылар да практикалық сипаттағы осындай жеңілдікті қолдануға тиіс.
16
ХҚЕС-ке (IFRS) де түзету
енгізілді, оған сәйкес жалға алушылар IBOR реформасы нәтижесінде
болашақ жалдау төлемдерін анықтау үшін базисті өзгертетін жалдау шарттарының өзгерістерін есепке
алу үшін практикалық сипаттағы ұқсас жеңілдікті қолдануға міндетті.
Хеджирлеу қатынастарында шартта айқындалмаған тәуекел компоненттері үшін 1-кезеңнің түзетулері
бойынша босатудың аяқталу күні: 2-кезеңнің түзетулеріне сәйкес
ұйымдар болашақта шартта
айқындалмаған тәуекел құрауыштарына қатысты екі күннен ерте: шартта айқындалмаған тәуекел
құрауышына өзгерістер енгізу күніне немесе хеджирлеу қатынастарын тоқтату күніне 1-кезеңді босатуды
тоқтату қажет. 1-кезеңнің түзетулерінде тәуекел компоненттеріне қатысты аяқталу күні анықталмаған.
Хеджирлеуді есепке алуға қойылатын нақты талаптарды қолдануға байланысты қосымша уақытша
ерекшеліктер: 2-кезеңнің түзетулері 39 ХҚЕС (IAS) және 9 ХҚЕС (IFRS) белгілеген
ерекше талаптарды
қолданудан, IBOR реформасы тікелей әсер ететін хеджирлеу қатынастарына хеджирлеуді есепке алудан
қосымша уақытша босатуды көздейді.
«IBOR реформасына қатысты 7 ХҚЕС (IFRS) бойынша ақпаратты қосымша ашу»: түзетулерде мынадай
ақпаратты ашуға қойылатын талаптар белгіленеді: (i) ұйым баламалы базалық мөлшерлемелерге көшу
процесін қалай басқарады; оның прогресі және осы
көшуден туындайтын тәуекелдер; (ii) көшіру қажет
болатын туынды және туынды емес қаржы құралдары туралы сандық ақпарат,
маңызды базалық
пайыздық мөлшерлемелер бойынша бөлгенде және (iii) IBOR реформасы нәтижесінде тәуекелдерді
басқару стратегиясындағы кез келген өзгерістерді сипаттау.