Сабақтың тақырыбын түсіндіру және манипуляцияны орындау техникасын көрсету– 45 минут.
Оқытушы білімгерлерге түсіндіреді:
Медициналық құралдармен жұмыс істеу және тазарту кезеңдерінде мүмкін болатын жарақаттардың себептерін;
Медициналық құралдармен, жабдықтармен жұмыс істегенде сақтық шараларын;
Жарақат алғанда шұғыл көмек көрсету принциптерін;
Инъекция жасағанда асептика ережесін сақтауды;
Антибиотиктерді еріту ережесін;
Ампуладан, флаконнан дәрілерді сорып алу техникасын;
тері ішіне, тері астына және бұлшық етке инъекцияларды қоюдың мақсаттары,қолдануға болатын және қарсы көрсетілімдерін;
берілген инъекциялардың қоятын анатомиялық орындарын;
мейіргерді және пациентті инъекция орындауға орын дайындау ережесін;
тері ішіне, тері астына және бұлшық етке инъекцияларды орындау техникасын;
инъекциялардан кейінгі мүмкін болатын асқынуларды, олардың алдын-алуды және емдеуді;
қолданылған құралдарды тазарту ережелерін;
Оқытушы білімгерлерге түсіндіреді білімгерлерге мейіргерлік манипуляциялардың дағдыларын түсіндіреді және көрсетеді (стандарттар ұсынылады):
Қажетті қорғану заттарын қолдануды;
Медициналық құралдармен жұмыс істегенде сақтық шараларын сақтауды;
Жарақаттанғанда, науқастың қанымен жанасқанда және басқа биологиялық материалдармен өзара көмек және өзіне көмек көрсетуді;
Жарақат алғанда шұғыл көмек көрсетуді;
Гигиеналық деңгейде қолды тазартуды жүргізуді;
Қолғапты кию және шешуді;
Бір рет қолданылатын шприцті жинауды;
Шприцтің бөлу бағасын анықтауды;
Дәрілерді амплуадан, флаконнан сорып алуды;
инъекцияларды орындауға мейіргерлердің жұмыс орнындағы құралдарды дайындауды;
мейіргерлердің қолын және пациенттің терісін инъекцияны орындауға дайындауды;
тері ішіне, тері астына және бұлшық етке инъекцияларды орындауды;
инъекциядан кейін болатын асқынуларға алдын-алу шараларын және емдеуді жүргізуді;
қолданылған құралдарды утилизациялауды;
Достарыңызбен бөлісу: |