Сараптау кеңесінің төрайымы: _______________________Айкөзова Д.
Мүшелері: ________________________Бопиева Г.
________________________Орынбасар Д.
________________________ Тойшиева Ж.
________________________ Тойшыбеков Р.
________________________ Султанбеков О.
________________________ Кульбаева Г.А
________________________Ошақбаева Ж.
________________________ Мағжанқызы С.
________________________ Джазықбаева М.
________________________ Нуржанова К.
________________________ Айменов Н.
«19» сәуір 2021 ж
Түркістан облысының әдістемелік орталығы
________________________________________________________________
«Оқу пәндерін әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің отырысы
№ 4 ХАТТАМАСЫНАН
К Ө Ш І Р М Е
«____» _______ 2021 жыл
Төрайым – Панова А.
Хатшы – Керимбекова А.
Қатысқандар: 7 адам.
Күн тәртібі:
1. «Қазақстан тарихын Ясауитану ілімімен сабақтастыра оқыту» арнайы курсы тақырыбындағы авторлық бағдарламаны орталықтың әдістемелік кеңесіне ұсыну.
(Т.К.Алибекова, М.К.Усенбеков)
Тыңдалды:
Бөлім әдіскері: Усенбеков М.
Авторлық бағдарлама «Қазақстан тарихын Ясауитану ілімімен сабақтастыра оқыту» арнайы курс тақырыбындағы бағдарлама мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында жазылған. Қазақ халқының тарихында ұлттық, мемлекеттік идеология дәрежесіне көтерілген біртұтас ілімдерді жасаған даңқты тұлғалардің бірі, бүкіл түркітілдес халықтарына ортақ ұлы ойшыл – Қ.А.Ясауи жасаған ілім өз бастауын түркі халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарын қазақ халқына қалдырған. Ясауи ілімін ел игілігіне жаратып, ақыл-ойының өзегіне айналдыратын тетіктердің бірі ретінде 6–11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану» халықаралық байқауын қолдауды мақсат тұтып ұсынылған. Ең алдымен Ясауи ілімі өзінің кең мазмұндылығымен қазіргі жас буынның рухани сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыра алады.
Ұсынылып отырған авторлық бағдарлама негізгі, жалпы орта мектептерге факультативтік курс өткізу үшін құрастырылған.
Сөз сөйледі:
Бөлімнің әдіскері: Саипов Д.
Авторлық бағдарламадаЯсауи ілімінің негізгі қағидаларын заманауи өмірге бейімдеп қайта жаңғырту арқылы қазіргі қазақ қоғамындағы көптеген рухани проблемалардың алдын алуға болатыны баяндалған. «Қазақстан тарихын Ясауитану ілімімен сабақтастыра оқыту» тақырыбындағы авторлық бағдарлама дүниетанымдық және ұлттық рухани ілімдерді оқушылардың бойында қалыптастыруға бағытталған.
Қабылданған шешім:
«Қазақстан тарихын Ясауитану ілімімен сабақтастыра оқыту» (Т.К.Алибекова, М.К.Усенбеков) тақырыбындағы авторлық бағдарлама әдістемелік орталықтың әдістемелік кеңесіне ұсынылсын.
Төрайым Панова А.
Хатшы Керимбекова А.
Достарыңызбен бөлісу: |