Сап – әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы. Қатар



бет4/6
Дата19.10.2023
өлшемі320,71 Kb.
#186630
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Саптық д-қ №1-2

Жорықтық сап

104. Взводтың жорықтық сабы үш лекті (төрт бөлімшеден тұратын взводта – төрт лекті), екі лекті немесе бір лекті болуы мүмкін (21-23-сурет).


Взводты орнында үш (төрт) лекті сапқа тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі. Осы команда бойынша бөлімше 21-суретте көрсетілгендей жылдам сапқа тұрады.
Т өрт және үш адамы бар бөлімше санынан тұратын взводты екі лекке жорықтық сапқа тұрғызу 24-суретте көрсетілген.

1) 2)


21-сурет. Взводтың жорықтық сабы: 1) үш лекке; 2) төрт лекке

22-сурет. Взводтың жорықтық сабы – екі лекке

1) 2)


23-сурет. Взводтың жорықтық сабы – бір-бірден бір лекке

24-сурет. Взводтың жорықтық сабы – бөлімшелердің мынадай санымен екі лекке: 1) төрт адамнан; 2) үш адамнан

105. Взводты өрістетілген бір қатарлы саптан бір лекке (екі қатарлы саптан екі лекке) қайта сапқа тұрғызу взводты оңға бұрумен жүргізіледі.


106. Взводты өрістетілген екі қатарлы саптан бір лекке (бір қатарлы саптан екі лекке) қайта сапқа тұрғызу «Взвод, оң-ҒА»; «Қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Бір (екі) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
«Адымда» командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде осы Жарғының 95-тармағында көрсетілгендей бір лекке (94-тармақта көрсетілгендей екі лекке) қайта сапқа тұрғызылады; қалған бөлімшелер бір (екі) лекке біртіндеп қайта сапқа тұра отырып, бірінші бөлімшенің ту сыртынан бірінің артынан бірі жүреді.
107. Взводты өрістетілген екі қатарлы саптан үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызу «Взвод, оң-ҒА»; «Қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
«Адым-ДА» командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде бір лекті сапқа қайта тұрып, жарты адыммен жүреді, қалған бөлімше біріншінің сызығына сол жаққа, сондай-ақ бір лекті сапқа тұрып, белгіленген аралыққа шығады, одан кейін взвод командирі «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» командасын береді.
108. Взводты бір лекті саптан өрістетілген бір қатарлы сапқа (екі лектен екі қатарлы сапқа) қайта сапқа тұрғызу взводты солға бұрумен жүргізіледі.
109. Взводты үш (төрт) лектен екі лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, екі лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
Осы команда бойынша бірінші бөлімше осы Жарғының 94-тармағында көрсетілгендей жүру кезінде екі лекті сапқа қайта тұра отырып, тура жүреді, қалған бөлімшелер орнында адым жасайды, одан кейін біртіндеп екі лекке қайта сапқа тұра отырып, алда келе жатқан бөлімшенің ту сыртына шығады.
110. Взводты үш (төрт) лектен өрістетілген екі қатарлы сапқа қайта тұрғызу үшін взвод алдын ала екі лекті сапқа қайта тұрады және одан кейін – осы Жарғының 108-тармағында көрсетілгендей әрекет жасайды.
111. Взводты үш (төрт) лектен бір лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, бір лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
Осы команда бойынша бірінші бөлімше тура жүреді, қалған бөлімшелер орнында адым жасайды және бөлімшенің лектен кезектесіп шығуына қарай өз командирлерінің «ТУРА» командасы бойынша алдында келе жатқан бөлімшенің ту сыртынан жүріп, қозғалысты толық адыммен бастайды.
112. Взводты бір лектен үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
Осы команда бойынша бірінші бөлімше орнында адымдайды, қалған бөлімшелер бірінші тұрғанның сызығына шығып, сондай-ақ взвод командирінің «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» командасына дейін орнында адымдайды.
113. Взводты екі лектен үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі. «Адым-ДА» командасы бойынша взвод осы Жарғының 107-тармағында көрсетілгендей үш лекті сапқа қайта тұрғызылады.
114. Взводты жинау үшін «Взвод – МАҒАН КЕЛ» командасы беріледі, ол бойынша бөлімшелер жүгіріп взвод командирінің жанына жиналады және оның қосымша командасы бойынша сапқа тұрады.
115. Жорықтық сапта взводтың қозғалыс бағытын ауыстыру бөлімшенің жорықтық сабы үшін көрсетілген командалар мен ережелер бойынша жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет