М. Б. Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектеп «Көңілді сөре» эстафеталық жарыс Өткізген: Жангалиев М. С. Орал 2016 жыл



бет1/4
Дата08.12.2023
өлшемі58 Kb.
#195951
  1   2   3   4
Байланысты:
«Көңілді сөре» эстафеталық жарысы. 5 сынып (1)
188418

М.Б. Ықсанов атындағы № 36 орта жалпы білім беретін мектеп


«Көңілді сөре»
эстафеталық жарыс

Өткізген: Жангалиев М. С.


Орал 2016 жыл
«Көңілді сөре» эстафеталық жарысы


Жарыстың мақсаты:
- Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, достыққа, ұжымшылдыққа
баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру.
- Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
- Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ақыл – ойын дамыту.


Өтілетін орны: Спорт зал
Өтілетін уақыты: 8 желтоқсан. Сағат: 11 : 00


Қажетті құралдар: кедергілер, доп, ысқырық, қапшық, инағаш, гимнастикалық төсеніш, секіртпе доптар, теннис добы, шарлар, боулинг добы және фишкалар


Ережесі:
І. Команда құрамы: әр сыныптан 4 қыз, 4 бала қатысып бір команда құрайды.


ІІ. Жарысқа қатысушылар және өткізілу тәртібі: әр командада спорттық формасы, ұраны және эмблемасы болуы тиіс.


ІІІ. Жарысты бағалау. Әрбір ойын 5 балдық жүйемен бағаланады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.


ІV. Марапаттау. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежелі дипломмен марапатталады.


Спорттық жарыстың өтілу барысы:
Сәлематсыздар ма, Құрметті, ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздер 5 – сыныптар арасында өтетін «Көңілді сөре» эстафеталық жарысын тамашалауға жиналып отырсыздар. Жарысымызды бастамас бұрын, баршаңызды «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен» шын жүректен құттықтай отыра, «аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деген тілек білдіреміз. Сонымен қатар сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!
Шәкірттер отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі.
«Спорт» десе таза біздің арымыз.
Сайысатын шәкірттерді бүгінгі,
Қарсы алайық, қошеметпен бәріміз!
Ендеше сіздердің қошеметтеріңізбен жарысқа қатысқалы отырған топтарымызды ортаға шақырайық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет