Білімалушылар өзімен бірге студенттік билетін алып жүруі тиіс;
Колледжге өту студенттік билеті болған жағдайда жүргізіледі, студенттік билеті күзет қызметкерінің талабы бойынша, сондай-ақ бөлім меңгерушісінің, диспетчердің, кадр бөлімі инспекторының, кітапхана меңгерушісінің,топ жетекшісінің, оқытушылардың талабы бойынша көрсетіледі;
Білімалушыларға колледждің оқу зертханаларында зертхананың оқытушылары мен қызметкерлері болмаған жағдайда отыруға тыйым салынады;
Колледж ішінде тыйым салынады:
сырт киім және бас киім; шолақ шалбар, жағажай костюмдерін, спорт киімдерін (спорт алаңы аумағынан басқа), білім беру мекемесінің мәртебесіне сәйкес келмейтін өзге де киім киюге;
белгілі бір діни конфессияның немесе басқа мәдениеттің киімін киюге немесе атрибуттарын сақтауға (хиджаб, сақал қою) ;
сабақ кестесі бойынша өткізіліп жатқан сабақ уақытында дәліздер мен дәрісханаларда қатты сөйлеуге және шулауға, оқытушының рұқсатынсыз дәрісханаға кіруге және онда сырт киім іліп қоюға;
спирттік ішімдіктерді (соның ішінде сыра) ішуге, колледж ғимаратында не оған жақын жерде құмар ойындар ойнауға;
еліткіш заттар мен уытты заттарды қолдануға және таратуға; колледждің дәрісханалары мен оның аумағында алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде болуға;
колледж ғимаратында жеке қорғану құралдарын (газ баллондарын, газ тапаншаларын және басқаларын) пайдалануға;
асханадан (буфеттен) тыс тамақ пен сусындар ішуге;
колледжде демалыс және мереке күндері, сондай-ақ, белгіленбеген сағаттарда колледж әкімшілігінің арнайы рұқсатынсыз жүруге;
Колледжде темекі шегуге тыйым салынады. Колледж аумағында, сонымен қатар оның ішінде: кіреберісте; колледждің фронтонына іргелес жатқан алаңдарда және колледж ғимаратына іргелес кез келген басқа аумақта темекі шегуге тыйым салынады;
Білімалушыларға қызметкерлер тұрағына жеке автокөлік қоюға тыйым салынады;