«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет37/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
2022 
2023 
2024 
2025 
2026 
2027 
Күрделі шығындар көлемі 
9,927,871 
5,552,875 
5,175,089 
3,352,583 
5,415,354 
3,444,654 
 


«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
37 

Есептік саясатты пайдаланудағы маңызды есептік бағалау мен кәсіби пайымдар 
(жалғасы) 
Өткізілген тест нәтижесінде 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша негізгі құралдар мен материалдық 
емес активтерді пайдалану құны 61,243,371 мың теңге мөлшерінде айқындалды, бұл олардың баланстық 
құнынан жоғары. Топ активтердің құнсыздануынан болған 20,737,321 мың теңге сомасындағы шығынды 
таныды. 
2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құнсыздану белгілері болған жоқ. 
Негізгі құралдардың құнсыздану белгілерін талдау 
Топ басшылығы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС (бұдан әрі – «ЕГРЭС-1»), «Алатау 
Жарық Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «АЖК»), «Тегіс Мұнай» ЖШС және «Маңғышлақ Мұнай» ЖШС (бұдан әрі 
– «Тегіс Мұнай») еншілес компанияларының негізгі құралдарының, сондай-ақ «Активтердің құнсыздануы» 36 
БЕХС-ке сәйкес жүргізілген «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ (бұдан әрі «ЕГРЭС«) бірлескен кәсіпорнына 
салынған инвестициялардың құнсыздану белгілеріне талдау жүргізді. 
Құнсыздану белгілерін талдау кезінде пайдаланылған негізгі фактілер мен болжамдар мыналар болып 
табылады: 

есепті кезең ішінде еншілес компаниялардың экономикалық тиімділігінде теріс өзгерістердің болмауы; 

кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердегі және ұзақ мерзімді инфляция мөлшерлемесіндегі 
өзгерістер маңызды болып табылмайды; 

еншілес компаниялар үшін кезең ішінде орын алған немесе жақын болашақта орын алуы мүмкін 
жағымсыз салдарлары бар елеулі өзгерістердің болмауы; 

Қазақстан Республикасының солтүстік және оңтүстік аймағында электр энергиясына сұраныстың орта 
мерзімді перспективада болжамды өсуі; 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 211 бұйрығына сәйкес, 
2021 жылғы 1 шілдеден бастап энергия өндіруші ұйымдар (бұдан әрі – «ЭӨҰ») үшін Пайда нормасын 
айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалатын пайда нормасын ескере отырып электр энергиясына шекті 
тарифтерді ұлғайту.Электр энергетикасы саласындағы заңнаманың 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 
жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға «өтпелі» үстемеақы (бұдан әрі – «ЖЭК») тетігін 
енгізу бөлігіндегі өзгерістер. Бұл өзгерістер дәстүрлі ЭӨҰ-лардың электр энергиясын сатып алуға 
арналған шығындарды есепке алу тетігін жетілдіру мақсатында енгізілді және соған сәйкес дәстүрлі ЭӨҰ-
лардың шекті тарифіне ЖЭК-ті пайдалануды қолдауға үстемеақы қосылады, бұл ЖЭК электр энергиясын 
сатып алу кезінде туындаған шығындарды болдырмайды. 
«ЕГРЭС-1» бойынша құнсыздану белгілерін талдау кезінде пайдаланылған қосымша фактілер мен 
болжамдар: 

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қызметтің негізгі операциялық және қаржылық 
көрсеткіштері бойынша жоспарды асыра орындау; 

2026 жылдан бастап № 1 энергия блогын пайдалануға беру есебінен электр энергиясын өткізу көлемінің 
болжамды ұлғаюы; 

2024 жылы пайдалануға бере отырып, «№1 энергия блогын жаңа электр сүзгілерін орнату арқылы 
қалпына келтіру» жобасы бойынша инвестицияларды қайтаруды қамтамасыз ететін электр қуатын 
әзірлікте ұстап тұру жөніндегі қызметтерге жеке тариф алу (Қазақстан Республикасы Энергетика 
министрлігімен 2021 жылғы 22 ақпандағы инвестициялық келісім). 
«ЕГРЭС-2» бойынша құнсыздану белгілерін талдау кезінде пайдаланылған қосымша фактілер мен 
болжамдар: 

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қызметтің негізгі операциялық және қаржылық 
көрсеткіштері бойынша жоспарды асыра орындау; 

2026 жылдан бастап № 3 энергия блогын пайдалануға беру есебінен электр энергиясын өткізу көлемінің 
болжамды ұлғаюы; 

Электр энергиясына тарифтің елеулі ұлғаюы – 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 9.13 теңге/кВтс-дан 
9.69 
теңге/кВтс-ға дейін және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 10.16 теңге/кВтс-ға дейін ұлғаюы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет