Тесттік тапсырмалар:
1.Қандай дәрілерді егу үшін ампуланы алған соң арнайы журналға тіркейді; ампуланы ашпас бұрын мойынын спиртпен өңдеуді қажет етпейді, дәріні егу үшін міндетті түрде дәрігер қатысуы тиіс?
1.қымбат дәрілерді
2.жүрекке әсер ететін дәрілерді
3.есірткілік дәрілерді
4.әсері күшті дәрілерді
5.наркозға қолданатын дәрілерді
2. Дәрілік зат бұл әдіспен енгізілгенде асқорыту жолдарына бармай, қан айналымына түседі; майлы ерітінділерді, эмульсия мен суспензияларды енгізуге болмайды; асқорыту жолдарында ыдырайтын дәрілерді енгізуге болады. Бұл сипаттама дәрілерді енгізудің қай әдісіне тән болып келеді?
1.тері астына енгізу
2.бұлшық етке енгізу
3.тері ішіне енгізу
4.сублингвальді енгізу
5.күре тамырға енгізу
3. Білектің ішкі аймағын иньекция диагностикалық мақсатта және жергілікті жансыздандыру үшін ұзындығы 2см-ден ұзын емес инемен жасалады. Бұл қандай инъекцияға тән болып келеді?
1.бұлшықет инъекциясы
2.көктамыр инъекциясы
3.тері асты инъекциясы
4.тері ішілік инъекция
5.буынішілік инъекция
4. Қажет өлшемдегі иненің болмағандықтан, емшара бөлмесі медбикесі пациентке 50% анальгин ерітіндісін тері астына инъекция жасайтын инемен орындады. Бұл жағдайда қандай асқыну болуы мүмкін?
1.липодистрофия
2.абсцесс
3.инфильтрат
4.иненің сынуы
5.гематома
5. Бұлшықет инъекциясы орындалған пациент инъекция орнының қатты ауырсынуға шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауыр. Дене температурасы 38°С. Инъекция орнында терінің қызаруы, жергілікті қызба байқалады. Бұл симптомдар қандай асқынуға тән?
1.Инфильтрат
2.Сепсис
3.Гематома
4.Абсцесс
5.Майлы эмболия
7. Медбике пациент бөксесінің жоғарғы сыртқы квадрантына бұлшықет инъекциясын жасады. Иненің ұзындығы 20мм, сыйымдылығы 2мл шприц . Бұл кезде қандай асқыну болуы мүмкін?
1.Абсцесс
2.Майлы дистрофия
3.нфильтрат
4.Иненің сынуы
8. Медбике пациентке 10% кальций хлорид ерітіндісін енгізді. Нәтижесінде инъекция орнында ісіну, күйдіріп ашыту сезімі пайда болды. Бұл асқыну түрі қандай, оның себебі не?
1.гематома- ине тамырдың екі қабырғасын тескеннен
2.некроз- дәрілік зат тері астына кеткеннен
3.дәріні қателесіп енгізгеннен
4.егу орнын дұрыс таңдамау- жүйке сабауының зақымдалуы
5.сепсис – қанға инфекция түскеннен
9. Медбике пациентті таңертең емшара бөлмесіне шақыртып, кушеткаға отырғызды. Инъекция егу орнын босатып, бициллинді дистилденген сумен араластырып, флаконнан ерітіндіні тез сорып алды және жылдам инені енгізіп дәріні бұлшықетке жіберді. Медбикенің жіберген қателігі неде?
1.бициллин тек күре тамырға енгізіледі
2.бициллин енгізуден алдын новокаин енгізу қажет
3.бициллинді дистилденген сумен ерітуге болмайды
4.бициллинді енгізуден алдын иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу қажет
5.бициллинді аш қарынға енгізуге болмайды
10. Пациентке майлы ерітіндіні енгізуден алдын медбике шприц поршенін кері тартқан кезде ине канюлясында аз ғана қан көрінді. Бұл жағдайда медбике не істеуі қажет?
1.дәріні әрі қарай енгізу
2.инені шамалы тереңірек енгізу немесе артқа қарай тартып тағыда тексеру
3.инені алып тастап екінші жағына енгізу
4.инені ауыстыру
5.шприцті ауыстыру
11. Шприцті орамынан ашқаннан соң инесінің өткізгіштігін тексергенде:
иненің қақпағын ашу керек
инені ұстау керек
саусақпен канюляны ұстап тұру керек
мақтамен инені жабу керек
шприцті 45º та ұстау керек
12. Қолданылған шприцті қорапшаға тастаудан алдын:
қақпағын кигізбеу керек
мақтаны инемен жабу керек
ағынды суда шприцті шаю керек
инелердің өткізгіштігін тексеру керек
қағазға орап тастау керек
13. Тері асты май қабаты жұқарған қарт жастағы науқастарға бұлшықет инъекциясын орындау үшін қолданылатын иненің ұзындығы:
15 см
20 см
40 см
50см
60 см
14. Медбике науқасқа бициллинді егуге дайындады: науқасты кушеткаға жатқызды, инъекция орнын босатып шприцке сорып алынған бициллиннің новокаинды ерітіндісін бұлшықетке енгізді. Енгізуден алдын тамырға түспегеніне көз жеткізді, инъекциядан соң жылытқыш қойды. Медбикенің іс-әрекетіндегі қателікті табыңыз:
бициллин тек күре тамырға енгізіледі
бициллин енгізуден алдын новокаин енгізу қажет
бициллинді новокаинмен ерітуге болмайды
бициллинді енгізу кезінде науқас тұруы қажет
бициллинді аш қарынға енгізуге болмайды
15. Науқасқа бициллин инъекциясы тағайындалған. Медбике науқасты емшара бөлмесіне шақыртты, кушеткаға отырғызды. Инъекция егу орнын босатып, бициллинді физ.ерітіндімен араластырып, флаконнан ерітіндіні тез сорып алды және жылдам инені енгізіп дәріні бұлшықетке жіберді. Медбикенің жіберген қателігін анықтаңыз:
бициллин тек күре тамырға енгізіледі
бициллин енгізуден алдын новокаин енгізу қажет
бициллинді физ.ерітіндімен ерітуге болмайды
бициллинді енгізуден алдын иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу қажет
бициллинді аш қарынға енгізуге болмайды
16. Бициллинді еріту үшін қолданылатын ерітінді:
0,5% новокаин
Инъекцияға арналған су
0,25% новокаин
0,9% натрий хлорид
Лидокаин
17. Екпе жасағанда асептика мен антисептика ережелерін бұзу салдарынан дамитын асқыну
а)А гепатиті
б)абцесс
с)аллергиялық реакция
д)дерматит
е)ауалы эмболия
18. Науқасқа тері астына В-6 дәруменін 1 мл егу тағайындалды. тері астына егуде инені қандай бұрыш жасап және қандай тереңдікке енгізеді?
а)5 гр бұрышпен тек иненің ұшын
б) 90 гр бұрышпен жасап инені тұтасымен
с)90 гр бұрышпен, иненің 2\1 бөлігін
д)45 гр бұрыш жасап иненің 2\3 бөлігін
е)15 гр бұрышпен, иненің 3№1 бөлігін
19. Ем-шара бөлмесінің мейірбикесі науқасқа екпе жасау кезінде абайсызда саусағын инемен тесіп алды. Бұл жағдайда жүргізілуі қажет іс-шараларды атаңыз
а)болған жағдайды қызметтерестерге хабарлап, онымен күресу шараларына кірісу
б)бөлім меңгерушісін құлағдар ету
с)күрес шараларын жүргізу, СЭС-ке хабарлау
д)болған жағдайды апаттық жағдайларды есепке алу журналына тіркеу, күрес шараларын жүргізу
е)күрес шараларын жүргізу, бөлімше меңгерушісін құлағдар ету, апаттық жағдайларды есепке алу журналына тіркеу
20. Бір рет қолданылатын медициналық бұйымдарды утилизациялау тәртібі
а)дезинфекцияланғаннан кейін
б)бөлшектелмей және дезинфекцияламай
с)бөлшектелгеннен кейін
д)жуғыш ерітіндіге шайылғаннан кейін
е)ағынды суға шайылғаннан кейін
21.Пациентке бұлшық етке антибиотик енгізген соң жағдайы бірден нашарлады: ентігу пайда болды, суық тер басты, науқас есін жоғалтты. АҚ 70/40 мм.с.б. Пациентте дамыған асқынудың түрі:
|
а) естен тану
|
|
б) анафилактикалық шок
|
|
в) коллапс
|
|
г) өкпе артериясының тробоэмболиясы
|
|
д) инфекциялы-токсикалық шок
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |