КЕАҚ «Астана Медицина Университеті»
Медицина негіздері кафедрасы
БӨЖ ОРЫНДАҒАН: Шаяхметова Аида ТЕКСЕРГЕН: Каркабаева А.Д. ФАКУЛЬТЕТ: Жалпы медицина ТОП: 223
Тақырыбы: Санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкес бұйрықтар. Мед.құрал-саймандарды зарарсыздандыру алдында тазарту. Қолды өңдеу. Заманауи дез.ерітінділер.
Нұр-Сұлтан 2021 жыл
Жоспар
Кіріспе
Санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкес бұйрықтар.
Медициналық құрылғыларды алдын ала зарарсыздандыру кезеңдері
Кіріспе Бөлме жабдықтарына және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларына, жарықтандыруға, желдетуге, жылуға, канализация жүйесіне, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
20. Егер де тұрғылықты жерлерде орталықтандырылған су жүйесі болмаса, онда электрлік жылытатын құралдарды қолдана отырып қазба жолмен алынған жергілікті суды қолдана алады.
21. Жергілікті канализация жүйесіне жиналған лас сулармен қоқыстар өз уақытында тазаланып отырылуға тиіс.
22. Аурухана қызметкерлері қызмет көрсететін санитарлық тұрмыстық бөлмелер ҚНмЕ талаптарына сай жабдықталуы тиіс.
23. Барлық бөлмелер, медициналық жабдықтар таза күйінде болуы қажет. Бөлмелерді ылғалды жинау, ауасын залалсыздандыру күнделікті жүргізіледі. Жинайтын инвентарлар маркировкаланып, қатаң түрде талапқа сай қолданылып тиісті бөлмеде сақталуы қажет. Бөлмені жинауда Қазақстан Республикасында қолдануға ұрықсат етілген дезинфекциялы заттар қолданылады.
24. Ауаны залалсыздандыру үшін мыналар қолданылады: 1) экрансыз қозғалмалы бактериоциттік шам, есеп бойынша бөлменің 1 текше метр (бұдан әрі- м 3 ) көлемі 2,0-2,5 ватт (бұдан әрі - вт) күшке сәйкес қойылады; 2) экрандық бактериоциттік шам есеп бойынша бөлменің 1 м 3 -на 1,0 вт күші, еденнен 1,8-2,0 м сәйкес қойылуы қажет. Шамның жұмысының есебі арнайы журналға тіркеледі.
25. Шам сөндіргіші бөлменің кіре берісінде орналасуы керек. Қызметкерлерге бөлмеге кіру бактериоциттік лампа сөнгеннен кейін 30 минөт өткеннен соң, бөлмені желдеткеннен кейін, рұқсат етіледі.
26. Медициналық және де басқада жабдықтар мен инвентарларды залалсыздандыру және зарарсыздандыру жүргізілуі керек.
27. Науқастардың төсек-орыны аптасына 1 рет алмастырылуы керек. Босанатын әйелдердің төсек-орны әрбір 3 күнде алмастырылады. Сүлгі және астарына қоятын салфеткалар қажеттіліктеріне қарай беріледі. Босану блогында стерильденген төсек-орын қолданылады.