Сап және оларды басқару



Дата04.06.2020
өлшемі80,73 Kb.
#72261
Байланысты:
Сап және оны басқару

Сап және оларды басқару

Сап және оның элементтері.

  • Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі орналасуы.
  • Қатар – қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап.
  • Машиналар желісі - машиналардың біреуі екіншісінің қасында бір сызық бойында орналасуы.
  • Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өзгермейді.

Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.

  • Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.
  • Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.
  • Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің, бөлімшелердің, бөлімдердің арсындағы аралық.
  • Арақашықтық – түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің бөлімшелердің, бөлімдердің арасындағы аралық.
  • Сап ені – қапталдар арасындағы қашықтық.

Саптың ұзындығы – саптың бірінші қатарынан саптың соңғы қатарына дейінгі аралық.

  • Саптың ұзындығы – саптың бірінші қатарынан саптың соңғы қатарына дейінгі аралық.
  • Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.

Лек - әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.

  • Лек - әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.
  • Жазылма сап – бөлімшелер маңдайшеп бойынша бір сызықтың бойында бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.
  • Жорық сабы – бөлімше леккке немесе бөлімшелер лектерде бір-бірінің артында белгіленген арақашықтықта орналасқан сап.
  • Бағыттаушы – көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші.
  • Тұйықтаушы – лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші.

Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер

  • Сапты басқару дауыспен, белгілермен командир беретін пәрмендермен және бұйрық берумен жүзеге асырылады.
  • Пәрмендер алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; пәрмендер тек орындалатын ғана болуы да мүмкін.
  • Алдын ала берілетін пәрмендер - саптағылар командирдің олардан қандай әрекеттерді талап етіп тұрғанын түсінуі үшін нық, қатты, және созылмалы дауыспен беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша оны шұғыл және нақты орындау қажет. Пәрмендер берілгенде, саптағы әскери қызметшілер саптық тұрысты қабылдайды, ал саптан тыс болса, бастық жаққа бұрылады да, саптық тұрысты қабылдайды.

Мысалы: «Автоматтарды-КЕУДЕГЕ», «Взвод-ТОҚТА», «Қатардағы жауынгер …. ай-нал» және т. б.

  • Мысалы: «Автоматтарды-КЕУДЕГЕ», «Взвод-ТОҚТА», «Қатардағы жауынгер …. ай-нал» және т. б.
  • Қабылдауды жою немесе орындауды тоқтату үшін: «Тоқтат» пәрмені беріледі.

Сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттері.

  • Әскери қызметші:
  • өзінің қаруының, жеке қорғаныс құралдарының, бекініс құрал-саймандарының, нысанды киімдерінің және жабдығының жарамдылығын тексеруге;
  • нысанды киімдерін ұқыпты реттеуге, жабдықтарды дұрыс киюге және жөндеуге, анықталған кемшіліктерді жою үшін жолдасына көмектесуге;
  • саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға, қозғалыс кезінде түзелімді, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға, қауіпсіздік талаптарын орындауға, саптан рұқсатсыз шықпауға;
  • сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге, темекі тартпауға, командирдің бұйрықтары мен пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға, жылдам және нақты, басқаларға бөгет жасамастан орындауға;
  • бұйрықтарды, пәрмендерді бұрмаламай, қатты және нақты өткізуге міндетті.

Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.

  • Аға шендінің «Сәлеметсіздер ме, оқушы мырзалар», «Қош болыңыздар, оқушы мырзалар» дегенде саптағы немесе саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер: «Сәлеметсіз бе, аға лейтенант мырза», «Қош болыңыз, аға лейтенант мырза» деп жауап қатады.
  • Әскери сәлемдесуді саптан тысқары өз орнында бас киімсіз бастықтан 3-4 адым жерде тұрып орындау үшін сол жаққа бұрылып саптық тұрысты қабылдау керек және оның соңынан бұрыла тұрып, оның бетіне қарауы керек. Егер бас киім киілген болса, саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарда) тиіп тұратындай, ал шынтақ иықтың сызығында және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет