- 1.Тұйық жүйе дегеніміз не?
- 2. Дене импульсі деп қандай физикалық шаманы айтады?
- 3. Күш импульсі деп қандай физикалық шаманы айтады?
- 4.Импульстің сақталу заңының формуласын қорытып шығару.
- 5.Импульстің сақталу заңының маңызы неде?
- Реактивті қозғалыс мысалдары:
- Үрлеп еркіне қоя берілген шар.
- Сегізаяқ, кальмар, теңіз құрты, медуза сияқты теңіз жәндіктері.
- Ұшақтар, Жердің жасанды серіктері, ғарыш зымырандары.
- Мылтық дүбінің қозғалысы және т.б.
- Ғарышқа алғашқы қадам жасау 1857-1935 жылдар аралығында өмір сүрген белгілі ғалым К.Э. Циолковскийден басталады десек болады. Циолковскийдің идеялары оның 1903 ж шыққан «Әлемдік кеңістікті реактивті құралдармен зерттеу» деген еңбегінде көрініс тапты. Ол зымырандардың көмегімен ғарышты игеру мүмкіндігін теориялық түрде дәлелдеді: денеде бірінші ғарыштық жылдамдық тудыра алатын зымыран құрылысын, көпсатылы зымырандардың сипаттамаларын, массасы айнымалы денелердің қозғалысы туралы, сондай-ақ ғарышқа ұшу жөніндегі басқа да маңызды идеяларды ұсынады. Ойымен қиялы болашаққа ұмтылған Циолковскийдің идеяларында ғажайып қиял мен техникалық мүмкіндіктер арқылы жүзеге асырылатын мәселелер үндестік тапты. Тек содан жарты ғасыр өткеннен соң ғана, адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы туралы арманы орындалды. Циолковскийдің идеялары орыс ғалымы К.П.Королевтың басшылығымен жүзеге асырылды.
- Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі “Байқоңыр” ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылған болатын.Жердің жасанды спутнигімен космосқа сапар шеккен алғашқы адам Советтер Одағының азаматы Юрий Алексеевич Гагарин болды.
- Ол 1961 жылдың 12 сәуірінде “Восток” корабль спутнигімен Жер шарын айналып ұшып өтті.
- Советтік зымырандар бірінші болып Айға жетті, бірінші болып Айды айналып шықты және оның көрінбейтін “аржақ” беткейін суретке түсіріп алды,
- Бірінші болып Шолпан планетасына жетті. СССР космос кеңістігін зерттеуде жетекші орын алды. Жыл өткен сайын ғарыш кемелері, зерттеу бағдарламалары жетілдірілді.
- Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтын бітірген (1979). 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
- Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — қазақтың 2-ші,
- ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (2008),авиация генерал-лейтенанты (2007). ҚР тамыздың 21-інен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
- 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
- 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
- Айдын Ақанұлы Айымбетов (27.07.1972, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы) - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы. Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген. 1993 жылы алғаш рет ғарышкерлікке өтініш берді.
- Екінші мәрте 2001 жылдың 5 мамырында қайта берді.
- 2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті. 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.[1]
- Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды
- Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кедергі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.
- Зымыран құрылысы:
- 1.Жану камерасы бар отын толтырылған корпустан тұрады.
- 2.Отынның жану кезінде жоғары температураға дейін қызған жоғары қысымдағы газ “Сопло”деп аталатын ерекше пішіні бар камерадан үлкен V жылдамдықпен атқылап шығады
- Қазіргі заманғы зымырандардың қозғалтқыштары отын түрлерін пайдалануы бойынша :
- 1.Сұйық -отынды зымыранда керасин,спирт,анилин,сұйық сутек және тотықтандырғыш ретінде оттек,азот қышқыл және т.б. қолданылады.
- 2.Қатты -отынды зымыранда оқ-дәрінің арнайы түрі қолданылады.
- Сұйық реактивті қозғалтқыштар ғарыш кемелерін ұшыру үшін пайдаланылады.
- Зымырандар көпсатылы болып жасалады,оның әр сатысының:
- 1.Отын қоры
- 2.Тотықтандырғышы
- 3.Реактивті қозғалтқышы болады.
- Адамзаттың ғарышқа шығуы:
- 1.басқа планеталарды
- 2.табиғат құбылыстарын
- 3.Жер қойнауындағы қорларды зерттеуге мүмкіндік береді
- Ғарыш зерттеулері өндіріске де, ғылымға да үлкен пайдасын тигізуде.
- “Байқоныр”ғарыш айлағы бар біздің Қазақстан әлемдегі санаулы ғарыштық мемлекеттердің біріне айналды.
-
Достарыңызбен бөлісу: |