«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет19/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
22 

Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) 
Акционерлік капитал 
Жай акциялар капитал ретінде жіктеледі. Жаңа акцияларды шығарумен тікелей байланысты қосымша 
шығындар капитал құрамында, салықтарды шегергендегі түсімдер сомасынан алынған шегерімдер ретінде 
көрсетіледі. Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен акцияларды әрбір жеке шығарған жағдайда әр 
акцияның құны, сонымен қатар, заңнамаларға сәйкес акцияның саны анықталады. Шығарылған акциялардың 
номинал құнынан алынған құралдардың әділ құнынан арту сомасы капиталда эмиссиялық табыс ретінде 
көрінеді. 
Дивидендтер 
Дивидендтер міндеттемелер ретінде танылады және олар жарияланған және есептік кезеңнің соңына дейін 
қоса алғанда бекітілген жағдайда ғана есептік кезеңнің соңында капитал сомасынан шегеріледі.
Егер олар есептік кезеңнің соңына дейін ұсынылса, сонымен қатар, есептік кезең аяқталған соң, бірақ 
қаржылық есептілікті шығаруға бекіту күніне дейін ұсынылса немесе жарияланса, есептілікте дивидендтер 
туралы ақпарат ашылады.
Қосымша құн салығы 
Сату кезінде туындайтын қосымша құн салығы (бұдан әрі «ҚҚС») тауарларды тиеу және қызметтерді көрсету 
кезінде салық органдарына төленуі тиіс. Тауарларды және қызметтерді сатып алу кезінде төленген ҚҚС 
жеткізушіден салықтық шот-фактура алған кезде төленуге тиіс ҚҚС есебіне ескерілуі мүмкін.
Салық заңнамасы ҚҚС төлеуді таза негізде жүргізуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, сату мен алу бойынша ҚҚС 
қаржылық жағдай туралы есептілікте таза негізде көрсетіледі. Егер оны өтеу есептік кезеңнен кейін бір 
жылдың ішінде қарастырылмаса, орнын толтыруға арналған ҚҚС ұзақ мерзімді актив ретінде жіктеледі. 
Резервтер 
Егер Топ бұрын болған белгілі бір оқиғаның салдарынан оны реттеу үлкен ықтималдылықпен ресурстардың 
сыртқа ағылуы мүмкін және ақшалай көрсеткіште барынша сенімді деңгейде бағалауға болатын заңды немесе 
практикада қалыптасқан міндеттемелерге ие болса, резервтер танылады. Резервтер болашақтағы 
операциялық залалдар бойынша танылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет