Сап – әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы. Қатар



бет3/6
Дата19.10.2023
өлшемі320,71 Kb.
#186630
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Саптық д-қ №1-2

Өрістетілген сап
101. Взводтың өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.
Взводты өрістетілген сапқа тұрғызу «Взвод, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАЛ» командасы бойынша жүргізіледі.
Взвод командирі саптық қалыпты қабылдап және команда бере отырып, саптың маңдайшебі жағына қарап тұрады; бөлімше командирден солға қарай 18, 19-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрады. Екі қатарлы сапта әрбір бөлімшенің соңғы қатары толық болуы тиіс.
Бөлімшелерді сапқа тұрғызу басталғанда взвод командирі саптан шығады және бағынысындағылардың әрекетін бақылайды.
Төрт және үш адамы бар бөлімше санынан тұратын взвод 20-суретте көрсетілгендей екі қатарлы сапқа тұрғызылады.


18-сурет. Взводтың өрістетілген сабы – бір қатарлы


19-сурет. Взводтың өрістетілген сабы – екі қатарлы





1)

2)

20-сурет. Бөлімшенің мынадай саны бар взводтың өрістетілген екі қатарлы сабы: 1) төрт адамнан; 2) үш адамнан

102. Взводтың өрістетілген саптағы түзелуі, бұрылуы, қайта сапқа тұрғызылуы және басқа да әрекеттері бөлімше үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.


103. Взводты бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа немесе керісінше қайта сапқа тұрғызу осы Жарғының 88-90-тармақтарында көрсетілгендей жүргізіледі. Взводтың бөлімшелерінде бірінші және екіншіге санау кезінде бөлімше командирлері санауға кірмейді.
1. Бөлімше саптары


Өрістетілген сап

77. Бөлімшенің өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.


Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.
Б өлімше командирі саптық қалыпты қабылдап және команда беріп саптың маңдайшеп жағына қарап тұрады; бөлімше штатқа сәйкес командирден солға қарай, 14, 15-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады (шартты белгілер – 4-қосымша).



14-сурет.
Бөлімшенің өрістетілген сабы –
бір қатарлы

15-сурет.
Бөлімшенің өрістетілген сабы –
екі қатарлы

Сапқа тұрғызу басталғанда бөлімше командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.


78. Бөлімшені орнында түзету қажет болған кезде «ТҮЗЕЛ» немесе «Солға – ТҮЗЕЛ» командасы беріледі.
«ТҮЗЕЛ» командасы бойынша оң жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын оңға бұрады және түзеледі. «Солға – ТҮЗЕЛ» командасы бойынша сол жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын солға бұрады.».
Түзелу кезінде әскери қызметшілер біршама алға, артқа немесе жан-жағына қозғала алады.
«Аяққа» күйіндегі карабиндермен (оқшашарлармен) түзелу кезінде одан басқа, орындалатын команда бойынша сүңгі (ұңғы жағы) өзіне қарай тартылады және оң бүйірге қысып ұсталады.
Түзелу аяқталғаннан кейін «ТІК ТҰР» командасы беріледі, ол бойынша барлық әскери қызметші басын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер (оқшашарлар) бұрынғы күйге келтіріледі.
Бөлімше артқа бұрылып түзелген кезде командада түзелу жағы көрсетіледі.
Мысалы: «Оңға (солға) – ТҮЗЕЛ».
79. «ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша және «РЕТТЕЛ» командасы бойынша орнында тұрған әскери қызметшілер осы Жарғының 29-тармағында көрсетілгендей әрекет жасауы тиіс.
«Бөлімше – ТАРА» командасы бойынша әскери қызметшілер саптан шығады. Бөлімшені жинау үшін «Бөлімше – МАҒАН КЕЛ» командасы беріледі, ол бойынша әскери қызметшілер командир жанына жүгіре жиналады және оның қосымша командасы бойынша сапқа тұрғызылады.
80. Бөлімшенің бұрылыс жасауы осы Жарғының 31, 39 және 57-тармақтарында көрсетілген командалар мен ережелер бойынша түзелуді сақтай отырып, барлық әскери қызметшілер бір уақытта орындайды. Екі қатарлы саптағы бөлімше оңға (солға) бұрылыс жасағаннан кейін бөлімше командирі оңға (солға) жарты адым, ал артқа бұрылыс жасаған кезде – алға бір адым жасайды.
81. Бөлімше орнында жазылу үшін «Бөлімше оңға (солға, ортадан) осынша адымға алшақ-ТА (жүгіре, алшақ-ТА)» командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша, жазылуды жүргізу басталатыннан басқа, барлық әскери қызметшілер көрсетілген жаққа қарай бұрылады, аяқтарын қоюмен бір уақытта басын саптың маңдайшебі жағына бұрады және артта келе жатқанға иығы арқылы қарап және одан көз айырмастан, жиіленген жарты адыммен (жүгіріп) жүреді; артта келе жатқан адам тоқтағаннан кейін әр қайсысы командада көрсетілгендей осынша адым жасайды және солға (оңға) бұрылады.
Ортадан жазылған кезде ортадағы адам көрсетіледі. Ортадағы болып аталған әскери қызметші өз тегін естігеннен кейін «Мен» деп жауап береді, сол қолын алға созады және оны төмен түсіреді.
Бөлімше түзелген кезде жазылу кезінде белгіленген аралық сақталады.
82. Бөлімшені орнында жинақтау үшін «Бөлімше, оңға (солға, ортаға) жинақ-ТАЛ (жүгіре, жинақ-ТАЛ)» командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша жинақталу тағайындалғаннан басқа барлық әскери қызметші жиналатын жаққа қарай бұрылады, одан кейін жиіленген жарты адыммен (жүгіре) жиналған сап үшін белгіленген аралыққа келеді және келгеннен кейін өз бетінше тоқтайды және солға (оңға) бұрылады.
83. Бөлімшенің қозғалуы үшін: «Бөлімше, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Адым (саптық адыммен, жүгіре) – БАС» командалары беріледі.
Егер қажет болса, командада қозғалыс бағыты мен түзелу жағы көрсетіледі.
Мысалы: «Бөлімше, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Саптық плац бағытына (5-қосымша), назар оңға (солға), адым (саптық адыммен, жүгіре) – БАС».
«БАС» командасы бойынша барлық әскери қызметші назарды және аралық пен арақашықтықты сақтай отырып, сол аяқтан қозғалысты бір уақытта бастайды.
Егер назар жағы көрсетілмесе, назар оң жақ қапталға қарай басты бұрмай көзқараспен жүргізіледі.
Бөлімшені тоқтату үшін «Бөлімше - ТОҚТА» командасы беріледі.
84. Әскери қызметшілерде қарудың әр түрлі түрі болған кезде және олардың біреуін басқа күйге ауыстыру қажет болған кезде командада осы қарудың атауы көрсетіледі.
Мысалы: «Автоматтарды кеуде-ГЕ», «Оқшашарларды қарубау-ҒА», «Карабиндерді иық-ҚА».
85. Сапта тұрып орнында шетке қарай бірнеше адымға орын ауыстыру үшін «Бөлімше, оң-ҒА (сол-ҒА)», ал сап бұрылғаннан кейін – «Бес адым алға, адым - БАС» командалары беріледі. Әскери қызметшілер қажетті адым санын жасағаннан кейін бөлімше «Сол-ҒА (оң-ҒА)» командасы бойынша бастапқы күйге бұрылады.
Алға немесе артқа қарай бірнеше адымға орын ауыстыру осы Жарғының 38-тармағында көрсетілгендей жүргізіледі.
86. Аяқ алысты ретсіз алып жүру қажет болған кезде «Ретсіз – АДЫМДА», ал аяқ алысты ретпен алып жүру үшін «Ретпен – АДЫМДА» командасы беріледі (ретпен жүру бағыттаушы бойынша немесе командирдің санауы бойынша жүзеге асырылады).
87. Қозғалыс бағытын орнынан иықпен еніп өзгерту үшін «Бөлімше, оң (сол) иық алға, адым – БАС», жүру кезінде – «Бөлімше, оң (сол) иық алға – АДЫМДА» командасы беріледі.
Осы команда бойынша бөлімше оң (сол) иықпен алға енуді бастайды: еніп келе жатқан қапталдың шеткі адамы басын маңдайшеп бойына бұрып, өзінің қозғалысын қалғандарын қозғалмайтын қапталға ығыстырмайтындай етіп толық адыммен жүреді; қозғалмайтын қапталдың шеткі адамы орнында адымдайды және біртіндеп енетін қапталдың қозғалысымен үйлесе отырып, солға (оңға) бұрылады; қалғандары енетін қапталға қарап, маңдайшеп бойынша түзелуді сақтай отырып (басын бұрмай) және қозғалмайтын қаптал жағында тұрған жанындағының шынтағын сезе отырып, олар қозғалмайтын қапталға жақындаған сайын шағын адым жасайды.
Бөлімше қажеттілігіне қарай бұрылғанда «ТУРА» немесе «Бөлімше – ТОҚТА» командасы беріледі.
88. Бөлімшені бір қатардан екіге қайта сапқа тұрғызу үшін алдын ала «Бөлімше, бірінші-екіншіге – САНАЛ» командасы бойынша бірінші және екіншіге санау жүргізіледі.
Осы команда бойынша әрбір әскери қызметші оң қапталдан бастап кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери қызметшіге басын бұра отырып, өз нөмірін атайды және жылдам басын тік қаратады; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.
Жалпы нөмірлеу бойынша есеп те осылай жүргізіледі, ол үшін «Бөлімше, ретпен – САНАЛ» командасы беріледі.
Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ қапталындағы адам жалпы нөмірлеу бойынша саптың есебі аяқталғаннан кейін: «Толық» немесе «Толық емес» деп баяндайды.
89. Бөлімшені орнында бір қатардан екіге сапқа қайта тұрғызу «Бөлімше, екі қатарға – САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі.
Орындалатын команда бойынша екінші нөмірлер бірінші нөмірлердің ту сыртына тұру үшін сол аяғымен артқа адым жасайды, оң аяғын жерге қоймастан, оң жаққа адым жасап, сол аяғын жерге қояды.
Егер бөлімшенің сол қапталында бір қатарлы сапта бірінші нөмірлі әскери қызметші тұрса, онда екі қатарға қайта тұрғызу кезінде оның оң жағында тұрған екінші нөмірлі әскери қызметші оң аяғымен артқа бір адым жасайды, сол қапталдағы бірінші нөмірлі әскери қызметшінің ту сыртына тұру үшін сол аяғын жерге қоймастан, сол жаққа адым жасап, оң аяғын қояды.
90. Бөлімшені орнында екі қатарлы жинақталған саптан бір қатарлы сапқа қайта тұрғызу үшін бөлімше алдын ала бір адымға алшақтайды, содан кейін «Бөлімше, бір қатарға – САПҚА ТҰР» командасы беріледі.
Орындалатын команда бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен сол жаққа бір адым жасайды, оң аяғын қоймастан, бір адым алға жасайды және сол аяғын жерге қоя отырып, біріншілердің қатарына шығады.
Егер бөлімшенің екі қатарлы сабындағы соңғы қатар толық болмаса, онда бір қатарлы сапқа қайта тұрғызу кезінде соңғы қатарда тұрған екінші нөмірлі әскери қызметші оң аяғымен оң жаққа бір адым жасайды, сол аяғын жерге қоймастан, алға бір адым жасап, оң аяғын жерге қояды.


2 оқу сұрағы. Жорықтық сап. Жорықтық сапта взводтың іс-әрекеті үшін берілетін командалар, оларды орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет