«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет42/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
41 

Есептік саясатты пайдаланудағы маңызды есептік бағалау мен кәсіби пайымдар 
(жалғасы) 
Күтілетін кредиттік шығындарды бағалау
Күтілетін несиелік шығындарды бағалау дегеніміз – бағаны алу үшін бағалау әдіснамасы, модельдері және 
бастапқы деректері пайдаланылатын маңызды бағалау. Күтілетін кредиттік шығындарды бағалау 
әдіснамасының егжей-тегжейлері 29-ескертпеде ашылған. Мынадай компоненттер кредиттік шығындарға 
арналған бағалау резервіне елеулі әсер етеді: дефолтты айқындау, кредиттік тәуекелдің едәуір ұлғаюы, 
дефолт ықтималдығы, дефолт тәуекеліне ұшырау және дефолт жағдайындағы шығын мөлшері, сондай-ақ 
макроэкономикалық сценарийлер модельдері. Компания күтілетін несиелік шығындар мен 
дебиторлық 
берешекке қатысты 
нақты шығындар арасындағы алшақтықты азайту мақсатында модельдер үшін 
модельдер мен бастапқы деректерді үнемі тексеріп отырады және растайды. 


«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
42 

Сегменттер бойынша ақпарат 
Операциялық сегменттер шаруашылық қызметті жүзеге асыратын құрамдастарды білдіреді. Мұның үстіне, 
олар түсімді қозғалысқа келтіре алады немесе шығындармен байланысты бола алады. Сегменттердің 
операциялық нәтижелерін жоғарғы жедел басқару органы тұрақты түрде талдайды, операциялық сегменттер 
үшін жеке қаржылық ақпарат бар. Жоғарғы жедел басқару органына ресурстарды бөліп, компания қызметінің 
нәтижелерін бағалайтын бір адам немесе бір топ адам өкіл бола алады. Жоғарғы жедел басқару органының 
функцияларын Топ Басқармасы орындайды.
Жоғарғы жедел басқару органы талдайтын сегменттік қаржылық ақпарат түсім және салық алынғанға дейінгі 
пайда туралы ақпараттан тұрады. Жоғарғы жедел басқару органы сонымен қатар Топтың EBITDA туралы 
ақпаратын да талдайды. Ол қаржылық пайда/залал, пайдаға салынатын салықтар бойынша шығыстар, негізгі 
құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы, негізгі құралдардың және 
инвестициялық 
меншіктің 
құнсыздануы, 
гудвилдің 
құнсыздануы, 
бірлескен 
кәсіпорындармен 
қауымдастырылған компаниялардағы табыстар/(шығындар) үлестерінің құнсыздануы, сондай-ақ басқа осыған 
ұқсас нәтижелерге дейінгі кезеңдегі пайда/залалдар) және осыған ұқсас әлерлер ретінде есептеледі. Топ 
бойынша пайыздар, салықтар мен амортизациялық аударымдардыңшегенгенге дейінгі табысты анықтау 
жүйелілігі(EBITDA) басқа компаниялар пайдаланатын жүйеден өзгеше болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет