Абзацты қорытындылайтын сөйлем:
Міне, сол уақытта, оқиғаның шарықтау шегінде кез келген адам қоғамды елең еткізген, тарихта тіркелген немесе елдің есінде қалатын ерлікті жасай алады.
|
2- абзац
|
Тезиске қатысты пікір:
|
«Ерлік жасау кез келген адамға тән және барлық адамдар ерлік жасай алады» деген пікірге күмән тууы заңды, адамдардың барлығы біркелкі ойламайды ғой.
|
2-аргумент
|
«Уикипедия» энциклопедиясында:«Ерлік – бірнеше мағыналы сөз, адам бойындағы батылдықты, батырлықты, ұстамдылықты, табандылықты, қайсарлықты, өжеттікті білдіретін ұғым. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де тайынбай, рухын жоғары ұстайды» дей келе, көбінесе қоғамдық мәні бар істерде көрінетін, азаматтық қасиеттердің негізгі көрсеткіші екеніне тоқталады. Осы тұста қарсы пікірлер туындайды: кез келген адам қоғам мүддесін жеке мақсатынан жоғары қоя бермейді; екінің бірі шешім қабылдай алмайды т.б. Қарсы пікірді қабылдау маңызды: біріншіден, сынды батыл қабылдау – ерлік, ал екіншіден, дұрыс пен бұрысты талдап, салыстыру – берік шешім негізі.
|
Абзацты қорытындылайтын сөйлем:
|
Демек, ойлану, шындықпен бетпе-бет келу, байлам жасау – ерлікке апаратын жол, ендеше осының кемінде біреуін әр адам өз өмірінде жасайтыны даусыз.
|
Қорытынды бөлім
|
Тезиске қайта оралып, ойды түйіндеу:
|
Қорыта айтқанда, әр адам ерлік жасауға қабілетті.
|
Эссені қорытындылаушы ой түйіні:
|
Ерлік әртүрлі сипатта болады: майданда жеңіс үшін, бейбіт өмірде қоғам мүдделері тұрғысынан да жүзеге асырылады. Меніңше, өмірдегі басты ерлік – адами адал болмысты сақтау! Қайрат, ақыл серік болсын!
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |