Сандар қатарының заңдылығы



бет9/11
Дата02.11.2022
өлшемі218,55 Kb.
#156128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әдістер жинағы

«Ақ серек пен көк серек» ойыны
Ойынның мақсаты: Ойынға деген балалардың қызығушылыған арттыру, көңіл-күйін көтеру, жылдамдыққа, ептілікке, шапшандыққа үйрету.ойын шартын дұрыс түсіндіре отырып, ойынға деген белсенділігін арттыру.
Ойынның шарты: Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралары 30-40 метрдей жерде бір-біріне қарсы орналасады. Қаз қатар қол ұстасып тізіліп тұрады. Жеребе бойынша анықталған ойынды бастаушы топтың балалары әндете өлең айтады:
Ақ, серек те, көк серек
Бізден сізге кім керек?
Екінші тотың балалары:
А, ақ серек те, көк серек
Бізге сізден Еркеназ керек – деп бірінші топтағы баланың атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобына қосады. Осылайша ойын жалғаса береді. Қай топ өз ойыншыларынан көп айырылып қалса, жеңілген болып есептелінеді.
«Сөздер тізбегі» ойыны
Шарты: Ойыншылар дөңгелене отырып, бірінен соң бірі сөздер айтады. Алдымен алғашқы ойыншы бір сөз айтады, келесі адам оның айтқан сөзінің соңғы әрпінен сөз құрауы керек. Мысалы: Сөз-зеңбірек-кесе-ел... Осылай жалғаса береді. Бұл ойын уақытқа ойналады. Дер кезінде айта алмай қалған адам ойыннан шығып отырады. Ойынды сәл күрделендіру үшін адам аты, қала аты деген сияқты тақырыптық сөздер айтып ойнауға болады. Бұл ойынды барлығымыз дерлік білетін болармыз. Дегенмен, балаларға қызығырақ болары сөзсіз.


«Сенемін, сенбеймін» ойыны
Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту.
Балалар шеңбер құрып отырады. Психолог допты кез келген бір балаға лақтырып, былай деп айтады:
— Піл ұшу біледі;
— Құстар апанда ұйықтайды;
— Балықтар құрлықта өмір сүреді, т.с.с.
Балалар педагог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер бала жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы
беріледі. Бір ескерту алмаған бала «ең зейінді бала» болып есептеледі.


«Қолтырауын» ойыны
Ойын мақсаты – сөзсіз затты, сезімді немесе оқиғаны көрсету.
Ойын ережесі:
1. Ойынға қатысушы тек қана мимикамен қимыл көрсету керек
2. Сөйлеуге немесе дыбыс шығаруға тыйым салынады
3. Қойылатын сұрақтарға пантомима негізінде жауап беруге болады
4. Сөздерді әріппен көрсетуге болмайды
Тапсырма: Қалған топтарға тақырыпқа сәйкес 3 зат, сезім немесе оқиғаны көрсету.


«Ойлан тап!» ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың бір – бірімен қарым –қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа. тәрбиелікке үйрету.
Шарты: Балалар топқа бөлінеді. Өздеріне берілген тапсырманы вербалсыз және тек іс-әрекет арқылы орындап, қарсы топқа қағаздағы маман иелерін жасырады. Ойын барысында топтың ұжымдастығы мен актерлік шеберлігі бағаланады. Жасырылған мамандықты тапқан топқа 1 баллдан қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет