Тақырыбы: «Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз!» Мақсаты: білімділік: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрін үйренуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, талғампаздыққа, әсемдікке баулу. Әдісі: қызығушылықты ояту, баяндау, сұрақ-жауап. Көрнекілік: интерактивті тақта, мақал-мәтел, ұлттық бұйымдар. Барысы. І. Ұйымдастыру бөлімі. 1-жүргізуші: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр, аңыз.
Қызық дулы мереке,
Қызық думан құрамы!
Күн әкелген жыл көрім,
Күллі дүние жайдары.
Желкілдеген гүлдерін,
Жер – анамыз жайнайды.
2-жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы, мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
1-жүргізуші: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Той шашуға тойыңдар,
Бұдан кейін ойын бар.
(Шашу шашылады)
2-жүргізуші: Наурыз тойың, наурыз тойың.
Құтты болсын халайық!
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық,
-дей келе келесі кезекті әнге береміз.
1-жүргізуші: Жылқы жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын, ырыс құт,
Болсын елде тыныштық,
- дей келе ортаға Наурыз қызды шақырамыз.
(Ортаға Наурыз қыз келеді).
Көркемсөз.
2-жүргізуші: Достар, бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді?
Тапсырмалар:
1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?
Ж: Ананың сүті тәтті.
Ананың қолы жұмсақ.
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
2. Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіңдер?
Ж: Малды теппе,
Аяқты төкпе.
Отты шашпа,
Күлді баспа.
Бүйіріңді таянба,
Жағыңды таянба.
Бос бесікті тербетпе,
Бесікті ашық қалдырма.
3. Жеті атаңды ата.
Ж: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
4. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
Ж: Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, т.б.
5. Наурыз көже қалай жасалады?
Ж: Наурыз көже жеті түрлі тағам қосу арқылы жасалады.
6. Ұлттық ойындарды ата.
Ж: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, т.б.
7. Жеті қазынаны ата.
Ж: Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.
8. Үш алысты ата.
Ж: Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.
1-жүргізуші: Құтты болсын Наурыз той!
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түні теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Би: Өзбек биі.
2-жүргізуші: Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел наурызды тойлайды.
-дей келе «Мақал – сөз атасы» аты мақал – мәтел саысына ата-аналарымызды шақырамыз.
1. Қар жана ма?
(Қалауын тапса қар жанар)
2. Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)
3. Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дер)
4. Қой мен қасқыр ойлана ма?
(Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)
5. Қарғыстың ең жаманы не?
(Өзің білме, білгеннің тілін алма)
6. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр.
(Көз қорқақ, қол батыр)
7. Етікті қонышынан басып киюге бола ма?
(Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас)
8. Үлкен көз, үлкен сөз бол ма?
(Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен)
9. Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді)
10. Кімнен кім жаман?
(Олақтан салақ жаман)
2-жүргізуші: Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз-мәйрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
Көркемсөз.
1-жүргізуші: Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,
Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін.
Ұлыстан соң күтіп тұр, Ұлы күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің!
Ән.
2-жүргізуші: Күн мен айға әлемнің,
Бердің ыстық сәлемін.
Қарттарыма сүйеніп,
Сәлем бердік иіліп,
Орындалды ойларың,
Құтты болсын бүгінгі,
Наурыз атты тойларың,
-деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.
Бата беру.