~~Жүкті әйел, 26 жаста, жүктіліктің 34 аптасында үйінде бір рет эклампсия ұстамасы болды. Жедел медициналық көмек көрсететін машинамен перзентханаға жеткізілді. Түскен кезде: есеңгіреген, АҚ – 180/110 және 170/100 мм с.б.. Магнезиалды терапияны жүргізу үшін бастапқы доза қандай болу керек:
~~30 жастағы қайта босанушы әйел, жүктілігінің 38-39 аптасында 5 сағат бұрын басталған босану қызметімен және 2 сағат бұрын ұрық маңы суының төгілуімен перзентханаға жеткізілді. Ұрықтың жамбаспен жатуы анықталды. Ұрықтың жүрек қағысы айқын, ырғақты, минутына 136 соққыға дейін. Ұрықтың болжам салмағы 3000,0+-200,0. Қынаптық зерттеу кезінде жатыр мойнының ашылуы 8 см, ұрық қапшығы жоқ, кіші жамбасқа кіре беріске жұмсақ бөлігі келіп тұр. Мүйісіне қол жетпейді. Ең ықтимал диагноз қайсысы:
~~37 апталық жүктілік мерзіміндегі жүкті әйел ретті толғақ басталғанына 4 сағат өткенде, бүтін қағанақ суымен келіп түсті. 40 мин бұрын басталған іштің керіп ауыру сезіміне шағымданады, аздаған қанды бөліністері бар. Қарап тексергенде - әйел бозарған, тамыр соғысы 100 рет мин. АҚ= 90/60 мм.с.б.б. Жатыры керілген, толғақсыз кезде жатыр босаңсымайды. Нәрестенің дене бөліктері пальпацияланбайды, жүрек соғысы естілмейді. Ең мүмкін диагноз: «Жүктіліктің 37 аптасы. Босанудың I кезеңі……»:
~~20-21апталық жүктілігі бар науқаста Верльгоф ауруы (идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпур~ бар. Қанды талдау кезінде тромбоциттер 42,0х109/л саны анықталды. Ең дұрыс тактика?
~~Қайталап жүкті болушы 27 жаста, ұрық қимылын сезбегеннен 40 минуттан кейін жедел жәрдем көмегімен келіп түсті. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚҚ 90/60 мм сын бағ, жатыры қозған, ұрық бөліктері анықталмайды, ұрықтың жүрек соғысы естілмейді, жыныс жолдарынан орташа мөлшерде қанды бөліністер бар. Толғақ қызметі жоқ, қандай патология туралы ойлау керек?
~~Перзентханаға 32 апталық жүктілікпен әйел келіп түсті. Түсу барысында бет бұлшықетінің тырысуы байқалады. Аяқтарында ісінулер бар. АҚҚ 140/100 мм.с.б.б (бастапқысы 120/90). Протеинурия 3,0 г/л, гемоглобин 68,0 г/л. Темір препараттарын бүкіл жүктілік бойында қабылдап келген. Жүкті әйелде қандай асқыну дамуы мүмкін:
~~Кардиологиялық орталыққа 20 жастағы алғаш жүкті әйел келіп түсті. Жүктілік мерзімі 10-11 апта. Д есепте жүрек ақауы бойынша тұрады. Ревматизмның ақырғы өршуі 16 жасында. Шағымы түскен кезде жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ісінулер жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, төбесінде систолялық шу, акцент өкпе артериясында. Тамыр соғуы 80
рет/мин, ырғақты. АҚҚ 110/70 мм с.б. басқа ағзалар бойынша патология жоқ. Лабораториялық зерттеу кезінде: Нв 110 г/л, СОЭ 35 мм/ч, лейкоциттер 6,2@@109, лейкоцитарлы формула қалыпты, ревмосынамалары қалыпты деңгейде. Ауруханаға жатқызудың негізгі мақсаты:
~~Жүкті әйел 28 жаста, 32 апталық жүктілікпен патология бөліміне әлсіздікке, шөлдеуге, тойымсыз аштық сезімге, суықтықты тәулігіне 4-5 литрге дейің ішуіне шағым айтып түсті. Әйелде терінің қышуы, көп зәр шығуы мазалайды. Бірінші жүктілігі 26-27 аптада, мерзімінен бұрын өлі ұрықпен босану, осы жүктілігі – екінші, жатыр 30 апталық жүктілікке сәйкес ұлғайған, ұрықтың орналасуы ұзына бойы, басымен келіп тұр. Жүрек соғымы айқын, ырғақты. Инсулин деңгейі анықталмаған. Қандағы глюкоза мөлшері 9, 2 ммомль/л. Зәрде 5 ммоль /л. Глюкоза толерантты тест жүргізілді. Диагнозыңыз:
~~23 жастағы қайталап жүкті болушы әйел 37 апталық жүктілікпен әйелдер консультациясының дәрігерінің жолдауымен жүктілік патология бөліміне түсті. Анамнезінде: I-ші жүктілігінде - 36 аптасында ауыр преэклампсия болған себебіненн мерзімінен бұрын босандырған, баласы тірі. Бұл жүктілік
– екінші. Түскен кезде: 2-апта бойы денесінің қышуына шағымданады, АҚ 140/90 мм.с.б., пульсі 84 рет/мин. Тері жамылғысы бозғылт, ішінде, қол- аяқтарында қасығанның көптеген іздері бар. Жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған, ұрықтың жүрек соғуы анық, КТГ-да 8-9 балл. Зәр анализінде белок 0,3 г/л, қан анализінде НВ-98 г/л, биохимиялық анализдерде АЛаТ пен АСаТ-тың 2 есе жоғарлауы анықталады, қанда жалпы белок 56 г/л. Қынап арқылы зерттегенде жатыр мойнының жетілуі 6 баллдан жоғары, ұрықтың басы жамбас кіре берісі үстінде. Диагноз және тактика?
~~ЖДАмбулаторияға жүкті әйел әлсіздікке, шаршағандыққа шағымданып кеді. Жүктілік мерзімі 27 апта. Ашқарында алынған қан анализінде гипергликемия анықталды 7,1 ммоль/л, кетоз белгілері жоқ. Болжам диагноз?
~~Босанған әйел, шұғыл түрде жасалған кесар тілігі операциясынан 2 тәуліктен кейін, алғашында ішінің төменгі бөлігінің қатты ауырсынуына, содан кейін оның іштің барлық бөлігіне жайылуына, лоқсуға, құсуға, ішінің кебуі және үлкен дәретінің тежелуіне шағымданады. Терісі бозғылт сұр түсті, бет келбеті бұрыштанып, түрі қиналғандықты көрсетіп тұр, еріндері мен тілі құрғақ. Дене қызуы 38 °С , тамыр соғысы минутына 120 соққы. Іші кепкен пальпация кезінде ауырсынады, алдыңғы іш қабырғасындағы бұлшық еттері кернелген, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Ішек перистальтикасы бірден әлсіреген. Лейкоциттер деңгейі - 17,5*10, Эритроциттердің тұну жылдамдығы - 39 мм/сағ. Ең ықтимал диагноз қайсысы:
~~Перзентханаға жүкті әйел ес-түссіз жеткізілді. Туыстары оның 5 күн бұрын бас ауруына шағымданғанын айтады. Тексеру кезінде: тырысу, жағдайы ауыр, ес - түссіз. Қан қысымы 180/100 мм. сын.бағ.ст., жатырдың жүктіліктің 33-34 аптасына сәйкес ұлғаюы, ұрықтың орналасуы бойлық, баспен, ұрықтың жүрек соғысы минутына 146 соққы, айқын, ритмді, катетрдегі зәр лайлы, 30 мл мөлшерінде.ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
~~Жүкті әйелде 31-32 апта жүктілік кезінде ісінуге шағымданады. Анамнезінде созылмалы пиелонефрит. Объективті: қан қысымы 150/100, аяқтардағы ісіну, зәрдегі ақуыз - 0,66 г/л. Жатыр жүктіліктің 30 аптасына дейін ұлғайған, ұрықтың позициясы бойлық, баспен келген, ұрықтың жүрек соғысы айқын, минутына 146 соққыға дейін ритмді.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
~~Алғаш рет жүкті әйел, жүктілік бойынша есепте тұрмаған, мерзімі жеткен жүктілікпен келді, қынаптық зерттеу кезінде жатыр мойынының ашылуы 5 см, бүкіл бойында жұмсақ губка тәрізді тін сезіледі. ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
~~Мерзімі жеткен жүктілікпен алғаш босанушыда ультрадыбыстық зерттеу кезінде плацентаның төменгі шеті ішкі ернеуден 3 см қашықтықта екендігі анықталды.ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
~~Босанушы әйелде босану кезінде жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болды. Босанушы әйел қобалжулы, пульс минутына 100 соққы, қан қысымы 90/50, жатыр гипертонуста, толғақтан тыс босаңсымайды. Брадикардия тенденциясымен ұрықтың жүрек соғысы минутына 90 ретке дейін төмендейді. Вагинальды зерттеу кезінде: жатыр мойынының ашылуы 3 см, басымен келген. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
~~Мерзімі өтіп туылған ұрықпен босанған әйелде 1 сағаттан кейін босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан кету пайда болды. Қабылданған шаралардан кейін қан кету тоқтады, жатыр тығыз, жалпы қан жоғалту 2200,0 мл-ге жетті. Босанған әйелдің жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозғылт, пульсі 115 соққы/минут, әлсіз толымдылықпен. АҚ 80/50 мм сын.бағ. Ли - Уайттың сынағы 8 минут.ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
~~29 жастағы босанған әйел босанғаннан кейін 30 минуттан кейін босану жолдарынан қан кете бастады. Ұрық жолдасы бүтін. Туу жолдары қаралмаған. Жатыр жиырылмайды. Жалпы қан жоғалту 800,0 мл. ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
~~Алғаш жүкті, алғаш босанушы босану бөліміне босану қызметі басталғаннан 8 сағат және қағанағ суының кетуінен бастап 5 сағат өткен соң келді. Бір сағаттан кейін әйелде әлсіздік, қалтырау, жалпы әлсіздік, тахикардия, дене температурасының 38,5 С жоғарылауы, іштің төмен жағы және бел аймағындағы ауырсынулар туралы шағымдар пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы тұйықталған, минутына 168 соққы. Жатырдың ашылуы 4 см, қағанақ көпіршігі жоқ. Амниотикалық сұйықтық мекониалды сипатқа ие болды. ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
~~Перзентханаға жедел жәрдем бригадасымен 29 жастағы жүкті әйел, 35 апта жүктілік мерзімінде, оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі шағымдарымен жеткізілді. Объективті: жағдайы ауыр, терісі мен склерасы сарғайған. АҚ 150/90 мм. сын.бағ., пульс – минутына 96 соққы. жатыр қозғыш емес. Ұрықтың жүрек соғысы айқын, ритмді, минутына 146 соққы. Аяқтарда, іште ісіну бар. Зәр шығару азайған, зәр қою түсті. ЖҚА: Hb-74 г/л, тромбоциттер - 80х109/л. биохимиялық қан анализі: АЛТ-85ХБ/ л, АСТ– 90 ХБ/л. ЖЗА: ақуыз 0,03 г/л. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
~~Босанушы К., 30 жаста, босану ұзақтығы әлсіз толғақпен 19 сағатқа созылды. Салмағы 3300 грамм нәресте туылғаннан кейін 15 минуттан соң қан кету басталды. Қан жоғалту 300 мл және әлі жалғасуда. Баланың жолдасы бөлініп алынды, бүтін. Қан жоғалту 500 мл және әлі жалғасуда. 10 ЕД окситоцин енгізілді, 15 минутта 1 литр 0,9% NaCl-мен инфузия жасалынды. Массаждан кейін жатыр жиырылды, бірақ қан кету қайтадан басталды.
Жатыр мойны мен қынап бүтіндігі бұзылмаған. Диагноз қойыңыз
~~Қайта жүкті болушы А., 34 жаста. Акушерлік стационарға жүктілік мерзімі 29 апта 3 күнде түсті, шағымдары: әлсіздік, басының айналуы, ауызының құрғауы, шөлдей беруі, демікпе, эпигастрия тұсы ауырады және ауыр тартып тұрады, лоқсу және қан қоспалары қосылған құсу, қызыл иектерінің қанағыштығы, 6 аптадан бері дене салмағын жоғалтуы, тері қышынуы, қалтырау. Объективті: тері жабындары сарғыш түске боялған. АҚ 90/60 мм сынап бағ., пульс минутына 100 рет. Анализдерінде - орташа гипохромды анемия, айқын лейкоцитоз, нейтрофильдер солға ығысқан. Айқын гипопротениемия. Қанда мочевина, креатинин күрт артқан. Холестерин қалыпты шамада. ДВС синдромның зертханалық белгілері байқалады. Гестациялық процестің қандай асқынуы дамыған?
~~Қайта жүкті болған, қайта босанушы Г., 30 жаста, жүктілік 39 апта 4 күн, босану бөлімшесіне толғақ басталғаннан кейін1 сағаттан соң және босануға дейін шарана маңы суы кеткен соң түсті. Күшті толғақ, әрбір 1-2 минутта, 55- 60 секундтан. Бөлімшеге түскен соң 20 минуттан кейін демікпе, жөтел, кеуде тұсының ауыруы, әлсіздік, қорқыныш сезімі пайда болды. Іш шеңбері – 100 см, жатыр түбі биіктігі - 35 см. Нәресте басы кіші жамбас кіреберіс жазықтығына тірелген. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына
136 рет. Қынапты тексеру: мойны жазылған, шеттері қалың, жұмсақ, 8 см ашық, шарана қабы жоқ. Мүйіске қол жетпейді. Босанушы әйелде пайда болған асқыну қандай?
~~Босанушы К., 32 жаста, жүктіліктің 40 апта 3 күн мерзімінде өз күшімен босанғанып босану бөлімшесінде жатыр,ірі ұл нәресте, салмағы 4000 грамм, қан кетумен асқынған. Қан кету 1200,0 мл құрады және әлі жалғасуда. Жағдайы орташа ауырлықты дәрежеде. АҚ 90/60 мм сынап бағ. Пульс - минутына 110 рет. Диагно қойыңыз:
~~Әйел Э., 34 жаста, жалпы тәжірибелі дәрігерге тұрақты түрде бас ауруына шағымданып қаралған, 1 жыл ағымындпғы екіншілікті аменорея және салмақ қосқан. АҚ 85/60 мм сынап бағ. Соңғы кездерде ешқандай препарат қабылдамаған. Тексеру нәтижесі төмендегідей: Пролактин - 55 нг/мл (қалыпта 2-25),ТТГ- 40 мкЕ/мл (қалыпта 0,1-4,5), Т4- 1,8 мкг/дцл (қалыпта 4,5-12). Осы науқасқа тағайындауға болады:
~~Жас әйелде алты жыл бұрын (19 жаста) ешқандай себепсіз менструациясы тоқтап қалған, жүктілік ешқашан да болмаған. Әйелдік фенотип. Соңғы уақытта көруінің нашарлағанын байқаған. Қан сарысуындағы ФСГ концентрациясы 0,3мМЕ/мл (қалып 2-20), пролактин - 16 нг/мл (қалып 2-25). Гестаген және эстроген сынамалары теріс. Осы жағдайдағы аменореяның түрі?
~~Науқас М., 26 жаста. Іштің оң жағында ауырсыну 2 күн бұрын басталған, әлсіздікке, бас айналуына шағымданады. Жыныстық қатынас 23 жастан, бір рет болған жүктілік түсікпен аяқталған. Соңғы менструация 1,5 ай бұрын. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, терісі бозғылт, температура 37,2 °С, пульс минутына 84 рет, АҚ 110/70, 105/70 мм сынап бағ. Іші жұмсақ, пальпацияда төменгі жақта, әсіресе оң жақта ауырсыну бар. Бимануальды қынаптық тексеру: жатыр аздап үлкейген, қозғау күшті ауырсынуды туындатады. Жатырдың сол жақ қосалқалары анықталмайды. Жатырдың оң жағында пішіні анық емес қоймалжың тығыздықтағы ісік тәрізді құрылым пальпацияланады. Бөліну аз, күңгірт-қоңыр түсті. Қан сарысуындағы АХГ құрамы 1000 МЕ/мл. Диагноз қойыңыз?
~~К., 28 жаста босанудан кейін 5 тәулік. Жүктілік ағымы асқанусыз өтті. Босанудың І кезеңі 8 сағатты, ІІ кезең 1 сағатты, ІІІ кезеңі 3 минутты құрады. Босанушының жыныс жүйесінде ерте босанудан кейінгі кезеңде қандай өзгерістер болмайды:
~~Сүт безінде керіп ауырсыну, пальпация кезінде ауырсыну, интоксикация симптомының, гиперемияның және флюктуация участкесінің болмауы симптомокомплексі тән:
~~Эндометрит фонында адекватты емге қарамастан 2 аптадан соң дене температурасы 38-39 градус болып қалуда, қалтырау жалғасуда, пульс жиі, температураға сәйкес емес. Шағымы басының ауырсынуына, ішінің төменгі жағындағы ауырсынуға, жатыр нашар жиырылады, ауырсыну жатыр қабырғасы бойымен сезіледі, тексергенде. Босанудан кейінгі қандай қабыну туралы ойлауға болады:
~~Босанған әйелде босанудан кейін 5 тәулікте дене температурасы 38-39 градусқа көтерілген. Шағымдары басының ауыруына, әлсіздікке, пульс 110 рет минутына. Іші жұмсақ, пальпация кезінде сезімтал. РҮ: жатыр мойны қалыптасқан, өзек 1к/с өткізеді. Жатыр консистенциясы жұмсақ, қабырғасы аймағы ауырсынады, лохия іріңді, жағымсыз иіспен. Анализінде: Нв 96 г/л, лейкоциттер 15х1012/л, солға ығысқан, лимфо- и моноцитопения. Босанудан кейінгі инфекцияның қандай формасы туралы болжауға болады
~~Босанған әйел Р., 23 жаста, асқынусыз өткен, бірінші уақытында босанудан кейін 4 тәулікте кешкі дәрігердің қарауында қалтырауға және дене температурасының 39 градусқа көтерілуіне шағымданды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, беті гиперемиялы. Пульс минутына 92 рет. Дене температурасы – 39 градус. Сол жақ сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында көлемі 6х7см инфильтрат бар, пальпация кезінде ауырсынады, терісі гиперемияланған. Сол жақ емізікте беткейлі жарылу. Оң жақ сүт безі ерекшеліксіз. Жатыр түбі қасағадан 4 саусақ жоғары, жатыр ауырсынусыз. Бөліністер қанды-серозды, иіссіз. Сіздің диагнозыңыз.
~~Босанған әйел 32 жаста босанудан кейін 3 тәулікте ішінің төменгі жағындағы ауырсынуға, қалтырауға, басының ауырсынуына, дене температурасының 39 градусқа дейін көтерілуіне шағымданды. Босануда плацентаның жартылай тығыз жабысуына байланысты плацентаны қолмен ажыратып және бала жолдасын шығару жүргізілді. Анамнезінде бір босану және екі жасанды түсік, созылмалы пиелонефрит. Сүт бездері сәл қатайған. Осы науқасқа этиотропты терапияның негізгі бағыты болып табылады:
~~36 жастағы босанушы К. Белсенді босану әрекетімен босану үйіне жеткізілді. ІV жүктілік. 4 босану. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Түскеннен 15 минуттан кейін тірі мерзімді 3950 гр. қыз жынысты туылды. 10 минуттан кейін босанушыда жыныс мүшелерінен қанды бөлінділер пайда болды. Жатыры тығыз, домалақ пішінді, түбі кіндік деңгейінде орналасқан. Қынаптан түсетін кіндік лигатурамен терең тыныс алу және тыныс шығару кезінде қынаптан тартылады және қайтадан бұрыңғы деңгейіне түседі. Жыныс жолдарынан қанды бөлінділер көбейді, қан жоғалту 400 мл құрады, жалғасуда. Сіздің диагнозыңыз:
~~36 жастағы күшті толғақпен және қынаптан ұрық қолы шығып келе жатқан босанушы әйелді босану бөліміне алып келді. Анамнез нәтижелері: алтыншы
жүктілік, І,ІІ,ІІІ – асқынусыз аяқталған. ІV - медаборт , V – жамбаспен келудегі босану. Объективті жағдайы тынышсыз, дене температурасы 37C, пульс 90 соқ/мин. Ісіктер жоқ. ІА 160 см. Жатыр дұрыс емес көлденең пішінді. Жатыр ұрықты толық қамтиды, созылған және төменгі сегментте ауырсынады. Ұрық қозғалмайды. Ұрықтың бөліктері қиын анықталады. Ұрық маңы суы меконимен араласқан, аздап ағады. Ұрықтың жүрек соғысы және қозғалысы анықталмайды. P.V.: сыртқы жыныс мүшелері ісінген және ісінген көк түсті ұрықтың сол қолы шығып тұр. Жатыр мойыны тегістелген, толық ашылған. Иықтары кіші жамбасқа катты кептелген. Сіздің диагнозыңыз:
~~20 жастағы әйел емханадағы акушерге өзін жүкті деп санап тізімге тұруға келді (етеккірдің кешігуі 10 күн). Қараған кезде: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, ауырсынусыз, АҚ 120/80 мм сын бағ.Гинекологиялық тексерген кезде: айнамен қарағанда-жатыр мойны таза, бөлінділер ақ. Жатыры ұлғаймаған, оң жақтан жатыр түтігі ұлғайған, қынап кілегейі көгерген. Кіші жамбас мүшелерін УДЗ дамып жатқан түтіктік жүктілікке ұқсас өзгеріс анықталған. Акушер дәрігерінің дұрыс амалы:
~~Емханаға алғаш жүкті әйел жүктіліктің 35-36 аптасында нәрестенің қозғалу белсенділігінің төмендеуіне шағымданып келді. Нәрестенің жүрек соғысы үнсізделген, ритмді, минутына 136 рет соғу.Бұл жағдайда қолайлы болып ... табылады.
~~38 аптада көп босанушы әйелде ұрық көлденең орналасуы анықталған. Дәрігердің әрекеті:
~~Емханаға гестациялық мерзімі 34 апта жүкті әйел тәулік бойы ұрық қозғалысы сиреуіне шағымданып келді. Гравидограмма анализінде: ЖТБ сызығы 28 аптадан бастап, 50 percentile және 10 percentile сызықтарына параллельді орналасқан. Объективті: ЖТБ – 30 см. ұрық жүрек соғысы анық, ретті 128 соққы/мин. Антенатальді КТГ жасалды: базальды, монотонды ырғақ 100 соққы/мин, кеш вариабельді децелерациялар (80 секундтан 70 соққы/мин жоғары ). Сіздің әрекетіңіз:
~~18.11 күні 2 деңгейлі перзентханаға алғаш жүкті, алғаш босанатын әйел келіп түсті. Соңғы етеккірі 04.02., Жанұялық дәрігерлік амбулаторияға алғаш келуі - 24.06 мерзімі 20 апта. Ұрықтың алғаш қозғалуы 27.06. УДЗ 06.05.- 14
апта, УДЗ 05.08- 28 апта. 18.11 перзентханада УДЗ жүргізілген- ұрық 1, жетілген, басымен келіп тұр, ж/қ +, плацента артқы қабырғада орналасқан жетілудің 3 дәрежесі, кальцинаттармен, су- шамалы мөлшерде. КТГ жүргізілген: 9 балл. Сіздің тактикаңыз, себебін түсіндіріңіз:
~~Пациент Әсел,17 жаста. Етеккірінің 3 апта бойына жоқтығына шағымдарымен емханаға келді, бірнеше күн бойына жүрегі айну, сүт
бездерінің ісінуін байқаған. Айнада қарағанда –, жатыр қынабы мен мойыншығы шырышының көгеріңкілігі. Бөлінділер шырышты, бірқалыпты. Бимануалды тексеру: жатыр қалыптан сәл үлкенірек, ауырсынусыз, мойнақ аймағында «жұмсару». Өсінділер ерекшеліксіз, жиынтықтар еркін (қосалқылар ерекшеліксіз, қабырғалары еркін). Диагнозды негіздеу үшін қосымша тексеру әдістері:
~~Ұрықтың құрсақішілік дамуының кідіру кезіндегі негізгі диагностикалық шараларының тізімі:
~~ Емхана қабылдауында қайтажүкті С. 28 жаста. Етеккір бойынша жүктілік мерзімі – 42 апта, Ұрықтың 1-УДЗ бойынша – 41 апта 1 күн, ұрықтың 2-УДЗ бойынша - 41 апта 4 күн. Ұрық тамырларының допплер УДЗ: ПН 2 дәрежелі. КТГ –реактивті тип. Сіздің амалыңыз:
~~Әйел Б 27 жаста, жүктілігі бойынша есепте тұрады, 36 апта болған. Ж-3, б- 2, алдыңғы баласы антенаталды өліммен аяқталған. Қан тобы1(0), RhD (-). Антидене титрі 1:32. УДЗ-де ҰГА анықталған жоқ. Клиникалық хаттама бойынша...босандыру қажет.
~~Емхана қабылдауында жүкті әйел. Жүктілік мерзімі соңғы еттекірінің бірінші күні бойынша - 39 апта 0 күн, УДЗ бойынша - 41 апта 4 күн. Дәрігердің тактикасы:
~~ Емхана қабылдауында жүкті әйел. Жүктілік мерзімі соңғы еттекірінің бірінші күні бойынша - 39 апта 5 күн, 1 УДЗ бойынша -41 апта 3 күн, 2 УДЗ бойынша -41 апта 1 күн . Сіздің тактикаңыз:
~~ Қайта босанушы әйел, 30 жаста, жетілген жүктілікпен босануда 3сағат. Ұрық жүрек соғысы анық, ретті, 145 рет минутына. Толғағы 5-6 минут сайын 30-35 секундтан жақсы күшімен. P.V. жатыр мойны тегістелген, ашылуы – 4,0см. Қағанақ қабы анықталмайды. Ұрық басы келіп тұр, кіші жамбас кіре берісіне тірелген. Сіздің тактикаңыз:
~~ Қағанақ суымен эмболияны шақыратын қауіп факторлар: көп босанған әйелдер, мекониймен лайланған қағанақ суы, жатыр мойнының жыртылуы, нәрестенің құрсақішілік өлімі, тым күшті тетаниялық толғақ, жылдам немесе ұзаққа созылған босану, амниоцентез, плацентаның жабысып бітісуі, қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы, жатыр жыртылуы, хориоамнионит, макросомия, … .
~~Жүктілік 35 апта. Жеңіл дәрежелі преэклампсия. Ұрықтың болжам салмағы - 2350 г. Жатыр мойнының жетілуі Бишоп бойынша – 7 балл. Допплерометрия бойынша диастолалық қан айналасуы жоқтығы анықталған.
КТГ бойынша 1 сағаттың арасында екі рет – ұрық жағдайының айқын бұзылысы байқалды. Ем фонында тағайындау қажет.
~~ 24 жастағы жүкті К,гравидограмманы ескере отырып, 32 аптасында ұрықтың жатырішілік дамуының артта қалуына күмәнданған соң ультрадыбысты биометрия жасалынып, 3 аптаға артта қалғаны анықталды. Шағымдары жоқ. Объективті: АҚ 120/80 мм.с.б. ,температура 36,6°С. Жатыр қалыпты,палпация кезінде ауырсынусыз. Ұрықтың жүрек соғуы анық, ретті,
144 рет/мин. Анамнезінен анықталды: зиянды әдеттері жоқ, баллалық шағында пиелонефритке қарсы ем алған. «Д» есепте тұрмайды. Зәрді бактериологиялық себу кезінде анықталды E. coli 5х105 КОЕ/мл. Жүктілікті жүргізу кезінде тиімді бағыт… болып табылады.
~~Алғаш босанушы 34 жаста, жүктіліктің 32 аптасы реанимациялық бөлімінде 1 тәулік бойы жатыр. Диагноз: Жүктілік 32 апта. Преэклампсияның ауыр дәрежесі, КТГ 40 мин бойы мониторлеу барысында бірқалыпты төменгі вариабелді ритмде акцелерацияның болмауы. Бишоп бойынша босану жолдары 6 балл. Дәрігердің әрекеті:
+~~Жүкті әйелдерде КВИ-да қандай арнайы зертханалық диагностика жасалатынын анықтаңыз:+
+~~Жүкті әйелдерде күдікті, ықтимал КВИ жағдайларын емдеу үшін қандай дәрі-дәрмектерді қосымша тағайындауға болады?
~~Мерзімі жеткен жүкті К. есімді науқас, 29 жаста, перзентханаға келіп түскенде ауыр преэклампсия диагнозы қойылды. Қандай акушерлік тактика дұрыс болып табылады?:
Достарыңызбен бөлісу: |