Өзіндік сана - Өзіндік сана- адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл- ойын, қабілеттілігін, әр бір іс- әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат- міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы.
- Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлқа тән. Өзіндік сана- сезім рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теорилық ойлау деңгейіне көтеріледі.
- Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
- Ұлттық өзіндік сана - белгілі бір ұлттық қауымға енетін адамдардың осы қауымның идеалдарын, мәдени нормаларын, дәстүрлерін, тұрмыстық стереотиптерін меңгеруін, сондай-ақ, олардың жалпы қоғамдағы осы әлеуметтік-этникалық топтың мүдделері мен жағдайларын түсінуді сипаттайтын елестетулер деңгейі.[1]
- Ұлттық өзіндік сана - белгілі ұлт өкілі ретінде индивидтің өзі туралы салыстырмалы түрде тұрақты, ұғынылған және қайталанбайтын жүйе. Ұлттық өзіндік сана — ұлттық қоғамдық шындықты өзінше қабылдап, оны салт-дәстүр, ұлт тілі, ұлттық өнер арқылы білдіруі. Сана объективті дүниені және өзінің жеке болмысын ой елегінен өткізуге белсене қатысатын адамның психикалық процестерінің бірлігін көрсетеді. Ол адамның еңбек, қоғамдық-өндірістік қызметі барысында пайда болады және сананың өзі сияқты тілмен тығыз байланысты. Адам объектілерге түсініп ұғына қарайтындықтан, оның дүниеге қатынас тәсілі ғана сана деп аталады.[2]
- Этностық өзіндік сана - топ деңгейінде ұлттық сананың, діннің, нәсілдің ұғым ретіңде пайдаланылуы әр ұлттық орта — ол қоғамдық сананың нысанына сәйкес келетін ерекше әлеуметтік ықшам топ. Этностық өзіндік санада ұлттық мәні бар құндылықтар болады. Этностық өзіндік сана индивидтер, ұлт пен ұлыстар деңгейінде байқалады. Этностық ой-сана — этностық салт-сананың, әдет-ғұрыптың, дүниетаным көзқарастарының кемелденуін білдіретін ұғым.
Достарыңызбен бөлісу: |