М. Б. Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектеп «Көңілді сөре» эстафеталық жарыс Өткізген: Жангалиев М. С. Орал 2016 жыл



бет3/4
Дата08.12.2023
өлшемі58 Kb.
#195951
1   2   3   4
Байланысты:
«Көңілді сөре» эстафеталық жарысы. 5 сынып (1)
188418
ІІІ тур. Кім шапшаң?!
Бұл кезеңде топ мүшелері шығыршықтан өту арқылы гимнастикалық төсеніштен алға айналады да, допты ала кедергілер арасымен жүгіріп, алдарына берілген бірінші шығыршыққа допты салады. Келесі ойыншы допты ала жүгіреді де, екінші шығыршыққа доптарды ауыстыра қойып, мәреге жүгіріп келеді. Келесі ойыншы осылай жалғастырады. Сайысты бірінші болып аяқтаған командаға 5 ұпай, екінші келген командаға 4 ұпай, және үшінші болып аяқтаған командаға 3 ұпай беріледі.


ІV тур. Нысананы көздеу
Бұл жарыста құбыр арасымен еңкейе жүгіріп өтіп, жарда орналасқан шарларды жарып, мәреге жүгіріп қайтуы керек. Бірінші болып мәреге жеткен командаға 5 ұпай, екінші келген командаға 4 ұпай, үшінші болып аяқтаған командаға 3 ұпай беріледі. Жарылған әр шарға 1 ұпайдан беріледі.


V тур. Боулинг
Бұл кезеңде команда мүшелері секіртпе доппен кедергілер арасымен секіріп барады да, алдарында орналасқан кедергінің астымен қолмен тірей, етпетінен жата өтіп, боулинг добымен фишкаларды құлатуы керек. Және мәреге кедергінің астымен өте, секіртпе доппен кедергілермен секіріп қайтады. Келесі ойыншы жалғастырады. Бірінші болып мәреге жеткен командаға 5 ұпай беріледі. Сонымен қатар, құлатылған әр боулинг фишкасына 1 ұпайдан беріледі.


VІ тур. Біз тәуелсізбіз
Жарысымыздың бұл кезеңінде топ мүшелері алдарына берілген шығыршықты белдеріне дейін көтере кедергілер арасымен жүгіріп барып, жарда ілініп тұрған плакатқа «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына» байланысты әр команда «Тәуелсіздік» сөзін естігенде, не ұғынасыз немесе «Тәуелсіз ел - Қазақстан» тақырыбына әр команда мүшелері біріге топ болып, ой – қиялдарындағы бейнелерді суреттейді де, мәреге келеді. Бірінші болып сайысты аяқтаған командаға 5 ұпай, екінші болып аяқтаған командаға 4 ұпай, мәреге үшінші болып келген командаға 3 ұпай беріледі.


ІІІ бөлім. Қортындылау
Осымен жарысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кезекте қорытынды бөлім. Жеңімпаздарды анықтау мақсатында сөз кезегін әділ – қазылар алқасына берейік.
Бүгінгі 5 – сыныптар арасында өткізілген «Көңілді сөре» эстафеталық жарысымыз аяқталды. Жарысқа қатысушы топтарға жеңістеріңіз құтты болсын дей келе, алғысымызды білдіреміз.
Бір тілек айтарымыз!
Берекелі заман болсын,
Еліміз аман болсын!
Жұртымыз тыныш болсын!
Жиырма бірінші ғасырда ,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Шәкірттеріміз аман болсын!
Сонымен қатар баршаңызда спортпен шұғылданыңыздар, әрқашанда биіктерден көріне берулеріңізге тілектеспіз. Келесі көріскенше сау - сәлематта болыңыздар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет