Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі19,24 Kb.
#93694
  1   2   3
Байланысты:
Сана және бейсана


Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау
Сана мəселесі-философиядағы басты жəне күрделі, түсіндіруге қиын мəселелердің бірі,
себебі сананы көру, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігінкөрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршағ ан ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмəнсіз. Сондық танда философия тарихында сана,жан, бейсаналы құғ ымдарының төңірегінде үнемі пікір таластар жүріп отырды жəне оларқазірде жалғасуда.Сананы түсінудегі əр түрлі көз қарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады:
Материалистік – сананы материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну; Идеалистік - сананы материяға жат,одан алғашқы, жаратылыстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну. Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері сананың мəні, генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады.
Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нəтижесінде қоғамда қалыптасты жəне сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір
сүруіне жəне табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нəрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ойөрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты,
олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта əсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді. Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тəн қасиет. Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі əсер етіп отырады жəне белгілі бір дəрежеде өзгерістерге ұшырайды. əрбір зат, құбылыс өзі əсер еткен нəрседе өзінің «ізін», бейнесін қалдырады
Бейсана —адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет.Ол адас өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын әр түрлі күйлердің жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы: бейсананы ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес.Бейсана адамның ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді.
Салыстырмалы философия -тарихи-философиялық және философиялық зерттеулердің саласы, Батыс пен Шығыстың философиялық дәстүрлерін салыстырмалы зерттеу, оның ішінде философиялық мектептерді, ілімдерді, жүйелерді, категориялық аппараттарды және жеке ұғымдарды зерттеу. Қазіргі уақытта салыстырмалы философияның тақырыбы Латын Америкасы мен Африканың философиялық дәстүрлерін салыстыру болып табылады. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, ежелгі уақытта салыстырмалы философияның пайда болуын анықтау мүмкіндігіне қарамастан, оны философиялық және тарихи-философиялық зерттеулердің тәуелсіз саласы ретінде институционализациялау ХХ ғасырдың 30-40 жылдарына сәйкес келуі керек. Мұның себептері ХХ ғасырда Батыс пен шығыс арасындағы тығыз байланыстардың орнатылуынан көрінеді. Философиялық компаративистиканың негізін қалаушылар арасында француз ойшылы Пол Массон-Урсельдің, "салыстырмалы философия" (1923) және "салыстырмалы Философияға кіріспе" (1962) авторы Үнді философы Пуллу Тирупати Раджудың есімдері аталады. ХХ ғасырдағы философиялық компаративистиканың ең ірі өкілдерінің бірі-жапон ғалымы Накамура Хадзиме. Салыстырмалы философияның дамуына бельгиялық философ және Қытай математикасының тарихшысы Ульрих Либбрехт айтарлықтай үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет