69Бірінші жүктілік, жүктілік мерзімі 16 апта 5 күнмен әйел кезекті акушерканың қарауынан өтуге келді. Шағымдары: екі күннен бері аяқтарында, екі балтырында ісінулер пайда болуы, кіші дәреттің азаюы. Объективті тексеру барысында анықталған: аяқтарындағы, балтырындағы ісінулер, АҚҚ 110/70мм. сын. бағ. Лабораторлы зерттеу: жалпы зәр анализі – қалыпты. Акушерка жүктіліктен туындаған ісінулер деп диагноз қойды. Акушерка қандай емшара тағайындауы керек?
тәулігіне кемінде 2,0 л сұйықтықты тұтыну, күніне 7-10 рет 5-10 минут тізе-шынтақ позициясында тұру
магнезиалды терапияны бастау
диуретиктер тағайындау
тәуліктік сұйықтың мөлшерін азайту
тәуліктік тұздың мөлшерін азайту
70Алғашқы жүкті әйел, 24 жаста. Жедел жәрдем бригадасы магнезиалды терапияның қолдаушы дозасымен босану үйіне жеткізді. Шағымдары: жүрек айнуы, төс аймағындағы күйдіру сезімі, "кофе ұнтағына" ұқсас бір рет құсу, әлсіздік, жақында пайда болған геморрагиялық бөртпе. Жедел жәрдем келгеннен кейін 5 минуттан кейін құрысулы ұстама болды. Туыстарының айтуы бойынша, науқаста шамамен жедел жәрдем бригадасы шақырылғанға дейін бір сағат бұрын жөтелден кейін бет терісінде петехиалды қан кетулер пайда бола бастады. Жүктілік мерзімі 38-39 апта. Объективті: екі қолында АҚҚ 200/110 мм.с.б; тері түсі қалыпты. Алдын-ала диагноз қойып, тактиканы таңдаңыз
Жүктілік 38-39 апта. Эклампсия, HELLP синдромы. Жедел босандыру
Жүктілік 38-39 апта. Преэклампсия. Магнезиалды терапияның старттық дозасын бастау
Жүктілік 39 апта. Эклампсия. Босандыру
Жүктілік 38-39 апта. Преэклампсия. 42 аптаға дейін күту
Жүктілік 38 апта. Преэклампсия. Жедел босандыру.
71 Жедел жәрдем бригадасы перзентханаға 32 жастағы жүкті әйелді әлсіздік, эпигастрий аймағындағы ауырсыну шағымдарымен жеткізілді. Жүктілік мерзімі 32 апта. Алдыңғы жүктілік кесарь тілігімен мерзімінен бұрын 32 аптада босанумен аяқталды. Мерзімінен бұрын босанудың көрсеткіші ауыр гестоз болды. Жүкті әйелді тексеру кезінде
төменгі аяқтың пастозы, терінің сарғаюы, АҚҚ екі қолында да 140/95 мм.с.б; іштің шеңбері 80 см; жатыр түбінің биіктігі 27 см. Жатыр барлық бөлімдерде ауырсынусыз. Пальпация кезінде бауырдың шеті қабырға доғасының астынан 2 см шығыңқы анықталды. Қан анализінде: бауыр ферменттерінің белсенділігінің 10 есе артуы, гипербилирубинемия, тромбоциттер саны 90 х 109/л. Алдын-ала диагноз қойыңыз, келесі тактиканы таңдаңыз.
Жүктілік 32 апта. Ауыр преэклампсия. HELLP синдром. Жатырдағы тыртық. Жедел босандыру.
Жүктілік 32 апта. Преэклампсия. Жатырдағы тыртық. Жедел босандыру.
Жүктілік 32 апта. Ауыр преэклампсия. Жедел босандыру.
Жүктілік 32 апта. Ауыр преэклампсия. HELLP синдром. Жатырдағы тыртық. 37 аптасында босандыру.
Жүктілік 32 апта. Жатырдағы тыртық. Жедел босандыру.