Санасыз — санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актіде іске асады (мысалы, түс көруде). Санасыздық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде): ойлауында, интуициясында аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп 3. Фрейд "санасыздықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол санасыздықта әлеуметтік нормалардыңталабына байланысты іске аспаған әуесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психолошяда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.