Сапа менеджмент жүйесі



бет41/44
Дата21.01.2022
өлшемі146,1 Kb.
#113102
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
УМК менеджмент (1)

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ


  1. Қай мектеп өкiлдерi бақылау, өлшеу, логиканы және талдауды қолдану арқылы қол еңбегi операцияларын жетiлдiруге болады деп санаған?

а) ғылыми басқару мектебi;

в) басқарудың классикалық мектебi;

с) басқарудың әкiмшiлiк мектебi;

d) адамдық қатынастар мектебi;

е) сандық мектеп.
2. "Терблиг қозғалыстарын" кiмдер ойлап тапты?

а) Ф. Тейлор және Г. Гант

в) Мери Паркер Фоллет және Элтон Мэйо

с) Френк және Лилия Гилбреттер

d) Л. Урвик және Д. Муни

е) А. Файоль және Г. Форд


3. Басқарудың классикалық мектебiнiң өкiлi, көмiр өндiру жөнiндегi iрi француз компаниясына жетекшiлiк еткен адам:

а) Ф. Тейлор

в) Л. Урвик

с) А. Файоль

d) Д. Муни

е) Э. Мэйо


4. Неоклассикалық мектеп қай кезеңдер де қалыптасты?

а) 1885-1920 жж.

в) 1920-1950 жж.

с) 1930-1950 жж.

d) 1950-казiргi заман

е) казiргi заман


5. «Х,У» теориясының авторы, психологиялық мектептiң өкiлiн

атаңыз?


а) Крис Арджирис

в) Ренсис Лайкерт

с) Дуглас Мак Грегор

d) Фредерик Герцберг

е) Анри Файоль
6. Классикалық мектептiң сипаты?

а) ұйым тұлғалары арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру

в) жұмысты жоспарлауды жұмыстан бөлу

с) модельдердi жасау және қолдану арқылы күрделi басқару мәселелерiн шешу

d) жұмысты орындауға ең үздiк жұмысшыларды iрiктеу және оқыту

е) ұйымды басқарудың жүйелендiрiлген принциптерiн жасау

7. "Жұмысшыларды ұзак мерзiмге жалдау, топтық жұмысты ұйымдастыру, шешiмдi топпен қабылдау, топтық жауапкершiлiк, жай даму, жанама бақылаудың болуы және т.б." - бұл менеджменттiң қай моделiнiң мiнездемесi?

а) жапон моделi

в) "Z" моделi

с) американ моделi

d) маркетинг моделi

е) швед моделi


8. Ұйымга тiкелей әсер ететiн факторларды белгiлеңiз:

а) жабдықтаушылар

в) саясат

с) әлеуметтiк мәдени факторлар

d) технология

е) экономикалық факторлар


9."Оперативтi басшылар" бұл:

а) ұйымның жоғары буынын басқарушылар

в) ұйымның орта буынын басқарушылар

с) ұйымның төменгi буынын басқарушылар

d) бөлiм басшылары

е) филиал басшысы


10. Ұйымның өмiр сүруiнiң шарты болып табылатын 3 негiзгi процестiң бiрi:

а) альтернативаны таңдау

в) шикiзатты өнiмге айналдыру

с) шешiм қабылдау

d) жоспар құру

е) мақсаттарды анықтау


11. "Жоспарлаудың мерзiмi бiткенде жаңа мерзiмнiң бекiтiлуi" жоспардың қай түрiне жатады:

а) сырғанак

в) тiзбектеп

с) кезектен тыс

d) эвентуалды

е) реттелген ағымдық


12. 1954 жылы "мақсаттар - жоспарлау мен басқарудың негiзгi

туралы" деп атап өткен ғалым:

а) П. Друкер

в) Ю.Маккгрегор

с) Г. Форд

d) А. Файоль

е) Ф. Тейлор
13. Дж. Одиорн анықтаған мақсаттар:

а) новаторлық

в) мәселелердi шешу

с) жұмысшылардың күнделiктi мiндеттерi бойынша мақсаттар

d) жетiлдiру мақсаттары

е) аталғандардың барлығы


14. "Жоспарлау мақсаты – кәсiпорынды ұзақ мерзiмдi қамтамасыз ету" жоспарлаудың қай түрiне тән сипат:

а) стратегиялық

в) ағымдық

с) қысқа мерзiмдiк

d) оперативтiк

е) тактикалық


15. "Ретроградты" амал:

а) жоғарыдан төмен жоспарлау

в) төменнен жоғары жоспарлау

с) шеңберлi жоспарлау

d) прогрессивтi жоспарлау

е) қарама-қарсы жоспарлау


16. "Анықталған операциялар арқылы мiндеттердi орындау амалы":

а) процедуралар

в) сметалар

с) нормативтер

d) әдiстер

е) бағдарламалар


17. "Кәсiпорын концепциясы, ұзак мерзiмдi негiзiн қалаушы" жоспар:

а) тактикалық

в) орта мерзiмдi

с) оперативтiк

d) стратегиялық

е) бөлшектеп


18. "Ненi, қалай, қашан және кiм орындайды?" деген сұрақтарды шешетiн басқару процессiнiң қызметiнiң бiрi:

а) жоспарлау

в) ұйымдастыру

с) жетекшiлiк

d) ынталандыру

е) бақылау


19. "Iс жоспары деген - алдын ала көрiнетiн нәтиже" деп жоспарлауға кiм анықтама бердi?

а) Г. Форд

в) Дж.Одиорн

с) П. Друкер

d) А. Файоль

е) Ф. Тейлор

20. "Формальды ережелер мен процедураларды экстенсивтi қолдану, шешiмдi бiр орталықтан қабылдау, жауапкершiлiк деңгейi шектеулi және ұйымдағы өкiмет билiгiнiң қатаң бөлiнуi" қандай типтегi ұйымға тән сипаттама:

а) ашық ұйым

в) индивидуалистiк ұйым

с) механистикалық типтегi ұйым

d) демократиялық ұйым

е) бюрократиялық ұйым


21. "Бюрократия" және "ұйым" түсiнiктерiн ұксас ұғым деп қарастырған ғалым:

а) Л. Урвик

в) Д. Муни

с) Э. Мэйо

d) М. Вербер

е) П. Друкер


22. "Зауыттың бас директоры - өндiрiс бойынша директор – цех бастығы - аға шебер - шебер" бұл қандай ұйымдық құрылым?

а) сызықтық

в) өнiмдiк

с) дивизиондық

d) функционалды

е) штабтық


23. Департаментизацияның әртүрлi нұскаларын қолдана отырып құрылатын ұйымдық қарым-қатынас деңгейi:

а) "ұйым және сыртқы орта"

в) "ұйым және iшкi орта"

с) "бөлiмше – бөлiмше"

d) "индивид - ұйым"

е) "топ - ұйым"


24. "Дивизиондық департамент" 20 жылдары алғашқы рет қай компанияда қолданылды:

а) "Сони"

в) "Дженерал Моторс"

с) "Ай Би Эм"

d) "Мак Дональдс"

е) "Форд"


25. "Ұйымдағы ресурстарды қабылдау және бөлу жұмыстарын мамандандыру" қай құрылымға тән:

а) штабтық

в) сызықтық

с) функционалдық

d) өнiмдiк

е) дивизиондық


26. Матрицалық департаменттеудi көбiнесе қандай фирмалар қолданады:

а) үлкен фирмалар

в) автомобиль шығаратын фирмалар

с) шикiзат өндiретiн фирмалар

d) өнiмнiң "өмiрлiк циклi" қысқа фирмалар

е) акционерлiк қоғамдар


27. "Корпоративтiк ұйым" менеджмент бойынша:

а) фирма


в) акционерлiк қоғам

с) бiр мүдде үшiн жұмыс iстейтiн адамдар тобы

d) әрқалай ойлайтын адамдар тобы

е) коллектив


28. Төмендегiлердiң қайсысы жоспарлаудың негiзгi принциптерiне жатады:

а) болжамдау

в) оңтайландыру

с) құжаттау

d) күрделiлiктi азайту

е) үздiксiздiк


29. Орындалған жұмыстың санын немесе сапасын өлшеу кезiнде пайдаланатын жоспардың құраушысын көрсетiнiз:

а) мақсаттар

в) нормативтер

с) бағдарламалар

d) ережелер

е) процедуралар


30. Жоспардың қай құраушысы басқару аппараты қызметiнiң iс-әрекет бағыттары мен жалпы шектерiн белгiлейдi:

а) ережелер

в) нормативтер

с) сметалар

d) процедуралар

е) әдiстер


31. Басқарудың қарапайымдылығымен, байланыстың бiржақтылығымен және өзiн-өзi басқарушылығымен сипатталатын департаментизация түрiн белгiлеңiз:

а) дәстурлi

в) сызықтық

с) дивизионалдық

d) штабтық

е) функционалдық


32. А.Маслоу теориясы бойынша мына аталған қажеттiлiктердiң

қайсысы жоғарғы деңгей қажеттiлiктерiне жатады:

а) физиологиялық қажеттiлiктер

в) сый-құрметке қажеттiлiк

с) өзiн өзi таныту қажеттiлiгi

d) қауiпсiздiк кажеттiлiктерi

е) психологиялық қажеттіліктер
33. Д. Мак-Клелланд концепциясы бойынша қажеттiлiктер қалай бөлiнедi:

а) жетiстiкке жету, қатынасушылық, билiк ету

в) физиологиялық,қауiпсiздiк

с) сый-құрмет, өзін -өзі таныту

d) қауiпсiздiк,әлеуметтiк топқа ену

е) жұмыс орнының ыңғайлылығы


34. Өз мақсатына немесе ұйымның мақсатына жету үшiн өзiн және басқаларды қызметке жiгерлендiру процесi, бұл:

а) бақылау

в) жоспарлау

с) мотивация

d) ұйымдастыру

е) жетекшiлiк


35. Ұйымға жанама әсер ететiн факторларды табыңыз:

а) жабдықтаушылар, әлеуметтiк-мәдени факторлар, кәсiподақтар, саяси факторлар

в) жабдықтаушылар, заңдар мен мемлекеттiк органдар, тұтынушылар, бәсекелестер

с) халыкаралық жағдайлар, дүниежүзiлiк экономика жағдайы, саяси факторлар, әлеуметтiк мәдени факторлар

d) заңдар, бәсекелестер, әлуметтiк факторлар

е) заңдар, тұтынушылар, саяси факторлар


36. Қай жоспарлау принципiне сәйкес жоспарлауға шешiм қабылдау кезiнде маңызы бар деген барлық жағдайлар мен ситуациялар енгiзiлуi тиiс:

а) жоспарлаудың толықтығы

в) жоспарлаудың нақтылығы

с) жоспарлауды детализациялау

d) жоспарлаудың қарапайымдылығы

е) жоспарлаудың үздiксiздiгi


37. Нақты жағдайларда жиi қайталанатын iс-әрекеттердiң қатаң белгiленген рет бұл:

а) процедура

в) бағдарлама

с) ереже


d) әдiс

е) мақсат


38. Адамдарға белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн тиiмдi еңбек етуге мүмкiндiк беретiн кәсiпорын құрылымын жасау процесi, бұл:

а) ұйымдастыру

в) жоспарлау

с) басқару

d) жетекшiлiк

е) координациялау (реттеу)


39. Сыртқы ортамен өзара әрекеттесуiне байланысты ұйым былай бөлiнедi:

а) формальды және формальды емес

в) органикалық жане механистикалық

с) корпоративтiк және индивидуалистiк

d) орталықтандырылған және орталықтандырылмаған емес

е) коорперативтiк және мемлекеттiк кәсiпкерлiк


40. Басқару аппаратының тек өзара бағынышты органдардан иерархиялық саты түрiнде кұрылуы қай ұйымдық құрылымға тән:

а) сызықтық

в) штабтық

с) функционалдық

d) дәстүрлi

е) дивизионалдық


41. Тiк, көлденең, сызықтық-функционалдық,рөлдiк қарама-қайшылықтар төмендегiлердiң қайсысына жатады:

а) ұйым iшiндегi қайшылық

в) топ арасындағы қайшылық

с) жеке тұлғалар арасындағы қайшылық

d) топ iшiндегi қайшылық

е) жеке тұлғаның iшкi қайшылығы


42. Коммуникацияның нашар ұйымдастырылуының негiзгi себебi:

а) коммуникацияның маңыздылығын жете түсiнбеу

в) ақпараттарды жеткiзу кұрылымының нашарлығы

с) керi байланыстың жоқтығы

d) керiбайланысты жүзеге асырылуы

е) а, в, с


43. Мак-Клелланд теориясы бойынша адамның алдына қойған мақсаттарына өзi үшiн тиiмдi әдiспен жетуге ұмтылуы кезiнде байқалатын қажеттiлiк қалай аталады:

а) жетiстiкке жету қажеттiлiгi

в) қатынасушылық қажеттiлiгi

с) билiк жүргiзу қажеттiлiгi

d) физиологиялық қажеттiлiк

е) қауiпсiздiк қажеттiгi


44. Өмiр сүру, қарым-қатынас жасау және өсу қажеттiлiктерi кiмнiң мотивациялық теориясына жатады:

а) Маслоу теориясы

в) Мак-Клелланд теориясы

с) Мак-Грегор теориясы

d) Альдерфер теориясы

е) Раймбаг теориясы


45. Бақылаудың негiзгi түрлерiн көрсетiңiз:

а) жалпы, орташа, таңдамалы

в) жан-жақты қамтушы, элементтiк, есептiк

с) алдын-ала, ағымдық, қорытындылаушы

d) мәселе қоюшы, ағымдық, аяқтаушы

е) диагностикалық, факторларды шешушi, жалпы


46. Мына маңызды екi функция бакылаудың қай түрiне жатады:

1-басқарушыларға жоспарлау үшiн қажеттi ақпарат бередi; 2-ынталандыруға мүмкiндiк жасайды:

а) алдын-ала

в) ағымдық

с) қорытындылаушы

d) жалпы


е) диагностикалық
47. Қай фактор тиiмдi бақылау сипаттамасына енбейдi:

а) нәтижелерге бағдарлану

в) уақытында жүргiзiлуi

с) икемдiлiгi

d) эластикалылығы

е) үнемдiлiгi


48. Еңбектi инновациялық басқару мына факторлардың қайсысына қол жеткiзуге бағытталған:

а) еңбек өнiмдiлiгiн жоғарлатуға және өнiм сапасын арттыруға

в) қызметкерлердiң творчествалық және ұйымдастырушылық

белсендiлiгiн арттыруға

с) еңбеккерлердiң санын қысқартуға

d) а.в


е) а.в.с

*****


49. Фирманың мақсаты - жоғары квалификация мен үлкен ұйымдастырушылық жұмысты талап ететiн нарықта алдынғы орынға шығу болған жағдай, қай инновациялық стратегияға тән:

а) шабуылшылық

в) корғаныстық

с) тәуелдi

d) дәстүрлi

е) оппортунистiк


50. Жоспарлаудың қай кезеңiнде жоспарды жасау аяқталып, бекiтiледi:

а) әрекеттердiң альтернативтi мүмкiндiктерiн анықтау кезеңiнде

в) әрекеттердiң альтернативтi мүмкiндiктерiн бағалау кезеңiнде

с) әрекеттер бағдарын таңдау кезеңiнде

d) өндiрiстiк жоспарларды жасау кезеңiнде

е) бюджет кұру кезеңiнде





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет