«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет34/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
35 

Есептік саясатты пайдаланудағы маңызды есептік бағалау мен кәсіби пайымдар 
(жалғасы) 
Электр-жылу энергиясын өткізуге және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі қызметке 
арналған болжамды көлемдер мен тарифтер: 
«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес энергия өндіруші ұйым электр энергиясына босату бағасын 
дербес белгілейді, бірақ электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының электр 
энергиясына белгілеген шекті тарифтен асырмайды және қажет болған жағдайда баға түзетіледі. Шекті 
тарифті ҚР Энергетика министрлігі электр станцияларының типі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын 
түрі, отынның орналасқан жерінен қашықтығы бойынша қалыптастырылатын энергия өндіруші ұйымдардың 
топтары бойынша бекітеді. 
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы №475 «Электр энергиясын 
өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобын бекіту туралы» бұйрығымен «АлЭС» АҚ энергия өндіруші 
ұйымдардың жеке 26-тобы болып айқындалды. ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы 
№514 «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" ҚР ЭМ-нің 
2021 жылғы 24 маусымдағы №211 бұйрығымен «АлЭС» АҚ электр энергиясына бекітілген
2021 жылғы 1 шілдеден бастап жылдарға бөлгенде бес жылға тең мерзімге тариф 10.23 теңге/квтс (ҚҚС-сыз) 
құрайды.Сонымен қатар, «ЖЭК-ті пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеден 
бастап электр энергиясын тұтынудың 1 аймағы бойынша шартты тұтынушылар үшін жаңартылатын энергия 
көздерін пайдалануды қолдауға 2021 жылға 1.57 теңге/квтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде және 2022 жылға 
1.58 
теңге/квтс мөлшерінде (ҚҚС-сыз)үстемеақы енгізілді. Осылайша, «АлЭС» АҚ электр энергиясына 
2021 
жылға арналған босату тарифі 11.80 теңге/кВт/сағ (ҚҚС-сыз) және 2022 жылға 11.81 теңге/кВт/сағ
(ҚҚС-сыз) құрайды. 
Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін реттеліп көрсетілетін 
коммуналдық қызметтерге, атап айтқанда сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, газбен 
жабдықтауға және электрмен жабдықтауға тарифтерді арттыруға,2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы №211 бұйрығымен бекітілген 
тарифке негізделген кВт бірлігі үшін электр энергиясына шекті тарифтің болжамына мораторий енгізілді. 
2022 
жылдың екінші жартыжылдығынан бастап болжамды тариф электр энергиясына шекті тарифті бекіту 
туралы ережені қолдана отырып есептелді. 
Топтың ЖЭО-2 газға ауыстыру жобасын 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарына сәйкес, 
2026 
жылдан кейінгі ақша ағындары ЖЭО-2-нің ақша ағындарын есепке алмай есептелді. 2027 жылы электр 
энергиясының тарифі ЖЭО-2 активтерінің істен шығуын есепке ала отырып есептелді.
«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына түзетулер енгізілгеннен кейін электр қуатының нарығы арқылы 
жаңа станция құрылысына салынған инвестицияларды толық өтеу болжанып отыр. 
Сату көлемінің болжамы өткен жылдардағы ақпарат және Топтың 2022-2026 жылдарға арналған Даму 
жоспарына сәйкес басшылықтың болжамдары негізінде жасалды. Электр энергиясын сату көлемі шамамен 
2022 жылға дейін болжануда. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет