Санжарга, Айманға


Р витамині /флавон, цитрин, рутин/



бет9/19
Дата29.01.2018
өлшемі5,37 Mb.
#35724
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Р витамині /флавон, цитрин, рутин/

1936 жылы венгр оқымыстысы Сент-Дъердьи зертгеулерінің нәтижесінде өсімдіктер өнімдерінде физиологиялық қасиеті жағынан аскорбин қышқылына ұқсас заттар бар екенідігін анықтап, оны Р витамині деп атады. Тағамдар құрамында бұл витамин аз болып жетіспеген жағдайда адам организміндегі ұқсас әрі өте жіңішке қан тамырлары - капиллярлардың өткізгіштігі артып, денеге зиянды қан құйылуы байқалады. Егер осындай дертпен ауырған адамға құрамында Р витамині жеткілікті цитрус өсімдіктері өкілдерінің шырынын, не қызыл бұрыштың экстрактысын бергенде капиллярлардың өткізгіштің қабілетін қалпына келтірген. Ал таза аскорбин қышқылын бергенде мұндай өзгеріс байқалмаған.



Биотин /Н витамині/

XX ғасырдың басында түрлі жануарларға жүргізілген тәжіри-белер нәтижесінде, оларға белгілі бір фактордың жетіспейтіндігі анықталды. Соның салдарынан адам мен жануарлардың тері ауруы — дерматит, экзема, серебрея дертіне шалдығатындығы белгілі болды. Серебрея латынша /сербум - тері, рео — бөлу, ағу/ деген мағынаны білдіреді. Бұл Н витамині /биотин/ жетіспеуінен екен.

1942 жылы Дю Виньо деген зертеуші биотиннің құрылысын тапты. Оның молекуласына көміртегі, сутегі, оттегі, азот және олармен қоса күкірт те енеді. Сондықтан да ол биотин деген атқа ие болды.



Инозит

1895 жылы атақты орыс ғалымы В.И.Палладин өсімдіктерден фосфор қышқылымен қосылысқан алты атомды циклды спиртгі бөліп алды, оны фитин қышқылы деп атады. Мұның биологиялық ролі тек 1928 жылдан бастап зерттелінді. Мысалы тышқандарды жасанды тамақпен, оған сол кезде белгілі барлық витаминдерді қосып берген де жануарлардың жүні түлеп түсіп, бойларының өсуі де тоқталған. Ал, оларға қоректің құрамына бауырдан жасалған экстрактыны қосып бергенде, жоғарыдағыдай өзгеріс байқалмаған яғни бауырдың құрамында инозит витамині бар еді.

102

Фолий қышқылы /Вс витамині, птероилглютамин қышқылы/

1926 жылы В. Ефремов деген зерттеуші екі қабат әйелдердің макроцитарлы анемия дертімсн ауыратынын анықтады. Олардың бұл аурудан жануарлар бауырын бергендс жазылатындығы белгілі болды. Кейіннен ашытқыларда бұл дертке қарсы жақсы әсер ететіндігі табылды. Мұндай зертеулер құс балапандарына жүр-гізілетін тәжірибелер арқылы да дәлелденді, сондықтан бұл витамин Вс деген атқа ие болды /ағылшын сһісkеп — балапан деген мығынаны білдіреді/. Соңынан Вс витамині өсімдіктердің жасыл желектерінде кездесетіндігі, әсіресе шпинаттың жапырақтарында көп болатындығы анықталды, сондықтан да ол фолий қышқыл /роlіum - жапырақ/ деп аталынады.

Сондай-ақ бұл витамин химиялық табиғаты жөнінен және бір атқа ие — птероиглютамин қышқылы делінеді. Бірақ көпшілік дәрігерлер мен провизорлар қауымында кең таралған аты фолий қышқылы екен.

Птероилглютамин - фолий қышқылы

Фолий қышқылы сары түсті кристалдық зат, суық суда және спиртте нашар ериді, ал ацетон мен хлороформда мүлдем ерімейді. Бұл витаминде екі бос карбоксил топтары болғандықтан, сілтілі металдармен әрекеттескенде тұздар түзе алады. Жарықтың әсерінен ол өзінің түрлі құрамды бөліктеріне дейін ыдырайды. Перманганат Вс витаминін птеридил — 6 карбон қышқылына толықтырады. Қазіргі уақытта фолий қышқылын синтетикалық жолмен көптеп өндіреді, ал оның физиологиялық активтілігі жағынан табиғи түріндегі витаминнен ешбір айырмашылығы жоқ. Бұл витаминнің организм тіршілігінде, әсіресе құстарда атқаратын биологиялық ролі зор. Сондықтан да фолий қышқылы жетіспегенде құстардың өсуі мен дамуы күрт төмендейді, олардың қауырсындарының пайда болуы бұзылады, ал жануарларда қатерлі анемия байқалады.

Вс витамині пурин синтезіне қатысатындықтан, ол жеткіліксіз болса, нуклеин қышқылдары — ДНК мен РНК-ның түзілуі нашарлайды.

Бұл витаминнің тағы да бір биологиялық активті түріне 5, 6.



7 7 - тетранидрофолий қышқылы /ТГФҚ/ жатады, оның бір көміртекті

103


сияқты қалдықтарды тасымалдауда үлкен ролі атқарады.

Тетрагидрофолий қышқылының сақинада 5-жағдайда тұрған азоттың формильден қалдықпен қосылысын фолин қышқылы деп атайды.

Сонымен бірге N5 — N10 - метилен және М5 — N10 - метенил тетрагидрофолий қышқылдары белгілі, олар кофермент есебінде холин, тимин, серин, формиат және т.б. фераметативтік синтезіне қатысады.

Холин

Соңғы жылдары холинді де витаминдерге жатқызады, оның организмде майлардың тотығуына тікелей қатысы бар. 1862 жылы Штрекер холинді өттен беліп алса, ал 1867 жылы К.Дьяконов оны жұмыртқаның сары уызынан бөліп алды. Кейіннен ол ми ұлпаларындағы лецитиннің құрамынан да табылды.



Парааминобензой қышқылы

1940 жылы Вуде сульфаниламидті препараттардың гемолити-калық стрептоккаларға бактериостатикалы әсер ететіндігін анық-тады. Сульфаниламидтердің бактериостатикалық әсері клетка-лардағы биохимиялық реакциялар циклынан парааминобензой қышқылы бөліп шығаруға негізделген.

Түрлі жануарларға жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде қо-ректік заттардың құрамында параминобензой қышқылы жетіспесе, онда шаштың, жүннің, қауырсынның пигментациясы қалыпты жағдайдағыдай жүрмейтіндігі дәлелденді.

Бұл витамин өте активтік қосылыстар қатарына жатады, оған, мысалы, парааминобензой қышқылының бір грамм-молекуласы сульханиламидтің 23000 грамм-молекуласының әсерін тежей алады.



Майда еритін витаминдер

Ретинол

/А витамині, антиксерофтальмиялык/

А витамині химиялық структурасы тұрғысынан каротнге жақын, 1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты. Эмпирикалық формуласы С20Н30О. Ретинолдың химиялық формуласьш швецар химигі Каррер тапты.

104

Адам мен жануарлар тіршілігінде А витаминінің атқаратын маңызы зор. Бұл витамин тағамдық заттардың құрамында жетіспегенде организмдегі зат алмасу бұзылады, оның салдарынан өсу кешеуілдеп, салмақ азаяды. Көздің мүйіз қабығы бүлінумен



қатар, әлсіз жарық жағдайда адамның көру қабілеті де нашарлайды, мысалы, кешке жақын қараңғылық түсе бастағанда, оны халық арасында "ақшам соқыр" немесе "тауық көз" дейді. Мұндай

аурумен ауыратын адам ымырт жабыла өте нашар көреді. Көзі қызарып, ауырып, жарыққа қарай алмайды. Іңірде көрмеу әсірссе тракторшыларға, ұшқыштарға және шоферлерге аса қауіпті. Мүмкін осыдан шығар, Жапонияның транспорт министрлігі түнде жұмыс істейтін шоферлерге А витаминін қосымша түрде арнайы бергізіп тұрады. Ретинол әсіресе бауырда, бүйректен жасалған тағамдарда, сары майда, жұмыртқада, балықтардың майларында көп кездеседі.



Кальциферол

(Д витамині, антиразиттік)

XVIII ғасырдың ортасында Глиссон деген ағылшын дәрігері

Лондон қаласында тұратын жас балалардың арасында кездесетін ауру туралы жазған болатын. Бұл аурумен ауырғандардың сүйектері деформацияланатындығы анықталды, кейіннен оның мешел (рахит) ауруы яғни тағамда Д витамині жетіспеушілігі салдарынан екендігі белгілі болды.

Токоферол

(Е витамині, антистершіьдік)

Е витаминін 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды қолдан тек жасанды тамақпен; 54/ жүгері крахмал, 18/ қа зейін, 15/ шошқа майы, 9/ сары май, 4/ тұздың қоспасы және 5/ құрғақ сыра ашытқыларымен қоректенгенде, олардың ұрықтарының өсіп-өнуі тоқталып төлдемейтіндігі анықталды. Бұл құбылыс Е витамині жетіспеушілігінен екен. 1936 жылы Тванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды, ол 7 ~ токоферол (грек тілінде токоs — үриақ, рһtго — алып жүру, жалғасттыру деген мағынаны білдіреді деп аталады).

105

Филлоион

(Квитамині, антигеморрациялық)

1929 жылы дат ғалымы Дам алғашқы рет балапандарды төмен-дегідей құрамынан тұратын жасанды тамақпен: 66 % крахмал, 18 % казеин, 4,5 % тұз қоспасы 2,5 % клетчатка мен ашытқылар экстрактысы, А мен Д витаминдері бар балық майымен қоретен-діргенде, 1—2 аптадан кейін ет пен тері арасында немесе бұлшық еттерге, миға және ішектерге қан құйылуын байқаған. Бұл К витаминінің жетіспеуінен болатын құбылыс екен. Егер жасанды тағамның құрамыңдағы крахмалды астық тұқымдастары қоспасы-мен алмастырғанда, жоғарыдағыдай қан құйылу құбылысы мүлдем тоқтаған.

К витамині өсімдіктердің жасыл бөліктерінде, әсіресе беде мен жоңышқа жапырақтарында көп куздеседі. Шіріген балық ұны құрамынан да табады, оны К2 витамині деп атайды, ал жаңадап дайындалған балық ұнында ол кездеспейді, себебі микроорга-низмдер балықты шіріту барысында филлохинды синтездейді екен.

Ғ витамині

(қанықпаган май қышқылдары)

Соңғы жылдары жүргізілген зертгеулер нәтижесінде, егер тағамның құрамыңда өсімдіктер майы болмаса, онда адам организмінде липидтер алмасуы бұзылып, қан тамырлары қабырғаларында холестерин заты көп мөлшерде жиналады екен. Өсімдіктер майлары құрамында кездесетін 18 және 20 көміртегі атомдары бар қанықпаған май қышқылдары липидтер алмасу процесіне, әсіресе холестриннің алмасуына өте қажет-ақ.



Q витамині (убихинон)

1955 жылы жануарлар майынан Q липовитамині немесе уби-хиноно бөлініп алынды. Бұл, әсіресе мембрананың митохон-дрияларында көп кездеседі. Химиялық табиғаты жағынан Q вита-мині хинонның туындысы болады. Оның сақинасында екі меток-сильды топтар кездесумен бірге, бүйір тармағында 6—10 изопрен бөліктерінен тұратын изопрен топшасы бар.

Убихинон биологиялық тотығу процесітерінде үлкен ролі

атқарады. Мұның молекуласында карбонильды топтар болатындықтан,

106

протондар мен элекгрондарды тасымалдау процестеріне тікелей ат салысады. Бұл процесс клетканың энергетикалық станциялары болатын митохондрияларда өтеді.



Q витамині әсіресе жүректің бұлшық еттерінде көп кездеседі, себебі жүректің орасан зор жұмыс істеу барысында, оның энергияны да көп қажет ететіні белгілі. Сондай-ақ бұл витамин ткандердің тыныс алуына да қатысады.

Активитаминдер

Клетканың витаминмен қоректенуіне ортүрлі әдістермен бөгет жасайтын заттарды — антивитаминдер деп атайды. Оларды екі топқа бөледі:

1) витамин молекулаларын бұзатын немесе олардың активсіз-дендіретін, яғни инактивтендіретін заттар:

2) витаминдердің структурасына ұқсас және олардың биоло-гиялық активтік заттардың ығыстырып, активсіздендіретін заттар.

Мысалы, К витаминіне гепарин мен дикумарин жатады. Олар протромбиннің тромбинге айналуына бөгет жасайды, сонымен бірге қан айналу процесін баяулатады. Жұмыртқа белогі — авидин-биотинді байланыстыруға қабілетті.

Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады.

107

4.8. АҒЗА ТАЗАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ



Көптеген аурулардан бірден

құтылып кетудің ең бірінші

жолы, ағзаны керексіз

заттардан тазалау



Н. Семенова

Надежда Алексеевна Семенова өзінің мамандығы бойынша тағам өнер кәсібінің химик-технологы. Ол бала және жас кезінде көп ауырған адам. Ауруы ұзақ жылдарға созылған. Ол жиі-жиі ангина мен астма, бронхиттермен, гепатитпен, ревматизмнің ауыр түрімен, безгекпен ауырған. Оның көңіл-күйі өте төмендеп кеткен. Әлім жағдайына жеткен. Еш қандай ем-дом қонбаған. Ол мүгедек болып қалған.

Осындай қиын жағдайдан шығудың жолын іздеп, ол өз сауықтыру жүйесін жасаған. Сауықтырыу жүйесінің негізі етіп, бөлек-бөлек тамақ ішу, ағзаны тазалау және қимылды алған. Осы жүйелерді жасағаннан кейін барлық дертінен айығып 180 километрлі марафон жүгірісіне қатынасқан. Мұндай нәтижеге жету үшін онда өзгіндік тырысу мақсаты болған. Өте қатаң төртіпке және құштарлыққа сүйенген.

Н. Семенованың айтуына қарағанда, дәрі-дермек адамға қысқа мерзімге ғана көмектессді. Тек ағзаға критикалық жағдай туған кезде, жалпы адам өзінің денсаулығы үшін тұрақты түрде айналысу керек. Әр қашанда үш қағиданы естен шығармау керек: 1) дұрыс тамақтану; 2) физикалық жаттығулар жасап дұрыс тыныс алу; 3) ішкі органдарды биологиялық тұрғыдан таза ұстау.

Қазіргі кезде рафирнирленген тағамдарды көп пайдалан-ғандықтан ішкі органдардағы ас қорытудың міндетін атқаратын микроағзалар (микробтар) жойылып кетеді. Сондықтан да қорытылмаған тағамдардың бөлшектері ас қорыту органдарының қатпар-қатпарларына жиналып органикалық заттардың тасына айналып, ішек қабырғаларына жинала береді, жинала береді. Америкада бір қайтыс болған әйелдің інін жарып қарағанда, одан 8 кг әр түрлі қажетсіз зат алынған. Ондай құбылыс әр адамның ішкі органдарында кездесуі сөзсіз. Тоқ ішекке ондай заттар көп жиналады, адам ағзасын қажетті температурамен қамтамасыз ете алмайды. Тоқ ішеккс жиналған керексіз заттар

108


неше түрлі токсиндер (улар) шығарып ағзаны уландырып, барлық органдарға тарап интдоксинациялайды.

Егер адам әр түрлі антибиотиктерді және аналгетиктерді пайдаланса, ішекте дисбактериоз — ішектің және асқазанның ас қорытатын биохимиялық үрдістері бұзылады. Пайдалы микробтар түгелімен жойылып кетеді. Олардың орнын жұкпалы ауру тарататын микробтар басады. Адам ағзасының иммунитеттік қасиеті жойылады. Асқазанда гаситроэнтерологиялық ауру, пиело-нефрит, диатез, неиродермит дерттері қаптап кетеді.

Н. Семенова негізінде Г. Шелтон тлориясын жақтайды.

Г. Шелтон теориясының маңызы мынада. Жейтін тамақты үш категорияға бөлу:

1) белокты тағамдар, олар қышқылды ортада жақсы қорытылады;

2) қантты тағамдар — сілтілі ортада жақсы сіңеді;

3) тірі азық ~~ түліктер-фермениттері көп ортада қоры-

тыналытындар.

Осыған орай Н. Семенова белокты тағам ішкеннен кейін 2 сағаттан соң көмірсуы көп тағамдарды ішкен жөн деп есептейді. Денсаулық жоғары деңгейге болу үшін Н. Семенова ішкі органдар таза болу керек, ішкі органдарды клизма жасап, үнемі тазалап отыруды ұсынады. Ішетін тағамдар бірімен-бірі дұрыс үйлесімді болу керек. Ол мына төмендегі 12-таблицада көрсетілген. Әрбір оқушы бұл ережені қатаң сақтаған жөн.

Ағза тазалаудың кейбір түрлері (Н. А. Семенова бойынша):

1-қадам. Ішектерді тазалау.

2-қадам. Жүйелі түрде тағамдарды үйлестіру.

3-қадам. Бактериоздармен күрес.

4-қадам. Буындарды тазалау. Адам ағзасында әр түрлі буын бар. Соның барлығын тазалау керек.

5-қадам. Бауырды тазалау.

6-қадам. Бүйректі тазалау.

7-қадам. Қанды және қан лимфаларын тазалау.

8-қадам. Түтіктерді тазалау.. Адам ағасында 70 түрлі бездер бар. Медиктердің айтуына қарағанда олардың саны 100-ге жетеді.

Ерінбесен, денің сау болады. Ұзақ өмір сүресің. Ауырмай сүруге болады.

109


12-т а б л и ц а. Тағамдык азық-түліктің (продуктылардың бірімен-бірінің үйлесшділігі (Г. Шелтон бойынша)







Продуктылар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

 

1

Ет. балық, құс




























4

3
















 

2

Астық бұрышақ










4

4




3







4

4
















 

3

Сарымай










3







4

4




4

4




4

3

3




 

4

Қаймақ,




4

3




3




4

4

3

4

4




4

3

3




 

5

Шоп майы




4




3







4

4

3

4

4













4

 

6.

Қант, конфеттер




























4



















 

7

Нан, жарма, картофель




3

4

4

4













4

4










3

3

 

8.

Ащы фруктылар, по-мидорлар







4

4

4










3

4

3




3

4




4

 

9.

Тәтті фруктылар, кептірілген фруктылар










3

3







3




4

3

3

4







3

 

10

Көк өніс (овощтар)




4

4

4

4

4

4

4

4

























11

Крах.малды көк өністер (овощтар)




4

4

4

4




4

3

3

4




3

4

4

3

4




12

Сүт







3
















3




3



















13

Ірімшік шикі сүттен жасалған










4










3

4

4

4







4




4




14

Сыр, брынза







3

3







3







4

4




4







3




15

Жұмыртқалар







3

3







3

4




4

4




4













6

Жаңғақтар













4




3

4

3

4

4




4

3







4.9. Тамакты шикілей жеу — денсаулык кепілі

Тамақты шикілей жаңа нәрсе емес. Онымен адамзат баласы жербетіне пайда болған кезінен бастап айланысып келеді. От жағуды білмеген кезде, адамзат баласы барлық керектік заттарды шикілей лсеген. Денсаулықтары жаман болған жоқ. Табиғаттың орасан зор дүлей күштеріне қарсы тұрып отырды кейінен от жағуды үйренген соң тамақты пісіріп жеу урдісіне көшіпті. Біздің жақын туысымыз — маймылдар гориллар мен шимпанзалар осы кезге дейін шикі көкөністермен, банандар мен неше түрлі өсімдіктерлердін. буын-бұтақтарымен, жемістерімен

110

қоректенеді. Дегенмен тамақты шикідей ішудің адам ағзасына қандай физиологиялық-биохимиялық әсер ететіні күні бүгінге дейін диетологтар мен медиктердің зерттеулерінен тыс қалуда . 1939 жылы И. 3. Фридман тамақты шикілей жеу туралы жазған болатын, "Тағамды шикілей жеу — деп жазады ол, — әсіресе өсімдікгерден алынған азық-түлікті шикілей жеуге орасан зор көңіл бөлген. Шикілей жеудің маңызы денсаулыққа қасиетті жағынанда, жұғымдылығы жағынанда пайдалы". Шикілей тамақ ішу қандай дәрі болса да одан күшті әсер етеді.



Дегенмен бірден тамақты шикі жеуге көшу адамзат баласын” оңайшылыққа түспеуі мүмкін. Оңай шаруа емес. Ол туралы ұлы ғалым-дистолог Герберт Шелтон былай деп жазады. "Шикілей тамақ жеуге кешкен адам В-тобындағы витамандерді пайдалану керек". Өйткені ішектегі микрофлоралардың құрамы өзгереді. Ішектте дисбактериоз құбылысы пайда болады. Қорыту үрдісі төмендеп кетеді. Адам азады. Салмағы өзгереді. Шикілей тамақ ішкен адамның массасы бірден төмендейді, ол туралы бір адам былай деп жазады.

"Орта мектепті бітіргеннен кейін дәрігер болуды көксеген едім. Бірақ дәрігер бола алмай пациент болдым. 20 жыл бойы қатты ауырдым. Ешқандай дәрілер көмектеспеді. Жүрегім қатты ауырғандықтан жедел көмек жиі келетін болды. Бақытыма орай бір күні менің бір досым Н. В. Тарасова мен Т. И. Бановскийдің "шикі тағам және оны дайындау сыры", "пища и е е приготовление" деген кітабын маған әкеп берді. Бұл кітап 193 1 жылы баспадан жарыққа шыққан кітап екен. Мен мұят түрде оны оқып шықтым. Киев қаласындағы алдыңғы қатарындағы кітапханаларындағы вегетеринарлық кітаптарды іздеп, түгелімезі оқыдым. Ол кезде мен Киевте тұрушы едім. Тамақты шикілезі жеуге көштім, 5 күн өткеннен кейін мендегі қатаң түрде қалыптасқан ұйқысыздық жойылып кетті. Қайда кеткенін мен білмеймін. Үш айдан кейін жүрегімнің қай жерде екенін ұмытып кеттім, жаңа өмір маған келді. Массам 8 килограмға дейін төмендеп кетті. Тұмау дегеннің не екенін білмей кеттім. Суық тиіп ауру деген менен аулақ болды. Мені емдеген дәрігер қайран қалды. Ауру бюллетені сізге оның керегі жоқ деп күлді". 1974 жылы Ю. С. Николаеваның "денсаулық үшін ашығу голодание ради здоровья". Бұл кітапты да мен оқып шықтым. Мұндағы жазылған кепілдемелерді жасағаннан кейін денсаулығым күшее түсті, көңіл-күйім өте жақсарып кетті.

Шикілей жеудің практикасы мынадай. Тамақ ішетін столдың үстінде овощтан жасалған салаттар толып тұруы керек. Оларға аздаған майлы өсімдіктердің ұнтақталған дәндері қосылуты

111


керек. (күнбағыс дәні, асқабақ ұрығы, оларды кофемолқаға тарту керек, содан кейін сол салаттардың үстіне салып, араластыру керек. Өрік дәнін аз мөлшерде қосу керек, 2—3 грамм өсімдік гүлінің тозаңын кейбіреулер қосады. Жарты стакан пайдалы шөптердің ұнын қосу керек, пісірілген тамақты шикідей жеушілерін жеуі керек).

Фруктыларды бөлек жеу керек. Асты бірімен-бірін аралас-тырудың қажеті жоқ. Ағзаға ешқандай пайда бермейді. Күніне ксйбірулер 4 рет тамақ ішеді, үш-ақ рет тамақ ішкен жеткілікті. Поль Брэгг не бәрі бірақ рет күніне тамақ ішкен. Н. М. Амосов түскі тамақ ішуді дағдыға айландырмаған.

Диетологтар тамақты шикідей жеуді дұрыс көрмейді. Өйткені шикі тамақтарда (өсімдік өнімдерінен) өндірілген азық-түліктің құрамында белоктар аз болады. Ол ағзаға дистрофтық құбылыс туғызады деп есептейді. Тәжірибе жүзінде олай емес екендігі байкалады. Жаңа Гвинейдің орман-тоғайында тіршілік ететін адам унемі Батат пен қоректенеді. Бататта крахмал көп болады. Олар ет дегенің не екенін білмейді. Бірақ бұлшык еттері өте күшті болып жетіледі, белок балансысы бұзылмайды.

Ұлы қолбасшы Александр Васильевич Суворов өмір бойы тамақты шикілей жеген, етті аузынада алмаған, ол ұзақ ғұмыр сүргсн, 70 жасында биік Альпі тауынан асып жорық жасаған. Сондықтан да пісірілген тағамдарымен әуестілеудің қажеті жоқ. Ет исше түрлі дерттердің ағзаға пайда болуына әксп соғады.

Тағам ішудің адекватты және теңестірілген теорияларын біліп қоюдың артығы жоқ сияқты. (Олар туралы 9,10,11,12 тарауларда келтірілген).

13-т а б л и ц а. Шикілей және пісіріп жейтін тағамдар





Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет