Сандық мәнімен қатар, бағытымен де сипатталатын шаманы векторлық шама немесе вектор деп атайды.
"Вектор" (“vehere”) сөзін латын тілінен аударғанда, "әкелу", "жеткізу" деген мағынаны білдіреді.
Анықтама: Вектор деп- бағытталған кесіндіні айтатын боламыз. Вектордың бағытын анықтағанда, оның бас нүктесі мен ұшын көрсетіп белгілейді. Сызбада вектордың бағытын нұсқармен белгілейді. Векторларды белгілеу үшін латын әріптерінің кіші таңбалары: a,b,c... қолданылады. Сондай-ақ векторды бас әріптерме н бас нүктесі мен ұшын көрсетіп те белгілеуге болады. Мұнда вектордың бас нүктесі алдымен жазылады. «Вектор» дегеннің орнына әріптік белгі үстіне кейде нұсқар не сызықша койылады: a⃗ немесе AB→.
а
Достарыңызбен бөлісу: |