1. «Ойлы - қырлы жерлермен қалыпты жүгіру».Кросс (ағыл. Cross – кесіп өту, өтіп кету) – ойлы-қырлы жерлерден, табиғи кедергілерден жүгіріп өту. Мұнда жекелей және командалық нәтижелер есепке алынады. Жекелей жарыста ең ұздік нәтиже көрсеткен спортшы, ал командалық жарыста барлық команда мүшелерінің көрсеткен нәтижелерінің қосындысы есепке алынады. Кросс жолына әрбір 125м (140 ядр) кейін жалаушылар қойылады. Халықар. Жарыстарда ерлер үшін – 12 км.(7,5 миль шамасында), жасөспірімдер үшін 8 км (5 миль шамасында), әйелдер үшін 6 км (3 1⁄4 миль шамасында), қыздар үшін 4км (2,5миль шамасында) қашықтық алынады. Кросс ж/атл-ның бұқаралық түрі болып есептелінгендіктен, оған әр командадан қанша болса, сонша спортшылар қатыса береді. Бірақ есепке команданың ең үздік 6 нәтижесі ғана алынады. Қазақстан ауа райының жағдайына байланысты екі өңірден тұрады. Қысы жоқ жылы өңірі де, жылға жуық қары жататын солтүстік өңірі. Қысы жоқ, жылы өңірде шаңғы тебудің орнына дала жарысы өткізіледі. Дала жарысы барлық оқу орындарының дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына кіреді.
Дала жарысы – кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Жаттығушылар, болмаса жарысқа қатысушылар, ағып жатқан бұлақ суынан өтеді, секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады еңіске құлдилайды. Аспалы көпірден өтеді, терең ордан секіреді, т.б. осындай жер бедерінің кедергілері жалғаса береді. Дала жарысының негізгі мақсаты – табиғи жағдайда кездесетін кедергілерден өту. Дала жарысы дегеніміз – табиғи ойлы-қырлы жерлермен жүгіру. Жүгіргенде мыналар есте болу керек: шөбі жоқ тегіс жерлермен жүгіргенде ,өткен сыныптарда айтылған тәсілдермен жүгіру қажет. Қаттыжерде, мысалы, асфальт жолда жүгірумен көп айналысқанда, сирақ еттерінің ауырғаны білінеді. Қатты жолда жүгіру жалпақ табанды балалар үшін қиын. Сол себепті, жүгірудің көп бөлігін онша қатты емес жерде өткізу керек. Бұлшық еттер мен буындарға артық күш түссе, мұның өзі елеулі ауруға себепші болады. Қашықтыққа кездесетін түрлі табиғи кедергілерден өтерде ерекше мұқияттылық қажет. Аяқ жерге сәтсіз тисе, тізе буындарының, тобықтың зақымдануын емес өзге де жарақаттар алып қалуы мүмкін.