Сары жапырақтар жауғанда



бет3/3
Дата06.11.2016
өлшемі0,53 Mb.
#1147
1   2   3

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Білім беру саласы: «Таным» 
Бөлімі:Математика
Тақырыбы:Сан құрамы.
Мақсаты:
Білімділік: 1-10-ға дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 10-ға дейінгі санның құрамы, таңбасын, геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.Сандарды атап арифметикалық есептер шығару.
Дамытушылық: Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Санамақтар айтқызып математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Кеспе сандар, үйлер, қоян, аю, балықтар, сиқырлы қарындаш, перфокарточкалар, фигуралар.
Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап
Іс-әрекет кезеңі
Мотивациялы ынталандыру кезеңі
Ұйымдастырушылық ізденуші
Рефлекциялы түзету кезеңі
1.Тәрбиешінің іс-әрекеті
Амандасу.Көңіл-күйіміз жақсы болу үшін айналамызбен амандасып алайық.
- Армысыз, қайырымды Аспан-ата!
- Армысыз, мейірімді Жер-ана!
- Армысыз,шұғылалы Алтын-күн!
- Қуан, шаттан, алақай!
- Қайырлы таң,қайырлы күн!
- Бәріміз күндей жарқырайық!
- Бәріміз тату болайық!
- Бәріміз дос болайық!
2.Балалар, қазір біз сендермен

«Өз орныңды тап» ойынын ойнаймыз.Сендер сандарды алып, ретімен қатарға тұруларын керек. Әр санның артында әріптер жазылған, қалған балалар қандай сөз жазылғанын оқиды.


- Дұрыс, математика сөзі жазылған екен. Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сәл өзгешелеу болады. Өйткені біз сабағымызды саяхат түрінде өткіземіз.
Бірақ немен, қалай барамыз? Балалар, мен білдім. Маған кеше қайырымды бір қорап жіберіп еді, мен бірақ ашып көрген жоқпын. Мүмкін бізге көмектесетін зат болуы мүмкін. Бұл қорапты ашу үшін ең алдымен сұрақтарға жауап беруіміз керек.Сұрақтар:
1.Жол ұзын ба, қысқа ма?
Қол ұзын ба, қысқы ма?
2. Қасық ұзын ба, қысқа ма?
Асық ұзын ба, қысқа ма?
3. Алма үлкен бе, түйме үлкен бе?
4. Аю үлкен бе, қоян үлкен бе?
5. Шаш ұзын ба, қас ұзын ба?

3.- Жарайсыңдар, балалар, жауабын дұрыс таптыңдар. Енді қораптың аузы ашылатын болды. Балалар қорапта бізді саяхатқа апаратын қарындаш бар екен. Бұл қарындаш жай қарындаш емес, сиқырлы қарындаш. Қане барлығымыз енді саяхатқа шығайық. Барлығымыз көзімізді жұмайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді қоянның үйіне апар. Балалар міне қоянның үйіне келдік.


Қоян:Сәлеметсіңдер ме, балалар, келгендерің қандай жақсы болды. Мен қалашығымыздағы тапсырмаларды орындай алмай отырмын. Сендер маған көмектесіңдерші?
- Жарайды, ондай болса саған біздің балалар көмектеседі.
«Көрші сандарды» жазып, толтыру.
Қоян:Рақмет, балалар!
- Қоян, біздің балалар енді саған тақпақ айтып берсін.
Қоян: Көмектескендеріңе көп-көп рақмет.Сау болыңдар, балалар!

4.- Ал, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді аюдың үйіне қонаққа апар.


Балалар, міне аюдың үйіне келдік.
Аю сәлеметсің бе!
Аю:Сәлеметсіңдер ме,балалар!Қандай жақсы болды сендердің келгендерің.Сендер сандарды білесіңдер ме, есеп шығара аласыңдар ма?Міне мен де санның құрамдары берілген, бірақ мен оларды білмеймін.Ал сендер менің тапсырмаларымды орындайсыңдар ма?
- Міне аю, біздің балалар сенің тапсырмаларыңды орындады.Балалар аю туралы біз тақпақ білеміз бе?
Аю: Рақмет, балалар, маған көмектескендерің үшін мен сендерге тәттілерді тастап кетемін.
Сау болыңдар!

5.Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді көлге апаршы. Балалар, міне көлге келдік. Балалар қараңдаршы, көлде балықтар көп екен. Балық аулап біраз демалайықшы. Балық ұстаған бала балықтағы тапсырманы орындайды.


(+, -) таңбасын қояды.
- Балалар, балық тапсырмаларын жақсы орындадыңдар, енді сергіту сәтін жасап алайық.
6.Балалар демалып алдыңдар ма, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді «Жеңімпаз фигураларға» апар.Міне «Жеңімпаз фигураларға» келдік.Балалар мұнда ешкім жоқ.Жеңімпаз фигуралар шашылып қалыпты,қане бөліктерін тауып құрастырайық.
- Жақсы, балалар дұрыс құрастырдыңдар.

7.- Енді мен бір зат атаймын, сендер сол заттың қандай фигураға ұқсайтынын айтыңдар.


- Күн, кітап, жұмыртқа, шатыр?
- Өте жақсы, балалар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.Енді саяхаттан қайтатын уақыт болды.Сиқырлы қарындаштың көмегімен топқа қайтайық. 1,2,3 сиқырлы қарындаш бізді топқа апар.Міне, балалар топқа келдік
Біз саяхатқа қайда бардық?
Кімдер бізді қарсы алды?

8.- Орындарыңдағы тапсырмаларды орындаңдар.


Перфокарточкамен жұмыс.
9.- Жақсы. Ал, енді санамақ айтайық.
Ал санайық санамақ
Саусақтарға қарап ап,
Қане - қане санайық
1,2,3,4,5 1,2,3,4,5
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Беске - бесті қосқанда
Болады екен он саусақ.

10.- Қорытындылау.


- Жақсы, балалар 1-ден 10-ға дейінгі сандарды жақсы меңгеріпсіңдер. Өте тамаша оқу іс-әрекетіне қатыстыңдар
- Саяхатқа қайда бардық?
- Кімге көмектестік?
Кімге көмек қажет болса, біз әрдайым көмектесуге тырысамыз ғой. Біздің сиқырлы қарындашымыздың сиқырлығы соншалық, басы ашылады екен, ішінде сендерге бүгін жақсы, тәртіпті, білімді екендеріңді көрсеткендерің үшін жұлдызшалар бар екен.
Соны сендерге таратып берейін.

Баланың іс-әрекеті


Балалар қимыл көрсетіп, қайталайды.
Тақтаға 10 бала шығады.Мен бірмін деп,бірінші боп тұрады.т.с.с.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
М а т е м а т и к а
Сұрақтарға жауап береді.
- Жол ұзын.
Қасық ұзын
- Алма үлкен.
- Аю үлкен.
- Шаш ұзын.
Тапсырманы орындайды.
2 3 4 5
5 7
4 6
7 9
6 8
1 3
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
- Сау болыңыз, қоян!
Балалар тапсырманы орындайды.
7
8
9
сандарының құрамын жазады.
7=O+6
7=5+O
7=O+4
8=7+O
8=O+6
8=5+O
9=8+O
9=O+6
9=7+O
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп - теріп алайық
Қалтамызға салайық.
- Сау болыңыз,аю!
1* 1=2
5 * 3=2
4 *4=8
3*3=6
1*5=6
9*8=1
Балалар қимылмен көрсетіп, қайталайды.
Тұп-тұнық жылы суда
Балық жүзіп жүр екен
Біресе керіледі, біресе жиырылады
Біресе құмға тығылады.
Дид-қ ойын. Фигуралардың жартысын табады.
Сұрақтарға жауап береді. «Ұқсасын тап»
ойыны.
- Күн дөңгелек.
- Кітап төртбұрыш.
- Жұмыртқа сопақша.
- Шатыр үшбұрыш.
- Жауап береді.
«Тиісті санды қой»
- Балалар білген санамақтарын айтады.
- Жауап береді.
Бағалау.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық кіріңізге рахмет, осымен сабағымыз аяқталды




Біз мектепке барамыз!

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.


Көрнекілігі: плакаттар, ойынға қажетті суреттер т.б.

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Балаларыңыз даярлық тобын аяқтап, бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр. Қадамдарың құтты болсын, жас бүлдіршіндер! Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер даярлық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін ән күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен өрнектеп өнерлерін ортаға салайық. Біліміміздің артып, сөз байлығының молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік.


Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Нұрасыл: Қуанамыз сыйлаймыз,


Қуаныштың мың гүлін.
Алғашқы топты қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
Мерей: Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз.
Камила:Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Мектепалды тобымен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Жұлдыз: Мектеп қамқор анамыз,
Оқу білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біріншіге барамыз.

Ән: «Бала тілегі» - Шынтас,Нұрғалым


Жұлдыз: Күннің нұры шуақты,
Өтті сәби күндерім.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді.
Фариза: Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып билеткен.
Таныстырған ең алғаш,
Әріптермен, суретпен.
Ұлпан: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығармыз.
Қуантып ата ананы,
Таза сәби жүрекпен,
Айтамыз сізге мың алғыс!

Би: «Қамажай»

Ойын: «Күн шуағы»
Балалар мынау қандай пішін?
Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз.
1. Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Қ.Р. ның бас қаласын ата.
4. Рәміздерді ата.
5. 1-ден 20 –ға дейін тура және кері сана.
6. Көктем мезгілінің айларын ата.
7. «Мектеп» сөзіне сөйлем құра.

Шынтас: Біз балауса баламыз,


Жетілді ой санамыз.
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
Нұрсауле:Жақсы оқушы боламын,
Кілең бестік аламын.
Тәрбиелі, үлгілі,
Қазақстан азаматы боламын.
Нұрғалым: Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған,
Даярлыққа мың алғыс.
Айша: Биыл алты жастамын,
Кітапты оқи бастадым.
Әріптерді танып мен,
Енді жаза да аламын.

Ойын: «иа, жоқ» балалармен


1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Таңертең ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Ата аналармен ойнау:
1. Балаңызға әрқашан тірексіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз ба?
3. Тамағын уақытылы бересіз ба?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

Ән: «Анашым» - /хор/

Нұрғалым: Мынау есеп кітабым,
Мынау әйбат әліппем.
Бәрін жинап сақтадым,
Білімге жол атталым.
Айзере: Биыл күзде мектепке,
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер қаламым.
Нұрай: Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Айым: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген білімнің ең үлкені.

Би: «Чинури» - Айзере.

Ойын: Әріптерден сөз құрау.
А Л Б А, К Е Ә, А А Н, У А А, Н А А Ш

Ойын: Сандарды ретімен орналастыр


3 2 7 5 6 4 9 10 8 1 

Жүргізуші: Қызықтырып өнерге, 


Жетелеймін баланы.
Ұлттық өнер емес пе,
Дамытатын сананы,
Әнші, биші баланы
Адам етіп бағалы
Өнерпаз қып баулысам,
Өнер отын жағады.
Ортаға жас бүлдіршіндерді шақырып, мақтау қағаздарымен марапаттау.

Жүргізуші: Бір ата, бір ананың тірегіміз,


Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! – дей отырып құттықтау сөз ата – аналарға беріледі.

Жүргізуші: Айналайын гүлдерім,


Айым менің күндерім.
Маған қызық тілдерің,
Естен кетпес күндерің.
Сендердікі болашақ,
Өтер балғын жастық шақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар.

«Қ.СӘТБАЕВ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

«БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ!»

(акция)


ТӘРБИЕШІЛЕР: БРАХИМОВА Р.М.

АЯНБАЕВА А.Ж



ЖӘНТІКЕЙ-2014

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет