Сапакова А. К., б.ғ. к., доцент м а. «19» 04 2016 ж



Дата28.01.2018
өлшемі285,76 Kb.
#34733

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

Силлабус

Силлабус


042-18.35.1.02/01 –2016

Пәннің оқу бағдарламасы (силлабус)




№1 басылым 09.06.2016 ж.






ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)



Пән атауы: ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ХИМИЯСЫ

Кредит саны: 3

Шифр – мамандық атауы: 5В011200 – «Химия»

Факультет, кафедра: жаратылыстану-математика, химия және география




Семей 2016
Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы

Сапакова А.К., б.ғ.к., доцент м.а. _____________« 19 » 04 2016 ж.

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Кафедра отырысында «химия және география»

Хаттама «__19__» ____04____ 2016__ жыл, № 9


Кафедра меңгерушісі ______________Ибраева Л.С.
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында жаратылыстану-математика

Хаттама «__11__» ___05_______ 2016___ жыл, № 5


Төраға _______________Абдишева З.В.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлдандыжәнебаспаға ұсынылды


Хаттама «__09__» ___06_______ 2016___ жыл, № 6
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор
______________Искакова Г.К.
№ 1 басылымның орнына «18_» ____09__ 2013_ ж.

Мазмұны

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

3 КУРС САЯСАТЫ

4 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР







1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
Сапакова Айгуль Касенкановна

Ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы: б.ғ.к., доцент м.а.

Факультет, кафедра: жаратылыстану-математика, химия және география

Байланыс ақпараты – тел.: 77-33-58, e-mail: sapakova.aygul@mail.ru, №3 оқу корпусы, кабинет 418.


1.2 Пәннің қысқаша мазмұны

«Периодтық жүйе элементтерінің химиясы» пәні студенттерді дайындау барысында маңызды орын алады және 5В011200 - «Химия» мамандығында оқитын студенттер үшін базалық пәндер блогының таңдаулы компоненті болып табылады (БП-ТК). «Периодтық жүйе элементтерінің химиясы» пәннің оқу бағдарламасы (силлабус) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген құжаттардың негізінде әзірленді:



  • 5В011200 – «Химия» мамандығының МЖБС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы (Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292);

  • 5В011200 – «Химия» мамандығы үшін «Периодтық жүйе элементтерінің химиясы» таңдау компонент бойынша оқу бағдарламасы (№ 1 басылымның орнына еңгіліген, 09.06.2016, №6).

Жоғары білімді химия мұғалімдері үшін химия пәнінің маңызды бөлігі элементтер химиясын оқып үйрену басты мәселе. Бұл пәнді студенттер химиялық элементтердің периодтық жүйесі бойынша оқиды. «Периодтық жүйе элементтерінің химиясы» пәні жалпы химиялық дайындықтың іргетасы, ғылыми дүние тануды қалыптастырады, болашақ маманның шығармашылық ойлауын дамытады. Элементтердің және олардың жай және күрделі бейорганикалық және органикалық заттардың қасиеттері барлық химиялық білімдердің негізін құрайтын теориялық түсініктері мен концепциялар курстың пәні болып саналады. Ол студенттерді зат құрылысы туралы қазіргі түсініктері, химиялық процесстердің негізгі теорияларымен таныстырады, химиялық циклдің жеке ғылымдарын студенттердің әр қарай оқып біліуінің негізі болып саналады және басқа химиялық пәндерді терең түсінуіне себепкер болады. Болашақ мамандар – ғылыми жұмысшылар мен химия пәнінің мұғалімдеріне бұл пән өлі және тірі табиғатта жүретін процесстерді өте терең түсіну үшін қажет, себебі олар көпшілік жағдайларда өзінің негізінде химиялық характері болады және негізгі химиялық заңдылықтарға бағынады. Элементтер химиясынан алған білім студенттердің химияның басқа да салаларын, атап айтқанда, аналитикалық химия, физикалық және коллоидтық химиясы, органикалық химия, химиялық технология, химиялық синтез пәндерін оқып-үйрену үшін бастапқы кезең болып табылады.


    1. Пәнді оқыту мақсаты

Элементтердің жіктелуін және олардың қосылыстарының алынуы мен қасиеттерән оқып білу.

    1. Пәнді оқытудың міндеттері

Бейорганикалық химия туралы толық түсінікті беру; маңызды бейорганикалық заттардың өндірістік алу жолдары және қасиеттерімен танысу; студенттерді эксперименттік жұмыстарды орындау және химиялық ыдыс пен құралдарды қолдану дағдысына, әртүрлі есептерді шығаруға, эксперимент қорытындысын графикалық түрде көрсетуге, қажетті күрделі математикалық есептеулер жүргізуге үйрету.

1.5 Құзыреті (оқыту нәтижелері)

Пәнді оқыту нәтижесінде магистрант білу керек:



білу:

  • периодтық заңды қолдану арқылы периодтық жүйенің құрылымы мен атом ішіндегі электрондар таруының арасындағы байланыстың себебін, Паули принципін және Хунд пен Клечковский ережелерімен қолданып, периодтық жүйеде орналасуын қарастырып әртүрлі элементтің электрондық конфигурациясын жазу, элементтердің қасиеттерінің периодтар бойынша өзгеруін теориялық түсіндіруін және s, p, d, f – элементтердің (жалпы қасиеттері мен өзгешеліктерін) білу;

  • периодтық жүйенің негізгі және қосымша топшасындағы элементтерімен танысу;

  • негізгі топша элементтерінің жалпы сипаттамасын білу;

  • ауыспалы элементтердің химиясын білу;

орындай алу:

  • периодтық жүйенің негізгі және қосымша топшасындағы орналасқан элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруіне, қосылыстарының қасиеттеріне, олардың қолдану саласына назар аудару және қорытынды жасау білу.

  • элементтердің және олардың қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін, алу жолдарының жалпы принциптерін, өндіріспен байланысын;

  • тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіруінің;

дағдысының болуы:

  • элементтер химиясының негізгі тараулары бойынша берілген типтік есептердің шығару әдістемесінің жалпы әдістемелік нұсқауларын;

  • есеп нәтижелерін іс жүзінде алынған эксперименталды мәліметтермен салыстыруды түсіну тиіс



1.6 Курстың пререквизиті

Бейорганикалық химияның теориялық негіздері


1.7 Курстың постреквизиті

Органикалық химия, физикалық және коллоидты химия, зат құрылысы, химияны оқыту әдістемесі, химиядан есеп шығару әдістемесі, мектепте химиядан эксперимент жүргізу әдістемесі.



1.8 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме




Оқу жұмыс жоспарының көшірмесі 1-кестеде келтірілген


1-кесте


Курс

Семестр

Кредиттер

Дәріс,

сағ.


СТС,

сағ.


ЗЖ,

сағ.


БӨЖ,

сағ.


Барлығы,

сағ.


Қорытынды бақылау

формасы





1,2

2,3

3

30

-

15

90

135

емтихан


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ


Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу 2- кестеде келтірілген


2 - кесте



Модуль. Тақырып


Сағаттар саны




Д

ЗЖ


СТС

БӨЖ

Әдебиет

1

2

3

4

5

6

7

Модуль 1. Бейметаллдар химиясы

1.

Сутегі.

1

1




5

5.1.1-5.1.12

2.

VII топтың негізгі топша элементтері.

3

2




6

5.1.1-5.1.12

3.

VIтоптың негізгі топша элементтері.

3

2




6

5.1.1-5.1.12

4.

Vтоптың негізгі топша элементтері.

3

1




6

5.1.1-5.1.12

5.

IVтоптың негізгі топша элементтері.

3

1




6

5.1.1-5.1.12

Модуль 2. Металлдар химиясы

1.

Металдарды алу жолдары және жалпы қасиеттері.

1

-




5

5.1.1-5.1.12

2.

III топтың негізгі топша элементтері.

1

1




5

5.1.1-5.1.12

3.

II топтың негізгі топша элементтері.

1

1




6

5.1.1-5.1.12

4.

Iтоптың негізгі топша элементтері.

1

1




6

5.1.1-5.1.12

5.

VIIIтоптың негізгі топша элементтері.

1

-




5

5.1.1-5.1.12

6.

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі негізгі топша элементтерінің қасиеттеріне жалпы сипаттама.

1

-




5

5.1.1-5.1.12

7.

Iтоптың қосымша топша элементтері.

2

1




5

5.1.1-5.1.12

8.

IIтоптың қосымша топша элементтері.

2

1




5

5.1.1-5.1.12

9.

VI топтың қосымша топша элементтері.

2

1




5

5.1.1-5.1.12

10.

VIIтоптың қосымша топша элементтері.

2

1




5

5.1.1-5.1.12

11.

VIIIтоптың қосымша топша элементтері.

2

1




5

5.1.1-5.1.12

12.

Лантаноидтар және актиноидтар.

1

-




4

5.1.1-5.1.12




БАРЛЫҒЫ

30

15




90




2.1 1-2 аралық білімді бақылау тапсырмалары


1аралық білімді бақылау тапсырмалары


  1. «Сутегі» тақырыбы бойынша теориялық (дәріс, зертханалық сабақ) материалды оқып білу.

  2. «VII- IV топтың негізгі топша элементтері» тақырыбы бойынша теориялық (дәріс, зертханалық сабақ) материалды оқып білу.

  3. 1 микромодуль тақырыптары бойынша жеке түрде оқытушы берген комбинирленген тапсырмаларына жауап беру.


2аралық білімді бақылау

  1. «Металдар химиясы» тақырыбы бойынша теориялық (дәріс, зертханалық сабақ) материалды оқып білу.

  2. «VIII топтың қосымша топша элементтері» тақырыбы бойынша теориялық (дәріс, зертханалық сабақ) материалды оқып білу.

  3. «Лантаноидтар және актиноидтар» тақырыбы бойынша теориялық (дәріс, зертханалық сабақ) материалды оқып білу.

  4. 2 микромодуль тақырыптары бойынша жеке түрде оқытушы берген комбинирленген тапсырмаларына жауап беру


3 курс САЯСАТЫ

Сабаққа қатысу қатаң түрде, міндетті болып табылады. Егер қандайда бір себеппен магистрант сабаққа қатыса алмаған жағдайда, барлық меңгерілмеген материалға жауапты.

Бақылау тапсырмалары орындалуға міндетті және уақытылы тапсырылуы тиіс. Кешіктіріліп орындалған жұмыс автоматты түрде төмен бағаланады.

Аралық аттестациясының қорытындысы магистранттың сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде өздік жұмыстарын орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптары, сонымен қатар аралық бақылау нәтижесі ескере отырып қойылады.

Аралық аттестация қорытындысы магистранттың сабаққа қатысу, өзіндік жұмысты уақытылы орындауына, сабақ кезіндегі ауызша және жазбаша түрдегі жауабына және аталған аралық бақылаудың нәтижесіне байланысты шығарылады.

Егер магистрант белгіленген мерзімде сәйкес келетін мекеменің растайтын құжатымен денсаулық жағдайына немесе басқа да дәлелді себептермен сабақ босатып, аралық бақылауды тапсыра алмаған жағдайда, магистрант аралық бақылауды индивидуалды түрде тапсыруға құқылы.

Кез-келген көшіру немесе плагиат (дайын тапсырмаларды көшіру, қолдану және басқа магистранттың тапсырманы орындауы) жазасы аудиториядан шығарунемесебағасын«қанағаттанарлықсыз» деп тану түрінде болады.

Сабақ жүру барысында ұялы телефондар өшіріледі.



4 Бағалау саясаты

Басқа кредиттерден тәуелсіз әр пәнге бір академиялық кезең үшін 600 балл бөлінеді (1-7 апта – 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін, 8-15 апта – 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін).

Апта және білімді бақылау түрлері бойынша балл бөлу 3-кестеде көрсетілген.
3 - кесте


Апта

Зертханалық, практикалық, семинар сабақтарының, БӨЖ тақырыптары

Білімді бақылау түрі

Барлық балл


1

2

4

3

1-7

1-7 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу


Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді

30













Зертханалық сабақтар

1

Сутегі. Сутегінің асқын тотығы.


Ауызша

жазбаша


10

2

Хлор және хлорсутегі. Хлодың оттекті қосылыстары.


Ауызша

жазбаша


10

3

Бром, йод және олардың қосылыстары.

Ауызша

жазбаша


20

4

Күкірт. Күкіртті сутегі. Сульфидтер.


Ауызша

жазбаша


20

5

Күкірттің оттекті қосылыстары.


Ауызша

жазбаша


20

6,7

Азот және оның сутекті қосылыстары.Азоттың оттекті қосылыстары.

Көміртегі және оның қосылыстары.




Ауызша

жазбаша


20

БӨЖ

4

  1. «VI,VII топтың негізгі топша элементтері»тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға конспект жазу:

  • VII топтың негізгі топша элементтері.

Фтор және оның қосылыстарының қолданылуы. Фтор және оның қосылыстарының биологиялық рөлі. Хлор және оның қосылыстарының қолданылуы. Қоршаған ортаны хлормен ластанудан қорғау. Зиянды заттардың шекті концентрациясы туралы ұғым. Хлордың ШК-сы. Тұз қышқылының және хлоридтерінің организмдегі физиологиялық рөлі. Натрий хлоридінің су алмасуды реттеудегі рөлі. Галогендердің бір-бірімен қосылыстарына жалпы сипаттама. Галогендерден түзілген жай заттар мен қосылыстардың биологиялық рөлі.

  • VI топтың негізгі топша элементтері.

Оксидтер, олардың алынуы, қасиеті, жіктелуі және номенклатурасы.

Оттегінің қолданылу аймағы. Өсімдіктер өміріндегі оттегінің рөлі. Ауа. Ауаның тұрақты және өзгеріп отыратын құрамдық бөлігі. Таза ауа проблемасы. Сұйық ауа, оның қасиеті және практикалық қолданылуы. Оттегінің сутектік қосылыстары. Су және сутегі пероксиді, құрамы және молекулаларының электрондық құрылысы. Сутегі пероксидінің қышқылдық, негіздік, тотығу-тотықсыздану қасиетінің термодинамикалық тұрақтылығы. Күкіртті сутегінің физиологиялық әсері, оның шекті мүмуін концентрациясы (ШМК). Поликүкірт сутектер және полисульфидтер жөнінде қысқаша мәлімет. Концентрлі күкірт қышықылымен жұмыс істеу ережесі. Күкірт қышқылының өндірісі және қоршаған ортаны қорғау проблемасы. Күкірт қышқылының тұздары, олардың табиғатта таралуы, қасиеті, және қолданылуы. Күкірт қышқылы және оның тұздарының халық шаруашылығындағы маңызы. Күкірттің биологиялық рөлі, табиғаттағы айналымы.

2. «VI,VII топтың негізгі топша элементтері» тақырыбы бойынша тақырыптық тест құрастыру (тест 30 сұрақтан тұру тиіс және әртүрлі жауап түрлері болу керек).

3. Жеке тақырыптық есептерді шығару.



Жазбаша


40

6

  1. «IV,V топтың негізгі топша элементтері» тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға конспект жазу:




  • V топтың негізгі топша элементтері.

Азоттың қолданылуы. Аммоний тұздары мен аммиактың практикада қолданылуы. Азотың биологиялық ролі. Жануарлар мен өсімдіктер организміндегі азот. Азот – белоктардың, нуклеин қышқылдарының, гемоглобиннің және т.б. құрамды бөлігі. Атмосферадағы азотты байланыстыру мәселесі. Азотты тыңайтқыштар. Азоттың табиғаттағы айналымы. Ақ фосфордың улылығы және онымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары. Ортофосфор қышқылының тұздары, олардың практикада қолданылуы. Фосфордың биологиялық ролі. Фосфор – сүйек тканінің, нуклеотидтердің және т.б. құрамды бөлігі. Фосфор тыңайтқыштары. Фосфор тыңайтқыштарын рН-ы әртүрлі топырақта пайдалану.

  • IV топтың негізгі топша элементтері.

Активтендірілген көмір. Активтендірілген көмірді сорбент ретінде қолдану. Көміртегінің тотықсыздандырғыш қасиетінің практикада қолданылуы. Көміртегінің сутекті қосылыстарына жалпы қысқаша сипаттама. Органикалық қосылыстардағы көміртегі. Көміртегі (ІІ) оксидінің физиологиялық әсері және онымен жұмыс жүргізудегі қауіпсіздік шаралары. Иісті газбен уланғанда көрсетілген алғашқы көмек. Кремнийдің қолданылуы. Кремний кейбір биологиялық активті заттардың және өсімдіктердің құрамды бөлігі. Кварцты шыны, оның қасиеті, қолданылуы. Жасанды силикаттар. Силикагель, оның қолданылуы. Силикаттар, ерігіш шыны. Қалайы, қорғасын және олардың қосылыстарының халық шаруашылығында қолданылуы. Ауыр металдардың қосылыстарының тозаңдануынан қоршаған ортаны қорғау.

  1. «IV,V топтың негізгі топша элементтері» тақырыбы бойынша тақырыптық тест құрастыру (тест 30 сұрақтан тұру тиіс және әртүрлі жауап түрлері болу керек).

3. Жеке тақырыптық есептерді шығару.

жазбаша

40

7

1 Аралық бақылау

Комбинирленген тапсырмалар

90

1-7 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы


30+270=

300


8-15

8-15 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу

Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді

30

Зертханалық сабақтар

8

Бор, алюминий және олардың қосылыстары.

Ауызша

жазбаша


15

9

Бериллий, магний, сілтілік-жер металдар және олардың

Ауызша

жазбаша


15

10

Сілтілік металдар және олардың қосылыстары.

Ауызша

жазбаша


15

11

Мыс, күміс және олардың қосылыстары.

Ауызша

жазбаша


15

12

Мырыш, кадмий, сынап және олардың қосылыстары.

Ауызша

жазбаша


15

13

Хром және оның қосылыстары.

Ауызша

жазбаша


15

14,15

Марганец және оның қосылыстары.

Темір, кобальт, никель және олардың қосылыстары.



Ауызша

жазбаша


10

БӨЖ

10

1. Келесі сұрақтарға конспект жазу:

  • Металдардың жалпы қасиеттері мен алу жолдары. І, ІІ топтардың негізгі топша элементтері.

Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Металдардың коррозиясы және оларды коррозиядан қорғаудың негізгі тәсілдері. Металдар коррозиясының ингибиторлары. Металдар коррозиясы және оларды қорғау саласындағы кеңес ғалымдары Г.В. Акимовтың, С.А. Балезиннің, И.Л. Розенфельдің және т.б. еңбектері. Кеннің негізгі түрлері, металдарды кеннен алудын манызды әдістеріне шолу. І,ІІ топтардың негізгі топша элементтерінің жер қыртысында таралуы, изотоптық құрамы, маңызды табиғи қосылыстары. Металдардың шынайы атмосфера жағдайындағы күйі. Сілтілік және сілтілік-жер металдарды сақтау ережелері, олармен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары. Соданың алынуы. Натрий және калий қосылыстарының тірі организмдер үшін маңызы. Өсімдіктер мен жануарлар организмінде натрий мен калийдің кездесуі. Жүйке жүйесіне, бұлшық ет қызметіне, бүйрек, жүрек, тамыр жүйелеріне және т.б. органдарға натрий және калий иондарының әсері. Өсімдіктердің биохимиялық процесстеріне калий иондарының қатысуы. Калий тыңайтқыштары. Халық шаруашылығында металдық берилий мен магнийдің қолданылуы. ІІ топтың негізгі топша элементтері қосылыстарының физиологиялық әсері. Кальций иондарының физиологиялық ролі. Тірі организмдердегі кальций және оның тірек қызметтері. Хлорофилл синтезіндегі кальцийдің әсері. Магний – хлорофилдің құрамды бөлігі.

  • III,VIII топтардың негізгі топша элементтері.

Жер қыртысында таралуы, изотоптық құрамы, маңызды табиғи қосылыстары. Бор – микроэлемент. Алюминий және оның құймаларының қолданылуы.

  1. «Металдардың жалпы қасиеттері мен алу жолдары. І, ІІ топтардың негізгі топша элементтері» тақырыбы бойынша тақырыптық кластер құрастыру.

  2. «VIII топтың негізгі топша элементтердің ашылу тарихы және қолданылуы» тақырыбы бойынша баяндама жазу.

4. Жеке тақырыптық есептерді шығару.

Жазбаша

40

14

1. Келесі сұрақтарға конспект жазу:

VI, I, II топтардың қосымша топша элементтері.

Металдар мен олардың қоспаларының қолданылуы. ІІ топтың қосымша топша элементтердің маңызды комплексті қосылыстары. Мырыштың микроэлемент ретіндегі ролі. Мырыштың, кадмийдің және сынаптың қосылыстарының физиологиялық әсері. Сынаптың ШК-сы. Сынап және оның қосылыстарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Мырыш, кадмий және сынап қосылыстарын практикада пайдалану.



VII топтың қосымша топша элементтері.

Марганецтің қолданылуы. Марганец құймалары. Марганец өсімдіктер қорегінің микроэлементі.



VIII топтың қосымша топша элементтері.

VIII топтың қосымша топша элементтерінің ашылу тарихы, маңызды табиғи қосылыстары, жер қыртысында таралуы, қолданылуы. Темір, кобальт, никель (ІІ, ІІІ) маңызды қосылыстарының қолданылуы. Темірдің, кобальттің, никельдің қосылыстарының биологиялық ролі. Биологиялық активті қосылыстар – қан гемоглобинінің, қан миоглобинінің, каталаздың түзілуіне темірдің қатысуы. Тыныс алу процесіне темірдің қатысуы.



Лантаноидтар. Актиноидтер.

Лантаноидтар және актиноидтердің ашылу тарихы. И.В. Курчатов, Г.Н. Флеров, Г. Сиборг жұмыстары.



  1. «Қосымша топша элементтері» тақырыбы бойынша тақырыптық тест құрастыру (тест 20 сұрақтан тұру тиіс және әртүрлі жауап түрлері болу керек).

  2. «Актиноидтар.Лантаноидтар» тақырыбы бойынша кластер мен глоссарий құрастыру.

  3. Жеке тақырыптық есептерді шығару.

Жазбаша

40

15

2 Аралық бақылау


Комбинирленген тапсырмалар

90

8-15 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы


30+270=

300


Емтиханның қорытынды баллы

Ауызша

400

Академиялық кезең үшін қорытынды балл




1000

Білім алушы пән бойынша емтиханға кіруге егер оның пәннің пререквизиті болып табылатын семестрде жинаған жиынтық рейтингтік баллы 300-ден-600 баллды құраса және пән бойынша академиялық қарызы болмаған жағадайда ғана рұқсат етіледі.

Білім алушы пән бойынша емтиханға егер, семестрде жинаған жиынтық рейтингтік баллы 300-ден-600 баллды құраса және пәннің пререквизиті болып табылатын пән бойынша академиялық қарызы болмаған жағадайда ғана кіруіне рұқсат етіледі.

Пән бойынша емтихан бағасы ең жоғарғы оқу үлгерімікөрсеткіштері бойынша анықталады: қорытынды аттестация (60%), емтихан (40%), барлығы 100%. құрайды.

Пән бойынша білім алушылардың білім сапасын бағалаушкала бойынша анықталады (4-кесте).

4 – кесте



Білімді бағалаудың көпбаллды әріптік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша бағалау


Баллдардың цифрлықэквиваленті



Пайыздық мазмұны


Дәстүрлі жүйе бойынша баға


А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3.00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық


С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,00

50-54

F

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз

5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР




5.1 Негізгі әдебиет


5.1.1.Бейорганикалық химия. Т.1. /Шрайвер, Д. - 2012

5.1.2. Неорганическая химия. В 2-х т.  Т.1. /Шрайвер, Д. – 2009

5.1.3. Неорганическая химия. В 2-х т.  Т.2. /Шрайвер, Д. - 2009

5.1.4. Химия /Сейтембетов,Т.С. – 2010

5.1.5. Общая химия /Глинка, Н.Л. – 2012

5.1.6. Химия негіздері /Аханбаев,К. – 2009

5.1.7. Химия. Т.1. Жалпы және бейорганикалық химия /Утелбаева, А. – 2006

5.1.8. Химия.Т.2. Элеметтер химиясы ІА-ҮА топша элементтері /Утелбаева, А. – 2006

5.1.9. Общая и неорганическая химия в таблицах и схемах /Келина, Н.Ю. – 2008

5.1.10. Химия. Т.3. Элементтер химиясы ҮА-ҮІІІ А және ҮІІІБ-ІБ топша элементтері /Утелбаева, А. – 2006

5.1.11. Бейорганикалық химия /Омарова, Т.Т. – 2008

5.1.12. Жалпы химия /Бірімжанов, Б.А. - 2011



5.2 Қосымша әдебиет


5.2.1. Жалпы және бейорганикалық химия практикумы /Ділманов, Б.М. – 2009

5.2.2. Жалпы және бейорганикалық химия практикумы /Мырзалиева, С.К. – 2005

5.2.3. Бейорганикалық химия практикумы /Ж.Ә.Шоқыбаев / - 2003

5.2.4. Неорганическая химия в реакциях: Справ. /Лидин, Р.А. – 2007

5.2.5. Общая и неорганическая химия /Угай, Я.А. – 2000

5.2.6. Задачи и упражнения по общей химии /Глинка, Н.Л. – 2008

5.2.7. Лабораторный практикум по общей и неорганической химии /Стась, Н.Ф. – 2008

5.2.8.Химия терминдерінің орысша-ағылшын-қазақша және ағылшын-орысша-қазақша сөздігі =Русско-англо-казахский и англо-русско-казахский словарь химических терминов /Ибраева, Л.С. - 2010

5.2.9.Химиялық элементтер әлемінде /Жайлауов, С. - 1984

5.2.10.Популярная библиотека химических элементов . Кн. 1. Водород - Палладий /сост. В.В.Станцо / - 1983


5.3 Интернет-ресурстар


5.3.1.interneturok.ru › Химия › 9 класс

5.3.2.5terka.com/node/10380



5.3.3.https://sites.google.com/...sistema-elementov...mendeleeva.../plan-algoritm-harakteristi...

5.3.4. school-collection.edu.ru/catalog/rubr/d05469af-69bd-11db-bd13.../75739/

5.3.5. www.primefan.ru/stuff/chem/moodle/atom7.html

5.3.6.morozovasite.21307s04.edusite.ru/spravka8.html






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет