Сабақты өткізу әдістері: түсіндіру-көрнекілік және репродуктивті әдіс.
Сабақтың мақсаттары:
Білім беру (оқыту):
Тері ішіне, тері астына, бұлшық етке инъекцияларды жүргізу дағдыларын игеру.
Құралдармен жұмыс жасау және тазарту кезеңдеріндегі мейіргердің қауіпсіздігі. Ампуладан және флаконнан дәрілерді сорып алу дағдыларын игеру.
Дәрі-дәрмектерді парентеральді жолмен енгізу.Егу бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игеру.
Тәрбиелік, қатынасы (мінез-құлқы):
Жоғары кәсіптік орта медициналық қызметкерлерді қазіргі медицинаның барлық талаптарын жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және қалыптастыру;
болашақ мамандыққа және медицинаға қызығушылықпен қарауға бейімдеу ;
білімгердің қоғаммен қарым-қатынасын құрудың негізгі идеялогиясын жасау ;
өзінің міндеттеріне шынайы, жауапкершілікті көзқарастарын қалыптастыру;
науқастың денсаулығына жауапкершілікпен және оған ұқыпты қарым-қатынас жасау түсінігіне тәрбиелеу ;
өзінің міндеттерін адалдықпен орындау көзқарасына тәрбиелеу;
науқастың және оның туыстарыммен тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларына тәрбиелеу: ұғыну,нақты,зейінді,қайырымды,науқасты қоршаған ортамен және отбасымен қарым-қатынаста мейірімді қарым-қатынас жасау;
медициналық қызметкерлер арасында өзара қарым-қатынас дағдыларына тәрбиелеу;
жұмыс кезінде қажетті ұғынуларды ұйымдастыру;
науқастармен, медициналық қызметкерлермен қарым-қатынас кезінде коммуникативтік дағдыларды көрсету ;
нақтылы бір жағдайда өз бетінше бағыт тауып істей білуге дамыту ;
білімгерді тыңдауға,есте сақтауға,талдауға,дәлелді түрде қарсылық білдіруге,жауапты жоспарлауға,қорытындылауға,болжауға үйрету ( білімгердің ой өрісін дамыту).