2. БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Колледж білімалушылары құқылы:
жеке тұлғаға құрметпен қарауға;
мамандықтың негізгі білім беру бағдарламасына сәйкес барлық аудиториялық және практикалық сабақтарға қатысуға;
белгіленген тәртіпке сәйкес оқу-материалдық базаны, кітапхана қорын, ақпараттық ресурстарды, әдістемелік құралдарды, әзірлемелерді және колледждің бағдарламаларын пайдалануға;
медициналық кабинет фельдшерінің құзыреті шегінде медициналық көмекке;
колледж басшылығына оқу қызметін ұйымдастыруға байланысты кез келген мәселелер бойынша жүгінуге;
аттестаттауға берілген демалыс айлары мен уақытынан басқа, оқытушылардың консультацияларын алу және оқу пәндері бойынша қарыздарын тапсыру
жастар ісі жөніндегі комитет (бұдан әрі ЖІК) арқылы колледждің білім беру қызметінің маңызды мәселелерін талқылауға және шешуге қатысуға;
шығармашылық жұмыстардың барлық түріне, конференцияларға, жарыстарға, концерттерге қатысуға.
Достарыңызбен бөлісу: |